ВС РК - Определение от 03.02.2020 по делу 6001-19-00-3Г/8569 (Гражданское)

6001-19-00-3г/8569

Ұ Й Ғ А Р Ы М

2020 жылғы 3 ақпан Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Б.Тоқтарова,

«АТФБанк» акционерлік қоғамының Б[...] кепілге қойылған мүліктен ақы өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының 2019 жылғы 22 сәуірдегі ұйғарымын және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 18 маусымдағы ұйғарымын қайта қарау туралы талап қоюшы «АТФБанк» АҚ-ның өтінішхатын істі сұрату арқылы алдын ала қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы :

«АТФБанк» АҚ-мы сотқа талап арыз беріп, онда банк қарызын кепілге қойылған мүліктен өндіруді сұраған.

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының 2019 жылғы 22 сәуірдегі ұйғарымымен азаматтық іс өндірісі тоқтатылған.

Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 18 маусымдағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы сот ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.

Өтінішхатта арызданушы іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, соттың тұжырымдары істің мән-жайына сәйкес келмейтінін көрсетіп, материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылғанына сілтеме жасап, олардың күшін жойып, істі мәні бойынша қайтадан қарауды сұраған.

Өтінішхатта келтірілген мән-жайларды зерделеп, арызданушының уәждерін мұқият тексеру үшін, судья өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 198, 268баптарын басшылыққа алып, судья

Ұ Й Ғ А Р Ы М Е Т Т І :

Өтінішхаттың алдын ала қаралуы кейінге қалдырылсын.

Судья Б.Тоқтарова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.