ҚАУЛЫ
2025 жылғы 14 наурыз №6001-24-00-6ап/1429 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы Ғ.Ө.Әлжанов, судьялар –Ж.Б.Ермағамбетова, Б.Т.Нажмиденов болып, талап қоюшы өкілі А.О.Алмабаевтың,
Зайсан аудандық мәслихатының төрағасы Е.С.Загипаровтың,
мүделлі тұлға Зайсан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі С.К.Сиырбаевтың қатусыларымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Айгерім Оралханқызы Оралханованың жауапкер Шығыс Қазақстан облысының Зайсан аудандық мәслихатына 2023 жылы 20 қыркүйекте шығарылған №01-03/VIII-10-4/6 шешімін заңсыз деп танып, бұзу туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,
Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 22 қарашадағы шешіміне, Шығыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 3 сәуірдегі қаулысына талап қоюшы А.О.Оралханованың келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік ісін қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 22 қарашадағы шешімімен А.О. Оралханованың талап қоюын қанағаттандырудан бас тартылған. Шығыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 3 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұрайды.
Талап қоюшының өкілінің пікірін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-ның 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.
Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда А.О.Оралханова 2023 жылғы 19 наурыздағы сайлау қорытындысы бойынша VIII шақырылымның Зайсан аудандық мәслихатының (бұдан әрі-мәслихат) депутаты болып сайланды, ол №8 куәлікпен расталады.
2023 жылғы 15 маусымда Зайсан аудандық сотының үкімімен А.О. Оралханова Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 131 бабының 2-бөлігі (бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып немесе жария түрде жасалған қорлау) бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындаумен сотталды (бұдан әрі-сот үкімі).
Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 3 тамыздағы қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді.
2023 жылғы 14 тамызда Зайсан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы депутат А.О. Оралханованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіздердің туындауы туралы №67 қаулы шығарды.
2023 жылғы 17 тамызда сайлау комиссиясы мәслихатқа сот үкімінің болуына байланысты депутаттың өкілеттігін тоқтата тұру жайлы мәселені қарау туралы ұсыныс жіберді.
Мәслихаттың 2023 жылғы 6 қыркүйектегі №01-03/VII-9-9 шешімімен депутаттың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жоқ.
2023 жылғы 11 қыркүйекте Зайсан ауданының прокуратурасы (бұдан әрі - прокуратура) сайлау комиссиясының өтінішіне депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі туралы және комиссияның ұсынысын мәслихат сессиясында қайта қарау бойынша шектеулердің болмауы туралы түсініктеме берді.
2023 жылғы 19 қыркүйекте сайлау комиссиясы қылмыстық жауаптылыққа тартылуына байланысты депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымды мәслихатқа қайта жіберді.
Мәслихаттың 2023 жылғы 20 қыркүйектегі №01-03/VII-10-4/6 шешімімен (бұдан әрі –2023 жылғы 20 қыркүйектегі шешім) депутаттың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Талап қоюшы осы қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болған факт 2023 2023 жылғы 24 24 ақпанда, яғни А.О. Оралханова депутат болып сайланғанға дейін болғанын және айыппұлдың төлегенін, яғни оның соттылығы жойылғанына байланысты депутаттық өкілеттігі тоқтатылуға жатпайтынын атап жоғарыда аталған шешімді даулаған. Соттар талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырғанда мына мәнжайларды негізді ескерген.
Талап қоюшы осы қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болған факт 2023 2023 жылғы 24 24 ақпанда, яғни А.О. Оралханова депутат болып сайланғанға дейін болғанын және айыппұлдың төлегенін, яғни оның соттылығы жойылғанына байланысты депутаттық өкілеттігі тоқтатылуға жатпайтынын атап жоғарыда аталған шешімді даулаған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының (бұдан әрі-Заң) сайланған мәслихат депутатына да қатысты шектеу осы Заңның 20-бабы 3-тармағының 6-тармақшасында
көзделген: депутатқа қатысты қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда мәслихат депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Мәслихат депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуы рәсімі осы баптың 4-тармағында реттелген.
Даулы шешімнің аталған талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыға келе отырып, жергілікті соттар, ең алдымен, Заңның 20 бабы 3-тармағының 6 тармақшасына сәйкес оның депутат ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіз болып табылатын А.О.Оралхановаға қатысты заңды күшіне енген айыптау үкімінің болуын назарға алған.
Істің басқа да егжей-тегжейлі мән-жайлары, соттардың негіздемелері сот актілерінде толық көрсетілген.
АПК-ның 452-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Осы Кодекстің 426-бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.
Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мәнжайларына сәйкес келетін сот актілерін қайта қарауға негіз бола алмайды.
ӘРПК-ның 169-бабын және АПК-ның 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 22 қарашадағы шешімі, Шығыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 3 сәуірдегі қаулысы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы А.О.Оралханованың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
Ғ.Әлжанов
Судьялар Ж.Ермағамбетова
Б.Нажмиденов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.