ҚАУЛЫ
2023 жылғы 19 желтоқсан 6001-23-00-6ап/1426 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү. Баймаханов,
судьялар – Ш.Т.Даниярова, Е.Д.Өміралиев болып,
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының бөлім прокуроры Е.Көшербаевтың,
жауапкер өкілі М[...] қатысуымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Б[...] жауапкер «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Департамент) зерделеу әкімшілік іс-әрекетін заңсыз деп тану туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 25 сәуірдегі ұйғарымына талап қоюшының келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 13 наурыздағы ұйғарымымен Б[...] талап қоюы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 138 - бабының 2- бөлігінің 11) - тармақшасы бойынша қайтарылған.
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 25 сәуірдегі ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы күшінде қалдырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында сот актімен келіспейтінін көрсетіп, күшін жоюды сұраған.
Талап қоюшы мен мүдделі тұлға сот алқасының мәжілісіне қатысуға дәлелді себепсіз келген жоқ.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Жауапкер өкілінің кассациялық шағымға қарсы болған пікірін, прокурордың сот актісі күшінде қалдырылуға жатады деген қорытындысын тындап, іс құжаттарын зерттеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді. ӘРПК-ның 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-ның 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.
Қаратау аудандық прокуратурасының мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелерді заңсыз иеленіп алу фактісі бойынша заңдылықты бұзушылықты жою туралы 2022 жылғы 21 сәуірдегі ұсынысының негізінде Департаментпен кадастрлық №[...] (алдыңғы [...]) санды жер учаскесінің іс-құжаттарына қатысты зерделеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесімен Департамент 2022 жылы 21 қазанда Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотына жауапкер Д[...] және басқаларға Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның 2007 жылғы 14 маусымдағы №48237 санды шешімді жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінген.
Соттардың дауланып отырған зерделеу актісі әкімшілік актіге жатпайды, ол ұсынымдық сипаттағы құжат болып табылады деген тұжырымы дұрыс. Зерделеу актісіне азаматтық істі қарау барысында дәлелдеме ретінде баға берілген.
ӘРПК-нің 138-бабының 2-бөлігінің 11-тармақшасына сәйкес, іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса, сот талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады.
Сондықтан соттардың талап қою арызын қайтаруы негізді болып табылады.
АПК-ның 452-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.
Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мәнжайларына сәйкес келетін сот актілерін қайта қарауға негіз бола алмайды.
ӘРПК-ның 169-бабын және АПК-ның 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 25 сәуірдегі ұйғарымы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы Б[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
С. Баймаханов
Судьялар
Ш. Даниярова Е. Өміралиев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.