ВС РК - Постановление от 10.12.2024 по делу 6001-23-00-6ап/2891 (Административное)

6001-23-00-6ап/2891

Қ А У Л Ы

2024 жылғы 10 желтоқсан Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының əкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші судья Г.Б.Дуйсенбаев,

судьялар Ж.Б.Ермағамбетова, Г.К.Нұрбаев болып,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында талап қоюшы Нургали Сабирович Алмурзиевтың жауапкер жеке сот орындаушысы Рыскул Танатаровна Умирзакованың іс-əрекетін заңсыз деп тану туралы əкімшілік ісі бойынша,

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық əкімшілік сотының 2023 жылғы 9 тамыздағы ұйғарымына, Ақтөбе облыстық сотының əкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 5 қыркүйектегі ұйғарымына талап қоюшының өкілі берген кассациялық шағымымен түскен əкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы Н.С. Алмурзиев жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық əкімшілік сотының 2023 жылғы 9 тамыздағы ұйғарымымен талап қою талап қоюшыға қайтарылған.

Ақтөбе облыстық сотының əкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 5 қыркүйектегі ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы күшінде қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында іс бойынша қабылданған бірінші жəне апелляциялық саты соттарының сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жойып істі мəні бойынша қарау үшін бірінші саты сотына жіберуді сұраған.

Тараптар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының əкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (бұдан əрі – сот алқасы) отырысына келмеді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рəсімдік-процестік кодексінің (бұдан əрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сəйкес əкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Іс құжаттарын зерттеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді.

ӘРПК-нің 169-бабына сай кассациялық шағым жасау жəне кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тəртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан əрі – АПК) қағидаларында айқындалады. АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сəйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға əкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық жəне процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тəртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Іс құжаттарынан анықталғандай, М.К.Джанабергенова мен Н.С.Алмурзиев арасындағы неке 2020 жылғы 26 қарашада тіркелген. Неке 2022 жылғы 15 тамыздағы сот шешімімен бұзылған. Араларында ортақ 4 кəмелетке толмаған: 2008 жылғы 1 тамызда дүниеге келген Н.Н.Алмурзиев, 2011 жылғы 29 сəуірде дүниеге келген А.Н.Алмурзиев, 2016 жылғы 16 ақпанда дүниеге келген А.Н.Алмурзиев, 2020 жылғы 15 желтоқсанда дүниеге келген М.Н.Алмурзиева есімді балалары бар.

Ақтөбе облысының кəмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2022 жылғы 25 шілдедегі ұйғарымымен партисипативтік келісім бекітілген. Бұл келісім бойынша, кəмелетке толмаған 2016 жылғы 16 ақпанда дүниеге келген А.Н.Алмурзиев жəне 2020 жылғы 15 желтоқсанда дүниеге келген М.Н.Алмурзиеваның тұрғылықты жері анасы М.К.Джанабергеновамен анықталған. Кəмелетке толмаған 2008 жылғы 1 тамызда дүниеге келген Н.Н.Алмурзиев пен 2011 жылғы 29 сəуірде дүниеге келген А.Н.Алмурзиевтың тұрғылықты жері əкесі Н.С.Алмурзиевпен анықталған. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы бойынша кəмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2022 жылы 25 шілдеде шығарған шешімі бойынша баласынан бөлек тұратын екі атаананың балалармен кездесу тəртібі белгіленген.

2022 жылдың шілдесі мен 2023 жылдың сəуір айына дейін келісім орындалып келген.

Өндіріп алушы М.К. Джанабергенованың арызында борышкер Н.С.Алмурзиевтың 2023 жылғы 28 сəуірден бастап баласы А.Н.Алмурзиевты өзінде ұстап, жоғарыда көрсетілген сот шешімін орындамай отырғанын көрсеткен.

Осыған байланысты атқару парағын 2023 жылғы 4 мамырда өндіріп алушы жеке сот орындаушысы (бұдан əрі – ЖСО) Р.Т.Умирзаковаға ұсынып, соңғысы атқару өндірісін қозғаған.

Жоғарыда көрсетілген атқарушылық құжатының қозғалғаны туралы хабарлама 2023 жылғы 5 мамырда арқылы Н.С.Алмурзиевке жеткізілген.

Сонымен қатар 2023 жылғы 5 мамырда сот актісін орындау туралы талабы Н.С.Алмурзиевтің адвокаты Б.Е.Ермановқа борышкердің көзінше табысталған.

Осы тектес талаптар ЖСО Р.Т.Умирзаковамен 2023 жылғы 11 мамырда, 2023 жылғы 6 маусымда, 2023 жылғы 23 маусымда борышкерге жолданған. 2023 жылғы 23 маусымдағы талапта Н.С.Алмурзиевке атқару құжатын 2023 жылғы 24 маусымда орындау қажет екендігі көрсетілген.

ӘРПК-нің 9 бабына сəйкес əркім бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тəртіппен əкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

Н.С.Алмурзиев ЖСО Р.Т.Умирзакованың 2023 жылғы 24 маусымда аталған талапты жолдау əрекетімен келіспей осы талап қоюымен сотқа жүгінген.

ӘРПК-нің 7 бабында белгіленген заңдылық қағидатына сəйкес əкімшілік орган, лауазымды адам əкімшілік рəсімдерді өз құзыреті шегінде жəне Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Кодекске жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес жүзеге асырады.

ӘРПК-нің 4-бабына сəй əкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда əкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім. Жергілікті соттар, аталған талап ӘРПК-нің талаптарына сəйкес əкімшілік акт болып табылмайды, себебі белгілі бір тұлғаның немесе жекедара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім емес деген тұжырымға келіп, талап қоюды кері қайтарған.

Бұдан бөлек, өндіріп алушы М.К. Джанабергенова 2023 жылғы 17 шілдеде ЖСО Р.Т.Умирзаковаға атқару өндірісін тоқтату туралы өтінішімен жүгінген. ЖСО Р.Т.Умирзакова 2023 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен атқару өндірісі толық орындалуына байланысты атқару өндірісі тоқтатылған.

Осыған орай, сот алқасы жеке сот орындаушысының 2023 жылғы 23 маусымдағы талапты жолдау əрекетіне шағымдану қандай-да бір құқықтық салдар туғызбайтындықтан деген жергілікті соттардың тұжырымдарымен келіседі.

ӘРПК-нің 138-бабының 2-бөлігінің 11) тармағына сəйкес іс əкімшілік сот ісін жүргізу тəртібімен қарауға жатпаса сот (судья) талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады.

Осыған байланысты, жергілікті соттар талап қоюды негізді қайтарған. АПК-ның 452 бабының бірінші бөлігіне сəйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сəйкес келуге тиiс.

Осы Кодекстің 426 бабының екінші бөлігіне сай жаңа дəлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уəждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

Кассациялық шағым иесінің келтірген уəждеріне дауланған сот актілерімен тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дəлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.

Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды жəне істің мəнжайларына сəйкес келетін сот актісін қайта қарауға негіз бола алмайды. ӘРПК-нің 169-бабын жəне АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық əкімшілік сотының 2023 жылғы 9 тамыздағы ұйғарымы, Ақтөбе облыстық сотының əкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 5 қыркүйектегі ұйғарымы өзгеріссіз, талап қоюшы өкілінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Судьялар

Г.Б. Дуйсенбаев

Ж.Б.Ермағамбетова

Г.К. Нұрбаев

Көшірмесі дұрыс Судья Г.К. Нұрбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.