ВС РК - Постановление от 21.10.2024 по делу 6001-24-00-3Г/5484 (Гражданское)

6001-24-00-3Г/5484

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 21 қазан Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ғ.Ж.Мырзаке,

талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитеті Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан əрі – Мекеме, Салық органы) жауапкерлер «Димаш» атауымен əрекет етуші дара кəсіпкер Б.Т.Нурлыбаевқа (бұдан əрі – ДК «Димаш»), дара кəсіпкер Т.М.Умирзаковқа (бұдан əрі – ДК Умирзаков), «AliBestLevel» атауымен əрекет етуші дара кəсіпкері Ә.Ә.Сүлейменоваға (бұдан əрі – ДК «AliBestLevel»), «Строй модульАстана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан əрі - ЖШС):

-ЖШС мен ДК «Димаш» арасындағы 2021 жылғы 28 мамырдағы №3 шартты (бұдан əрі - №1 Шарт) жəне 2022 жылғы 3 тамыздағы шартты (бұдан əрі

  • №2 Шарттар) жарамсыз деп тану;

-ЖШС мен ДК Умирзаков арасындағы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі шартты (бұдан əрі - №3 Шарт) жарамсыз деп тану;

-ЖШС мен ДК «AliBestLevel» арасындағы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі шартты (бұдан əрі - №4 Шарт) жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 2 мамырдағы қаулысына Мекеменің келтірген өтінішхатын істі сұрату арқылы алдын ала қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Мекеме жоғарыда көрсеткен талап қоюмен сотқа жүгінген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 8 ақпандағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған. Даулы Шарттар жарамсыз деп танылған. Сот шығыстары өндірілген.

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 2 мамырдағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімнің күші жойылып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылған.

Мекеме өтінішхатта апелляциялық сатыдағы сотпен істі қарау барысында материалдық жəне процестік құқық нормаларының бұзылуына байланысты даулы сот актінің күшін жойып, сот шешімін күшінде қалдыруды сұраған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан əрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сəйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға əкеп соққан, материалдық жəне процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тəртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Алайда, мұндай заң бұзушылықтарға арызданушының пікірінше іс бойынша жол берілген.

Іс материалдарымен анықталғандай, ДК «Димаш» 2020 жылғы 20 қарашада салық органда тіркелген. Негізгі қызмет түрі: өзге де құрылыс-монтаж жұмыстары.

ДК Умирзаков 2022 жылғы 11 шілдеде Салық органда тіркелген. Негізгі қызмет түрі: басқа топтамаларға енгізілмеген қосалқы коммерциялық қызметтер жөніндегі өзге қызметтерді ұсыну.

ДК «AliBestLevel» 2022 жылғы 24 тамызда Салық органда тіркелген. Негізгі қызмет түрі: өзге жиһаздарды жасау.

Серіктестік уəкілетті органда заңды тұлға болып тіркелген.

Сотпен анықталғандай, ЖШС (тапсырыс беруші) жəне ДК «Димаш» (Орындаушы) арасында көлікпен жүк тасымалдауға қызмет көрсетілгендігі жөнінде 2 300 000 теңгеге 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №ESF-80011330289020210928-2528534235172246 электронды шот-фактура (бұдан əрі – ЭШФ) толтырылған. ЭШФ мəміле №1 Шарттың негізінде жасалған.

ЖШС (қабылдаушы) жəне ДК «Димаш» (жеткізуші) арасында барлығы 25 000 000 теңгеге тасымалдау қызметі көрсетілгендігі жөнінде 2023 жылғы 19 желтоқсанда №ESF-800113302890-20231219-27082671 (бұрыңғы 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №ESF-800113302890-20221205-07158262, 2023 жылғы 14 қарашадағы №ESF-800113302890-20231114-82822453), 2023 жылғы 19 желтоқсанда №ESF-800113302890-20231219-55637623 (бұрыңғы 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №ESF-800113302890-20221230-60382142, 2023 жылғы 14 қарашадағы №ESF-800113302890-20231114-65252412) ЭШФ-лар толтырылған. ЭШФ мəмілелер № 2 Шарттың негізінде жасалған.

ЖШС (қабылдаушы) жəне ДК Умирзаков (жеткізуші) арасында барлығы 33 000 000 теңгеге құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілгенді жөнінде 2022 жылғы 29 қарашада №ESF-860825302832-20221129-89725093, 2022 жылғы 7 желтоқсанда №ESF-860825302832-20221207-94876041 ЭШФ толтырылған. ЭШФ мəмілелер келісім шарттарсыз жасалғаны көрсетілген.

Жауапкерлер мəміле № 3 Шарттың негізінде жасалғандығын көрсеткен.

ЖШС (қабылдаушы) мен ДК «AliBestLevel» (жеткізуші) арасында барлығы 2 950 000 теңгеге жиһаз дайындалғандығы жөнінде 2022 жылғы 6 желтоқсанда №ESF-900717402089-20221206-09676032, 2023 жылғы 31 наурызда №ESF900717402089-20230131-05934423 ЭШФ-лар толтырылған, ЭШФ мəмілелер шартсыз жасалғаны көрсетілген.

Жауапкерлер даулы мəмілелер жиһаз дайындау №4 Шартының негізінде жасалғандығын көрсеткен.

Салық органы қаржылық-шаруашылық көрсеткіштеріне талдау жұмыстары нəтижесінде ДК «Димаш», ДК Умирзаков, ДК «AliBestLevel» активтерінің, автокөлік құралдарының, жер, мүлік, тауар сақтайтын қоймаларының, салық жүктемесінің төмендігі қандай да бір қызмет көрсетуінің, тауар сатуының мүмкіндігінің болмауын, жауапкерлердің арасында ешқандай қызметтер көрсетілмегендігін, тауарлар сатылмағандығын көрсетіп, аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандыруын даулы Шарттар бухгалтерлік құжаттары толық ұсынбағанымен, формальды құжат айналымы, салық міндеттемелерін азайту жəне бюджетке салық төлеуден жалтару мақсатында жасалған деген тұжырымдарымен негіздеген.

Апелляцилялық сот алқасы сот шешімімен келіспей, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы қорытындысын даулы Шарттар бойынша жауапкерлер барлық тиісті жұмыстар іс жүзінде атқарылғанымен, белгіленген жұмыстарды жүзеге асырғанымен жəне қажетті техникалар жалдағаны, тиісті төлемдерді төлеп отырғанымен негіздеген

Сонымен қатар апелляциялық сот алқасының тұжырымдарын өтінішхат иесі заңсыз деп есетпейді.

Атап айтқанда, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында баяндалған сот түйіндері істің мəн-жайларына сəйкес келмейді. Әсті дұрыс шешу үшін маңызы бар мəн-жайлардың шеңберін сотпен дұрыс анықталмаған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің (бұдан əрі - АК) 147, 148баптарында азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған əрекеттері мəмілелер деп танылатыны көрсетілген.

Бұл ретте мəмілелердің өздері қаржы-шаруашылық операциялардың шынайылығының даусыз дəлелі бола алмайды, ол тек шарт тараптарының азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу үшін келісімге келгенін ғана көрсетеді.

«Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 19-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында салықтардың бюджетке түсуінің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында салық органдары соттарға мəмілелерді жарамсыз деп тану талаптарды қоюға құқылы екендігі қарастырылған.

ЖШС (тапсырыс беруші) мен ДК «Димаш» (орындаушы) арасында көлікпен жүк тасымалдауға № 1 Шарт бойынша №ESF-800113302890-202109282528534235172246, ЭШФ жазылған күні 2021 жылғы 28 қыркүйекте кеш жазылған.

ДК «Димаш» ЖШС-не ГПС жеткізіп беру үшін № 1 Шартқа отырған. Көлік құралын жеке тұлға С.А. Ескараевтан 2021 жылғы шілдеде жалға алған, яғни, ДК «Димаштың» атында көлік құралы болмай тұрып, немесе көлік құралын жалға алмай тұрып, ЖШС мен ДК «Димаш» шартқа отырғанын көруге болады.

ДК «Димаш» меншігінде уəкілетті органның мəліметіне сəйкес көлік құралы тіркелмеген. Алайда, ЖШС (тапсырыс беруші) жəне ДК «Димаш» (орындаушы) арасындағы №1 Шартты орындау мақсатында ДК «Димаш» С.А.Ескараевпен «ЗиЛ» үлгісіндегі, мемлекеттік тіркеу номері 584FXA 11, ЖШС-нің Қазалы қаласындағы өндірістік аумағынан Арал қаласына қиыршық құм тасын тасымалдауға автокөлігін жалға алу шартқа отырғандығы туралы мəлімдеген, бірақ шарттың түпнұскасын сотқа ұсынбаған.

Сонымен қатар, ДК «Димаш» жеке тұлға С.А.Ескараевқа тиісті қаржыларын төлеген, 2021 жылғы 9 маусымдағы жəне 9,16,20,26,30 шілдедегі

шығыс кассалық ордерлерімен жəне өзге де бухгалтерлік құжаттар бойынша делінген. Жеке тұлға С.Ескараевтың ГПС-ты кімнен алғаны белгісіз тауарды алған жағы шығу тегі жоқ, дара кəсіпкер өндіруші болып табылмайды жəне ұсынылған жол парағында тек көліктің мемлекеттік нөмірі, жүкті қай жерден алып қай жерге (Қазалыдан-Аралға) апарғандығы туралы ғана жазылған, басқа мəліметтері толтырылмаған (жүктің атауы, уақыты, ара қашықтығы км, жолға кеткен майы ГСМ, т.б). ЭШФ мəліметіне сəйкес орындалған жұмыстарды дəлелдейтін төлем тапсырмалары жəне 2-ші деңгейлі банктен үзінді көшірмелері ұсынылмай, дəлелденбеді.

ЖШС мен ДК «Димаш» арасындағы №2 Шарттың негізінде жасалған мəмілелер бойынша ЭШФ-да тауар саны 4-ке өзгертілгенімен ЭШФ-ны ай сайын жазбай 4 айға бір ЭШФ мен 20 000 000 тенге жазылған, ал даулы шарттың 4- тармағында жалға алу шарты бір айға 5 000 000 тенге деп көрсетілген, яғни шарттың талаптары сақталмаған.

Сонымен қатар, шартта көрсетілгендей 1 айға жалдау құны 5 млн. теңге, ЭШФ жазылған кезең.2022 жылғы 5 желтоқсандағы ЖШС №1345 төлем тапсырмасы бойынша 2022 жылғы 29 желтоқсанда ДК «Димашқа» 5 млн. теңге төлеген. Ал салыстырмалы актіде 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №1415-ші төлем тапсырмасы көрсетілген, яғни сəйкес келмейді. Сол сияқты салыстырмалы актіде 2022 жылғы 29 шілдеде №582 төлем тапсырмасы көрсетілген, ал ұсынғаны 2022 жылғы 29 шілдедегі №606 төлем тапсырмасы бойынша 14,5 млн теңге төленген, төлем тапсырмаларының номерлері сəйкес емес.

ЖШС эəне ДК «Умирзаков» арасында барлығы 33 000 000 теңгеге құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілгені жөнінде 2022 жылғы 29 қарашада №ESF-860825302832-20221129-89725093 жəне 2022 жылғы 7 желтоқсанда №ESF-860825302832-20221207-94876041 ЭШФ-лар толтырылған. ЭШФ-ларда мəмілелері келісім-шарттарсыз жасалғаны көрсетілген.

ЭШФ ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын жəне оның нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сəуірдегі №370 бұйрығының талаптары бұзылғандығы көруге болады. ДК «Умирзаков» пен ЖШС Қазалы ауданы Әйтеке Би кентіне, Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіне, Қарауылтөбе ауылдық округтеріне балалар алаңдарын салу мақсатында мердігерлік №3 Шарт негізінде жасалған деп көрсеткен. ДК «Умирзаков» жеке тұлғалар Ж.Жинакбаевпен, А.Сералиевпен, А.Мырзашкемен, Г.Ауезовпен, С.Әуезовпен 2022 жылғы 1 қыркүйекте қызмет көрсету шарттарын жасап, соңғылар аталған ойын алаңдарын орнатып, безендіру жұмыстарын жүргізген. Жұмыс жасалған кезеңге 2022 жылдың 2- жартыжылдығы үшін 1 жалдамалы жұмысшы көрсеткен, талап арыз берілгеннен кейін ғана 2023 жылғы 8 қарашада аталған бес жалдамалы жұмысшыны 910.00 нысанды салықтық декларациясымен келісім-шартқа отырған айдан бастап қыркүйек, қазан айларына көрсетіп, қосымша салық есептілігін табыс еткен, ал жұмыс жасалған уақыт 2022 жылдың қараша-желтоқсан деп көрсеткен.

2022 жылғы 29 сəуірде ДК «Умирзаков» «Alast» ЖШС шартпен 6 703 000

теңгеге 3 000 шаршы метр жасанды шөп жəне клей алғандығын көрсеткен. Алайда, Аналитикалық конструктор есебінің бағдарламасының мəліметіне сəйкес сатып алу жағында ЭШФ жазылмағаны анықталды, тауар шығу тегі жоқ.

ЖШС мен ДК «AliBestLevel» арасында барлығы 2 950 000 теңгеге жиһаз дайындау жөнінде 2022 жылғы 6 желтоқсанда №ESF-900717402089-2022120609676032 жəне 2023 жылғы 31 наурызда №ESF-900717402089-2023013105934423 ЭШФ-лар толтырылып, ЭШФ мəмілелері шартсыз жасалған.

Яғни, ЭШФ ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын жəне оның нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сəуірдегі №370 бұйрығының талаптары бұзылғандығы көруге болады.

Талап қою берілгеннен кейін ғана 2023 жылғы 7 қарашада 15 жалдамалы жұмысшыны көрсетіп, қосымша салық есептілігін табыс етіп отыр. Алайда, қосымша салық есептілігінде көрсетілген жұмысшылар бойынша қосымша шарттары ұсынылмаған.

Сондай-ақ, ДК «AliBestLevel» тарапынан жиһазды тұтынушы ЖШС-не жалдау ақысы туралы құжат тапсырылғанымен, жиһазды қалай жеткізгені туралы растайтын қандай да бір құжаттар жəне жиһаз жасау үшін қажет тауарларды қайдан жəне кімнен алғаны, яғни шығу тегі ұсынылмаған.

Арыз берушінің жоғарыда аталған жəне өтінішхатта көрсеткен басқа уəждері кассациялық сот алқасының отырысында тексерілуге жатады.

АПК-нің 444-бабының 1-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, судья

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 2 мамырдағы қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына қарау үшін берілсін.

Қаулының көшірмесі іске қатысатын тұлғаларға жолдансын.

Судья Ғ.Ж.Мырзаке

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.