6001-21-00-3г/5216(2)
ҰЙҒАРЫМ
2021 жылғы 29 қараша Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ш.С.Иманиязова талап қоюшы «СА[...]» шаруа қожалығының төрағасы С[...] жауапкерлер Б[...], Түркістан қаласының әкімдігіне, «Түркістан қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ-не, «Кентау қаласының жер инспекция бөлімі» ММ-не Түркістан қаласы әкімдігінің қаулысын, жер учаскесін жалға беру шартын жарамсыз деп тану туралы арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 24 ақпандағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы С[...] өкілі Б[...] өтінішхатын алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
«СА[...]» ШҚ-ның төрағасы С[...] сотқа берген талап қою арызында жауапкер Б[...] 505,0 гектар (га) жер учаскесі өз жер учаскесіне негізсіз еніп, үстеме орналасқанын негіздеп, Түркістан қаласы әкімдігінің қаулысын, жер учаскесін жалға беру шартын жарамсыз деп тануды сұраған.
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы шешімімен талап қою арыз ішінара қанағаттандырылған.
Осы соттың 2020 жылғы 24 желтоқсандағы ұйғарымымен Түркістан қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 121 қаулысын жарамсыз деп тану туралы талабы бойынша іс жүргізуден тоқтатылған.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен сот шешімі өзгертілген. Шешімнің талап қоюшының талабын қанағаттандыру туралы бөлігінің күші жойылып, талаптың бұл бөлігін қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданған.
Өтінішхат иесі апелляциялық сатыдағы соттың қаулысымен келіспейтіндігін көрсетіп, оның күшін жоюды сұраған. Сот актісіне шағым келтіру мерзімін қалпына келтіруді өтінген.
Өтінішхат уәждерін зерделеп, өтінішхат берушінің уәждерін азаматтық іспен бірге қосымша тексеру үшін, судья азаматтық істі бірінші сатыдағы соттан алдыртып, өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 438-бабын басшылыққа алып, судья
ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ :
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотынан аталған азаматтық іс сұратып алдырылсын.
Өтінішхаттың алдын ала қаралуы іс келіп түскенге дейін кейінге қалдырылсын.
Судья Ш.Иманиязова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.