Ұ Й Ғ А Р Ы М
2025 жылғы 7 қазан № 6003-25-00-4к/1599 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының əкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:
төрағалық етуші судья М.А. Туганбаев,
судьялар Н.Е.Нуралыева, Ж.А.Оспанова, жауапкердің өкілі Н.О.Муздыбекованың, мүдделі тұлға
Г.К.Кудайбергенованың қатысуымен
ашық сот отырысында талап қоюшы Самат Сабырұлы Жеңсікбайдың жауапкер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі» мемлекеттік мекемесіне қызметтік тергеп-тексеру мен тəртіптік комиссиясының 2022 жылғы 14 қарашадағы хаттамасын тексеруді мəжбүрлеу туралы талап қоюы бойынша Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық əкімшілік сотының 2025 жылғы 15 қаңтардағы ұйғарымына жəне Астана қалалық сотының əкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 4 ақпандағы ұйғарымына талап қоюшының кассациялық шағымымен түскен əкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген. Астана қалалық сотының əкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 4 ақпандағы ұйғарымымен өзгеріссіз қалдырылған Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық əкімшілік сотының 2025 жылғы 15 қаңтардағы ұйғарымымен талап қоюшы Самат Сабырұлы Жеңсікбайдың жауапкер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет істері агенттігі» мемлекеттік мекемесіне қызметтік тергеп-тексеру мен тəртіптік комиссиясының 2022 жылғы 14 қарашадағы хаттамасын тексеруді мəжбүрлеу туралы талап қоюы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рəсімдік-процестік кодексінің (бұдан əрі – ӘРПК) 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасының негізінде барлық тіркелген құжаттарымен бірге қайтарылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында жергілікті соттардың қорытындысы заңсыз жəне негізсіз екенін көрсетіп, қабылданған сот актілерінің күшін жоюды жəне істі қайта қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа жіберуді немесе өзінің талап қоюын қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұрайды.
Кассациялық сот жауапкердің өкілінің қарсылығын жəне мүдделі тұлғаны тыңдап, əкімшілік іс материалдарын зерделеп, келесі қорытындыға келеді.
ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігіне сəйкес кассациялық шағым жасау жəне кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тəртібі, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің қағидаларында айқындалады. АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сəйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға əкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық жəне процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тəртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады. Жергілікті соттар осы іс бойынша мұндай бұзушылықтарға жол бермеген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-бөлігіне сəйкес əркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. ӘРПК-нің 4-бабының 1-бөлігінің 4)тармақшасына сəйкес əкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда əкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім. Осы бөліктің 5) тармақшасында əкімшілік əрекет (əрекетсіздік) – əкімшілік органның, лауазымды адамның жария-құқықтық қатынастардағы, əкімшілік акт болып табылмайтын əрекеті (əрекетсіздігі). ӘРПК-нің 155-бабының төртінші бөлігіне сəйкес сот, егер талап қоюды қарау кезінде даулы əрекет (əрекетсіздік) жасалғанын, шешім құзыретіне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қабылданғанын анықтаса, оны қанағаттандырудан бас тартады. Жергілікті соттар жоғарыда аталған нормаларды басшылыққа ала отырып, талап қоюды қайтарғаны негізді.
Іс материалдарынан анықталғандай, С.С.Жеңсікбай 2020 жылғы 24 тамыздан бастап Астана қаласы Есіл аудандық сотында бас маман болып қызмет атқарған. Астана қаласы бойынша Соттар əкімшісі басшысының (қазіргі таңда –Қазақстан Республикасы Сот əкімшілігінің Астана қаласы бойынша департаменті) 2022 жылғы 20 қазандағы бұйрығы негізінде жүргізілген тексеру барысында талап қоюшы «КАЗ Строй & Кадастр» ЖШСның жарғылық капиталындағы 20% үлесін сенімгерлік басқаруға бермегені анықталып, Астана қаласы бойынша Соттар əкімшісі басшысының 2022 жылғы 15 қарашадағы № 7199-22-7-5/3644 бұйрығымен С.С.Жеңсікбай мемлекеттік қызметте болумен байланысты заңда белгіленген шектеулерді сақтамау түріндегі өрескел тəртіптік теріс қылық жасағаны үшін тəртіптік жауапкершілікке тартылып, лауазымынан босатылған. Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2023 жылғы 5 сəуірдегі шешімімен С.С.Жеңсікбайдың мемлекеттік қызмет өткеруіне байланысты шектеулерді сақтауына құқықтық баға берілген. Агенттіктің Астана қаласы бойынша департаментінің (бұдан əрі – Департамент) 2024 жылғы 3 маусымдағы жауабына сəйкес жұмыс берушінің 2022 жылғы 15 қарашадағы бұйрығы заңды деп көрсетілген.
Осыған байланысты кассациялық сот жергілікті соттардың тараптардың арасында жария-құқықтық қатынастардан туындайтын дау жоқ екендігі, өйткені жауапкер тарапынан талап қоюшыға оның жағдайын нашарлататын қандай да бір құқықтық салдар туғызатын немесе құқықтарын шектейтін акті шығарылмаған деген тұжырымымен келіседі.
АПК-нің 426-бабының екінші бөлігінде жаңа дəлелдердің болмауына байланысты қаулының уəждеу бөлігінде сот актілеріне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Кассациялық шағым авторының уəждері өзінің мазмұны, мəні мен мақсаты бойынша бірінші жəне апелляциялық сатылардағы соттарда келтірілген уəждермен бірдей. Бұл уəждер апелляциялық сатыдағы сотта қаралып, оларға тиісті құқықтық баға берілген. Кассациялық шағымда жаңа уəждер келтірілмеген.
Жергілікті соттар іс бойынша мəн-жайларды дұрыс анықтаған, материалдық жəне процестік құқық нормаларын дұрыс қолданған, сол себепті кассациялық сот дауланып отырған сот актілерінің күшін жоюға негіз жоқ деп есептейді.
Мұндай жағдайларда талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады. ӘРПК-нің бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот
ҰЙҒАРДЫ:
Осы іс бойынша Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық əкімшілік сотының 2025 жылғы 15 қаңтардағы ұйғарымы жəне Астана қалалық сотының əкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 4 ақпандағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын. Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
М. Туганбаев
Төрағалық етуші Судьялар
Н. Нуралыева
Ж. Оспанова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.