ВС РК - Постановление от 24.12.2024 по делу 6001-24-00-3гп/490 (Гражданское)

6001-24-00-3гп/490

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 24-желтоқсан Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында: төрағалық етуші - судья Б.Р.Ералиеваның, судьялар М.Т.Балкеннің, Е.Ж. Айтжановтың, прокурор Н.А.Молдахановтың, талап қоюшының өкілдері - М.А.Джургенбаеваның, М.Н.Нұғманованың,

жауапкерлер:

«Торговая компания - Asset» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - ЖШС) өкілі Р.Н.Тасыбаевтың,

«BTS Digital Ventures Limited» жеке компаниясының (бұдан әрі - ЖК) өкілі Д.С.Рахымгожиннің,

«АСЭП» ЖШС-нің өкілі А.А.Чудиловскийдің, «Торговый Дом Эколос» ЖШС-нің өкілі З.С.Бейсенованың қатысуларымен,

ашық сот отырысында мобильді бейнебайланыс құрылғысы арқылы талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитеті Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма, мекеме) жауапкерлер «Торговая компания-Asset» ЖШС-не, «BTS Digital Ventures Limited» ЖК-на, «АСЭП» ЖШС-не, «Торговый Дом Эколос» ЖШС-не мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 31қаңтардағы шешіміне, Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 10-сәуірдегі қаулысына Мекеменің келтірген өтінішхаты бойынша азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы :

Басқарма жоғарыда көрсеткен талап қоюмен сотқа жүгінген. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 31-қаңтардағы ұйғарымымен талап қоюдың «Торговая компания-Asset» ЖШС мен «Оператор РОП» ЖШС араларында жасалған мәмілені жарамсыз деп тануды сұраған бөлігі қараусыз қалдырылған.

Осы соттың 2024 жылғы 31-қаңтардағы шешімімен талап қою қанағаттандырудан бас тартылған.

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 10-сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Өтінішхатта арызданушы іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, жергілікті соттардың материалдық және процестік құқық нормаларын бұзуға жол бергенін көрсетіп, дауланған сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.

Сот алқасы арызданушының өтінішхатты қолдаған түсінігін, өтінішхат уәждерін талқылап, прокурордың сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығару туралы қорытындысын тыңдап, электрондық іс-құжаттарын зерделеп, келесідей қорытындыға келді. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады. Іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жергілікті соттардың тарапынан жол берілмеген деген пікірге келуге болады.

Салық органы қаржылық-шаруашылық көрсеткіштеріне талдау жұмыстары нәтижесінде «Торговая компания-Asset» ЖШС-нің тәуекел дәрежесі жоғары, қандай да бір қызметтер көрсетуге мүмкіншілігі жоқ жабдықтаушы екенін, жұмысшы санының болмауын, салық есептілік нысандарының тапсырылмауына байланысты тіркеуінде активтерінің жоқтығын, бюджетке төленетін төлемдердің және салық жүктемесінің төмендігін көрсетіп жауапкерлердің арасында ешқандай тауар сатып алусату болмағандығын көрсетіп, аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.

Жергілікті соттар талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы қорытындысын даулы шарттар бойынша жауапкерлер барлық тиісті жұмыстар іс жүзінде атқарылғанымен, белгіленген жұмыстарды жүзеге асырғанымен және қажетті техникалар жалдағаны, тиісті төлемдерді төлеп отырғанымен негіздеген.

Кассациялық сот алқасы жергілікті соттардың түйіндерімен келісе отырып, жергілікті соттардың актілері заңды қабылданған, ал оның күшін жоюға құқықтық негіздер жоқ деген тұжырымға келеді.

Басқарманың «Торговая компания-Asset» ЖШС-нің «BTS Digital Ventures Limited» тұрғын үй кешенімен (айналым сомасы 3 116 865 теңге), «АСЭП» ЖШС-мен (айналым сомасы 1 210 966 теңге), «Торговый Дом Эколос» ЖШС-мен (айналым сомасы 1 741 444 теңге) жиһаз жеткізу бойынша жасаған мәмілелерінің жарамсыздығы туралы талаптары, құжат айналымының формальдылығы туралы және салық төлеуден жалтару ниетімен жасаған деген уәждермен негізделген.

Басқарма талап қоюдың негізінде «Торговая компания-Asset» ЖШСнің активтерінің жоқтығы, 2021 жылы «Modern Office Furniture» ЖШСнен жиһаз сатып алу мерзімінің, 2020 жылы тұтынушыларға (жауапкерлерге) жеткізу мерзімінің сәйкессіздігі туралы дәлелдерді келтірген.

Азаматтық істің материалдарын қарай отырып, сот басқарманың талап қоюы келесі себептер бойынша негізсіз деген қорытындыға келген. Соттың талап қоюдың негізсіздігі туралы қорытындысы тараптардың (жауапкерлердің) қажетті есеп құжаттарын (ЭШФ, шот-фактуралар, төлем

тапсырмалары) ресімдеу арқылы жиһаз жеткізу шарттарының жасасуы туралы тараптар ұсынған дәлелдемелерге негізделген.

Апелляциялық сатыдағы сот жеткізілген тауарлардың фотосуреттері мен бұйымдарын салыстыра отырып, азаматтық іс материалдарын тексерген.

Басқарма талап қоюда жеткізуші «Торговая компания-Asset» ЖШСде мүліктің жоқтығына сілтеме жасап, 1 102 000 теңге, 1 210 996 теңге, 1 741 444 теңгеге жасалған үш жеткізу шартын даулаған. Осы мәмілелер бойынша айналымның шамалы көлемін, сондай-ақ тауарларды жеткізуге байланысты міндеттемелердің сипатын ескере отырып, Басқарманың материалдық базасының жеткіліксіздігі туралы уәжінен заңды түрде бас тартылған.

Осы кезең үшін «Торговая компания-Asset» ЖШС оңайлатылған салық салу режимінде қызметті жүзеге асырғаны туралы дәлелдемелер келтірген.

Сонымен қатар, Басқарма өз талаптарын «Торговая компания-Asset» ЖШС-нің «Modern Office Furniture» ЖШС-нен 2021 жылы жиһазды сатып алу уақыты мен 2020 жылдың 2-3 тоқсанында соңғы тұтынушыларға сату мерзімдері туралы ақпараттың сәйкес келмеуімен негіздеген. Басқарма 2021 жылы «Торговая компания-Asset» ЖШС-нің «Modern Office Furniture» ЖШС-нен 16 071 429 теңгеге жиһаз сатып алғаны туралы ақпараттың бар екенін көрсеткен. Алайда, кассациялық сатыда Басқарманың өкілі сотқа 16 071 429 теңгеге жиһаз сатып алу туралы даулы мәмілелерге мүлдем қатысы жоқ екенін жоққа шығармаған.

Басқарма кассациялық шағымда 2020 жылдың 1-маусымындағы «Торговая компания-Asset» ЖШС-не жиһазды жеткізу мерзімінің 2020 жылғы 3-шілдедегі «Modern Office Furniture» ЖШС жеткізушісімен тауарды тіркеуге қабылдаған күнімен сәйкес келмейтінін көрсеткен. Сонымен қатар кассациялық шағымда, «BTS Digital Ventures Limited» тұрғын үй кешеніне, «ASEP» ЖШС-не, «Торговый Дом Эколос» ЖШС-не тауарларды жеткізу кезінде ЭШФ-нің кеш жазып берілгені туралы көрсетілген. Дегенмен, бұл жаңа уәждер мен дәлелдемелер болып саналады. Сотта қаралған талап қоюда Басқарма оларды көрсетпеген. Бұл талап қоюшының процессуалдық әрекетсіздігі, оны кассациялық сатыдағы сот қабылдай алмайды.

АПК-нің 46-бабының 1-бөлігіне сай азаматтық процеске қатысушылардың іс жүргізу құқықтарын адал жүзеге асыру талабы, сондай-ақ құқықтарды теріс пайдалануға тыйым салуы қарастырылған.

Кассациялық шағымның дәлелдері істі жергілікті соттар қараған кезде зерттеу нысанасы болған мән-жайларға, фактілерге және дәлелдемелерге сілтемелерге негізделген. Осы санаттағы істер бойынша соттарда тұрақты сот тәжірибесі қалыптасқан. Осыған байланысты, Басқарманың уәжінде іс жүргізу әрекетсіздігін ескере отырып, болмашы сомаға жасалған мәмілелер мен сот актілеріне дау айту туралы уәждерін қабылдау мүмкін емес.

Сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау жергілікті соттардың заңды дұрыс қолдануын тексеруге бағытталған. АПК-нің 438бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіпте қайта қарауға мүмкіндік беретін елеулі

бұзушылықтарға АПК-нің 427-бабында көрсетілген процессуалдық құқық нормаларының бұзушылықтары жатады. Материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбау нәтижесінде сот істі дұрыс шешпеген жағдайда ғана елеулі бұзушылық ретінде жатқызылуы мүмкін.

Іс бойынша мәні дұрыс сот актісін ресми себептер бойынша кассациялық тәртіпте қайта қарауға болмайды. Кассациялық сатыдағы соттың бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттарда тарап ұсынған зерттемеген дәлелдемелер негізінде заңды күшіне енген сот актісін өзгертуге немесе жоюға құқығы жоқ. Тиісті негіздер болған кезде мұндай сот актісі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін («Соттардың кейбір заңды тұлғалардың өтініші туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20-наурыздағы № 2 нормативтік қаулысының 30-тармағы).

Істі қарау кезінде апелляциялық алқамен тараптар ұсынған дәлелдемелердің және басқа да жинақталған материалдардың негізінде даудың мән-жайы анықталған. Тараптарға өз талаптарының дәлелдерін, қарсылықтарын келтіруге және қажетті дәлелдемелерді ұсынуға толық мүмкіндік берілген.

Істің мұндай тұрғысында, кассациялық сот алқасы іс бойынша қабылданған даулы сот актілері заңды және негізді деген қорытындыға келді. Сондықтан сот алқасы бұл даулы сот актілерінің күшін жоюға және талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауға негіз жоқ деген түйінге келді.

АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармағын басшылыққа ала отырып, сот алқасы,

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 31-қаңтардағы шешіміне, Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 10-сәуірдегі қаулысы күшінде қалдырылсын. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитеті Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Б.Р.Ералиева

Судьялар

Е.Ж. Айтжанов

М.Т. Балкен

Көшірмесі дұрыс

Судья М.Т. Балкен

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.