ВС РК - Постановление от 08.11.2021 по делу 6001-21-00-3Г/5392 (Гражданское)

6001-21-00-3Г/5392 6001-21-00-3Г/5392(2) 6001-21-00-3Г/5392(3)

ҚАУЛЫ

2021 жылғы 8 қараша Нұр - Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ғ.Ж. Мырзаке талап қоюшы «А[...]» шаруа қожалығының басшысы Х[...] (бұдан әрі - «А[...]» ШҚ) жауапкерлер «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-не, «Сырым ауданы әкімінің аппараты» ММ-не, Сырым ауданының жер комиссиясына (бұдан әрі – Ж[...] комиссия), Сырым ауданының әкіміне, жеке кәсіпкері А[...], «Ғ[...]» ШҚ-ның басшысы Ғ[...] (бұдан әрі - «Ғ[...]» ШҚ):

-«Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-мен жеке кәсіпкер А[...] арасындағы жасалған 2020 жылғы 15 қазандағы №65 жалға алу шартын (бұдан әрі - №65Шарт);

-«Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-мен «Ғ[...]» ШҚ арасындағы 2020 жылғы 15 қазандағы №89 жалға алу шартын (бұдан әрі - №89 Шарт) жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 22 шілдедегі қаулысына келтірген «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің, жеке кәсіпкер А[...], «Ғ[...]» ШҚ-ның өтінішхаттарын істі сұрату арқылы алдын ала қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

«А[...]» ШҚ сотқа жоғарыда көрсетілген талап қою арызымен жүгінген. Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 22 сәуірдегі шешімімен талап қою арыз қанағаттандырусыз қалдырылған.

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 22 шілдедегі қаулысымен сот шешімінің күші жойылып, іс бойынша талап қою арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданып, даулы Шарттар жарамсыз деп танылған.

Арызданушылар өтінішхаттарында істі қарау барысында материалдық және процесстік құқық нормаларының бұзылуына байланысты апелляциялық қаулының күшін жойып, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыруды сұраған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Алайда, мұндай заң бұзушылықтарға арызданушылардың пікірінше іс бойынша жол берілген.

Іс материалдарынан анықталғандай, Ж[...] комиссиясының 2020 жылғы 12 қазандағы № 3 хаттамалық шешімімен № 1 Лот бойынша Алғабас ауылдық округі, жер көлемі 450 га, қатысушы жеке кәсіпкер А[...] жеңімпаз деп танылған.

Сырым ауданы әкімдігімен 2020 жылғы 15 қазандағы № 144 қаулысы шығарылып, «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-мен жеке кәсіпкер А[...] арасында 2020 жылғы 15 қазанда жалға алу туралы №65 Шарты жасалған.

Сырым ауданы жер комиссиясының 2020 жылғы 19 қазандағы №3 хаттамалық шешімімен № 27 Лот бойынша – Талдыбұлақ ауылдық округі, жер көлемі 900 га, қатысушы «Ғ[...]» ШҚ жеңімпаз деп танылған. Сырым ауданы әкімдігімен 2020 жылғы 15 қазанда № 148 қаулысы шығарылып, «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-мен «Ғ[...]» ШҚ арасында 2020 жылғы 15 қазанда жалға алу туралы №89 Шарты жасалған.

Талап қоюшы даулы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызымен жүгініп, жауапкерлер Қазақстан Республикасы Ж[...] кодексінің 43-1 бабын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 24-тармағының талаптары өрескел бұзылғанын көресеткен.

Бірінші сатыдағы сот, талап қою арызды қанағаттандырусыз қалдыру туралы тұжырымын жер учаскелері бойынша комиссия өз құқығы шеңберінде шешім қабылдағанын және заңнаманның талаптары бұзылмағанымен негіздеген.

Апелляциялық алқа талап қою арызды қанағаттандыру туралы шешімін конкурс бойынша өрескел заң бұзушылыққа жол берілгенімен негіздеген.

Бұл тұжырымдарын өтінішхат иелері келесі негіздермен заңсыз деп есептейді.

Атап айтқанда, «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-сі Қазақстан Республикасы Ж[...] кодексінің 43-бабына сәйкес Ж[...] комиссиясының жұмысшы органы болып табылады. Жұмысшы органының міндетіне конкурсқа қатысушылардың конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін қабылдау, тіркеу комиссия шешімін хаттамалық рәсімдеу жатады.

Ж[...] пайдалану құқығын беру Ж[...] комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысушы Ж[...] комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен айқындалады, егер мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе шешім қабылданды деп саналады.

Алғабас ауылдық округінен шығарылған 450 га егістік жерге 4 өтінім түскен: жеке кәсіпкер А[...], Е.Салимов, Б[...], «А[...]» ШҚ.

Қағидаларға сәйкес түскен конкурстық ұсыныстарды Ж[...] комиссиясы қарап, жалпы салынатын болжамды инвестициялық салым көлемі 49 500 000 теңгеден жоғары болуына байланысты үміткерлердің баллдары тең жеке кәсіпкер А[...] конкурстық ұсынысында салынатын инвестициялық салым көлемі 54 000 000 теңге, «А[...]» ШҚ-нікі - 227 500 000 теңге.

Ереженің 24-бабына сәйкес екі және одан да көп конкурстық ұсыныстардың тартылатын инвестицияның ұсынылған көлемі бойынша баллдары тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады.

Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған қатысушы жеңімпаз болып танылады. Ж[...] комиссиясы мүшелерінің ашық дауыс беру қорытындысымен жеке кәсіпкер А[...] жеңімпаз болып танылған.

Талдыбұлақ ауылдық округінен шығарылған 900 га егістік жерге 5 өтінім түскен, олар «Б[...]» ШҚ С[...], Б[...], «А[...]» ШҚ, «Ғ[...]» ШҚ, «Қ[...]» ШҚ.

Комиссия барлық түскен конкурстық ұсыныстарды қарап «Б[...]» ШҚ-ның басшысы С[...] конкурстық ұсынысында салынатын инвестициялық салым көлемі 37 000 000 теңге, Б[...] - 12 000 000 теңге, «А[...]» ШҚ - 227,5 млн. теңге, «Ғ[...]» ШҚ - 155 000 000 теңге және «Қ[...]» ШҚ - У[...] конкурстық ұсынысында 30 000 000 теңге инвестициялық салым көрсетілген. Ережеге сәйкес, ең жоғары балл алу үшін болжамды инвестициялық салым көлемі 99,0 млн. теңгеден жоғары болуы керек. Сәйкесінше, конкурстық ұсыныс берген «А[...]» ШҚ және «Ғ[...]» ШҚ конкурстық ұсыныстары ашық дауыс беруге ұсынылған. Ж[...] комиссиясы мүшелерінің ашық дауыс беру қорытындысымен «Ғ[...]» ШҚ жеңімпаз болып танылған.

Талап қоюшының Ж[...] комиссиясының әрекетіне және хаттамалық шешіммен келіспеуіне байланысты бекітілген талаптарға сәйкес аудио-бейнежазбалармен көшірмелері талапкер өкілінің қолына ұсынылған.

Бірінші сатыдағы сот іс материалдарын зерттеу барысында аудио-бейне жазбамен танысып, комиссия мүшелері мен төрағасының айтқан сөздері және отырыстың қалай өткенін мұқият қарап шығып сот отырысына қатысушылардың назарына жеткізген.

Қағиданың 22-тармағына сәйкес жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, конкурстық ұсыныста көсетілген бизнесжоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалайды, салыстырады.

Қағиданың 23-тармағында баллдар міндеттемелердің мынадай өлшемшарттары бойынша берілген: 1) бір гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі туралы, мың. теңге: 1) суарылмайтын егістікке: 50-ге дейін - 1 балл; 50-ден 70-ке дейін - 5 балл; 70-тен 90-ға дейін - 10 балл; 90-нан 110-ға дейін - 15 балл; 110-нан жоғары - 20 балл; 2) суарылатын егістікке (суарылатын жерлер): 200-ге дейін - 1 балл; 200-ден 300-ге дейін - 5 балл; 300-ден 400-ге дейін - 10 балл; 400-ден 500- ге дейін - 15 балл; 500-ден жоғары - 20 балл. 5 3) жайылымдық және шабындық алқаптарға: 5-ке дейін - 1 балл; 5-тен 10-ға дейін - 5 балл; 10-нан 20-ға дейін - 10 балл; 20-дан 30-ға дейін - 15 балл; 30-дан жоғары - 20 ба деп көрсетілген.

Демек, Ж[...] кодексі және Қағидада ұпай туралы, сол ұпайға сәйкес балл беру туралы ешқандай норма көзделмеген.

Ж[...] комиссия өзінің жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарын басшылыққа алып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер «А[...]» ШҚ қашық орналасқан және Ж[...] комиссиясы оның мүмкіншілігін бағалай отырып, бүгінгі таңда шаруашылықтың иелігінде 1500 га жуық жер бар екенін ескеріп Алғабас ауылдық округінен шығарылған 450 га егістік жерді жеке кәсіпкер А[...], Талдыбұлақ ауылдық округінен «Ғ[...]» ШҚ-ға 900 га егістік жерді 10 жыл жалға жер пайдалану құқығын ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдаған.

«Ғ[...]» ШҚ және жеке кәсіпкер А[...] конкурсқа занды түрде қатысқан. Конкурсқа қатысу үшін Қағидаларда қарастырылған барлық талаптарға сәйкес келетін құжаттар тапсырған.

Сонымен қатар, «Ғ[...]» ШҚ конкурс комиссиясының шешімі негізінде жер учаскесі берілген күннен бастап жер учаскесін нысаналы мақсатта пайдалануға көзделген іс-шараларды орындап келеді. Ж[...] учаскесінің шекарасы бекітілген, «Ғ[...]» ШҚ жеке қаражаттарына асыл тұқымды мал және ауыл шаруашылығы техникасын (тракторлар) сатып алған. Аталған жер учаскесі нысаналы мақсаты бойынша толықтай пайдаланылып отыр.

Арыз берушілердің жоғарыда аталған және өтінішхатта көрсеткен басқа уәждері сот отырысында тексерілуге жатады.

АПК-нің 444-бабының 1-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, судья

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 22 шілдедегі қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар іспен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына қарау үшін берілсін.

Қаулының көшірмесі іске қатысатын тұлғаларға жолдансын.

Судья Ғ.Ж.Мырзаке

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.