Ж Е К Е Ұ Й Ғ А Р Ы М
2026 жылғы 11 наурыз №6003-25-00-2к/4005 (2) Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші Г.Бастаубаев,
судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев, талап қоюшылар Б.Казыбеков, талап қоюшылардың өкілдері К.Орынбасаров, Б.Камалов, үшінші тұлғаның өкілі А.Сырымбетованың қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшылар Манат Осербаевич Даулетбаев, Рыскүл Бауык, Рустем Айболтович Жумашев, Қыдырхан Жағапар, Сәбит Мұрат, Зинагуль Арипбаевна Искакова, Жанар Нұрсағатқызы Қасенова, Гаухар Айтмуханбетовна Толебаева, Назигуль Сансызбаевна Саниязова, Жумабек Бескемпирович Уразалиев, Болат Дауытакынович Елгезеков, Жасулан Жанбыршиев, Гульжанат Молдабаева, Жанат Макенович Жумабеков, Бекболат Кундеубай, Турсын Ахметович Бегалиев, Жумабек Жуанышевич Мырзалиев, Талап Жаксылыкович Жумаканов, Абилсейт Абилбаевич Тампышов, Кемелбек Канайбек, Бәзітай Рақым, Қажен Ишан, Тамара Кадиржановна Жанбыршиева, Канат Ауганбаевич Койлыбаев, Нурман Акишович Султанбаев, Болат Төлеген, Газиз Нургожаевич Нурпейсов, Қуанышбай Нұрсейт, Бектурсын Кожалимович Казыбеков, Дархан Сураншиевич Есенбаев, Ақмарал Такенқызы Мұстафаева, Куаныш Казиевич Аскарбаев және Куатбек Мамайханович Акимбаевтың жауапкер «Нурай несие» кредиттік серіктестік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлға «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өңірлік даму институты» акционерлік қоғамына кепілдік шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қабылданған Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 4 маусымдағы шешіміне және Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылдың 16 қыркүйегіндегі қаулысына даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өңірлік даму институты» акционерлік қоғамының кассациялық шағымымен келіп түскен электронды азаматтық істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
Талап қоюшылар сотқа берген талап қоюында «Нурай несие» кредиттік серіктестік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі -серіктестік) «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өңірлік даму институты» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қоғам) алдындағы несие шарттары
бойынша қарызының қайтарымын қамтамасыз ету мақсатында 2013 жылғы 25 желтоқсанда және 2015 жылғы 5 маусымда берілген кепілдік міндеттемелерін жарамсыз деп тануды сұраған.
Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 4 маусымдағы шешімімен талап қою қанағаттандырылып, 2013 жылғы 23 желтоқсандағы және 2015 жылғы 5 маусымдағы «Нурай несие» кредиттік серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен оның қатысушылары талап қоюшылар арасында жасалған «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өңірлік даму институты» акционерлік қоғамына берілген кепілдік міндеттемесі жарамсыз деп танылған және серіктестіктен үлестік тәртіпте талап қоюшылардың әрқайсысының пайдасына 1 846 теңгеден мемлекеттік баж өндірілген.
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотының 2026 жылғы 11 наурыздағы қаулысымен сот актілері күшінде, қоғамның шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Осы азаматтық істі қарау барысында «Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» мемлекеттік мекемесімен заң талаптары бұзылғаны анықталды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 21-бабы 2, 3-бөліктеріне сәйкес заңды күшіне енген сот актілері мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады. Сот актілерін орындамау заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 27 қарашадағы шешімімен серіктестік мәжбүрлі түрде таратылған. Тарату рәсімін жүзеге асыру «Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» мемлекеттік мекемесіне жүктелген.
АК-нің 35-бабы 2-тармағына сәйкес заңды тұлғаның құқықтық қабілетілігі ол құрылған кезде пайда болады және оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады.
Осы Кодекстің 50-бабы 10-тармағына сәйкес заңды тұлғаның таратылуы аяқталды, ал заңды тұлға өз қызметін тоқтатты деп бұл жөнінде мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізгеннен кейін есептеледі.
Алайда мемлекеттік тіркеу органдарының дерек қорының мәліметіне сәйкес серіктестік таратылмаған.
Мемлекеттік орган заңды күшін енген сот шешімін орындамай АПК-нің 21-бабының талаптарын бұзған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 270-бабы 1-бөлігіне сәйкес егер заң бұзушылыққа мемлекеттік
органдар, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілер тарапынан жол берілсе, сот жеке ұйғарым шығарады және оны басқару функцияларын атқаратын тиісті ұйымдарға, лауазымды немесе өзге де тұлғаларға жібереді, олар өздері қолданған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті.
Сот аталған заң бұзушықты болашақта болдырмау және сот актісін орындауға шара көру үшін Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіне хабарлауды жөн деп санайды.
АПК-нің 270-бабын басшылыққа алып, сот
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне заң бұзушылықтар туралы хабарлансын.
Қолданылған шаралар жөнінде Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотқа бір айдың ішінде хабарлансын.
Г.Бастаубаев
Төрағалық етуші судья
Судьялар
А.Даненова
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.