ВС РК - Постановление от 12.05.2021 по делу 6001-21-00-3ГП/145 (Гражданское)

6001-21-00-3ГП/145

ҚАУЛЫ

2021 жылғы 12 мамыр Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші - алқа төрағасы М.Таймерденов,

судьялар Ғ.Мырзаке, Н.Султанов прокурор У[...],

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Департамент, Салық органы) өкілдері Қ[...], Ш[...],

«Ақмешіт-Мелиоратор» жауапкерлігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - М[...]) өкілі М[...],

«СНС[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - Қосалқы мердігер) өкілі А[...]

«AG[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі

С[...] катысуымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында мобильді бейнебайланыс құрылғысы арқылы ашық сот отырысында талап қоюшы Департаменттің жауапкерлер М[...], Қосалқы мердігерге 2016 жылғы 7 қазандағы қосалқы мердігер шартын (бұдан әрі - Шарт) жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 27 мамырдағы қаулысын қайта қарау туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушысының наразылығымен келіп түскен азаматтық ісін қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Департамент М[...], Қосалқы мердігерге жоғарыда көрсетілген талап қою арызымен сотқа жүгінген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 11 ақпандағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырылған.

Шарт жарамсыз деп танылған. Сот шығыстары бөлінген.

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 27 мамырдағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімнің күші жойылып, талап қою арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданған.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушы наразылық келтіру мерзімін ұзарту туралы өтінішті өзінің наразылығында мәлімдей отырып, апелляциялық сатыдағы сот істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларын бұзғанын көрсетіп, сот қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыруды сұраған.

Сот алқасы іс бойынша прокурордың және Салық органының наразылықты қолдау туралы қорытындысын, жауапкерлердің қарсы пікірін тыңдап, наразылық уәждерін талқылап, іс құжаттарын зерделеп, келесідей тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Мұндай заң бұзушылықтарға апелляциялық сатыдағы сотпен жол берілген.

Сотпен анықталғандай, М[...] 2007 жылғы 1 маусымда Қызылорда облысының Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында (бұдан әрі - Басқарма) тіркелген. Қызмет түрі - арнайы мамандықтарды талап ететін өзге құрылыс жұмыстары.

Салықтық тексеру барысында анықталғандай, М[...] 2016 жылдың 4 тоқсанында қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) жөніндегі декларацияда Қосалқы мердігерден жалпы сомасы 301 250 000 теңгеге (ҚҚС 32 276 786 теңге) жұмыстарды сатып алғанын көрсеткен.

Қосалқы мердігер 2014 жылғы 4 наурызда Басқармада тіркелген, қызметінің негізгі түрі - өзге де құрылыс-монтаждау жұмыстары.

Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен (бұдан әрі - Бөлім) жасалған, 2016 жылғы 30 қыркүйектегі мемлекеттік сатып алу туралы шартының негізінде М[...] құны 664 362 647 теңге құрайтын «Қызылорда облысы, [...] кентінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру» бойынша жұмыстарды 2016 жылдың желтоқсанына дейін орындауға міндеттенген.

М[...] мен Қосалқы мердігердің арасында 301 250 000 теңгеге шарт жасалып, 2016 жылдың 30 қарашасына дейін «Қызылорда қаласы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру» бойынша жұмыстарды орындау көзделген.

Шарт мерзімінің өтуіне және міндеттемелердің тоқтатылуына қарамастан, 2019 жылғы 10 қаңтарда М[...] мен Қосалқы мердігер арасында қосымша келісімге қол қойылған, онымен объектінің орналасқан жері «Қызылорда қаласынан» «Қармақшы ауданының Жосалы кентіне» өзгертілген. Осы келісімнің әрекеті бұрын жасалған мердігерлік шартқа қолданылған.

2016 жылдың қазан-желтоқсан аралығында Қосалқы мердігермен 301 250 000 теңге сомасына 3 шот-фактура ресімделген.

М[...] Қосалқы мердігерге 295 100 000 теңгені аударған. Қалған 6 150 000 теңге Қосалқы мердігердің талап қою арызы бойынша Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкономикалық сотының 2019 жылғы 28 мамырдағы шешімімен өндірілген.

Салықтық тексерудің нәтижесі бойынша Департаментпен 2019 жылғы 14 наурызда М[...] 188 524 487 теңге корпоративтік табыс салығы, ҚҚС және 62 967 883 теңге өсімпұлды, барлығы 251 492 370 теңгені есепке жазу туралы хабарлама шығарылған. Салық төлеушінің бұл хабарламаға шағымы қазіргі уақытта Қаржы министрлігімен қаралуда.

Қосалқы мердігерде материалдық және еңбек ресурстарының болмауына байланысты қаржы-шаруашылық операцияларды жасаудың мүмкін еместігін көрсетіп, Департамент аталған талап қою арызымен сотқа жүгінген.

Бірінші сатыдағы сот тиісті құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз Шартты салықтық ауыртпалықтан құтылу мақсатында және құқықтық тәртіп негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған деп негіздеп, талап арызды қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған.

Бірінші саты сотының шешімін күшін жойып, апелляциялық сот жауапкерлер арасындағы қаржы-шаруашылық операциялардың іс жүзінде жасалғанымен негіздеген.

АПК-нің 412-бабының талаптарына сәйкес апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар және АПК-нің 413-бабы 2-бөлігінің талаптарына сәйкес ұсынылған материалдар бойынша істің нақты мән-жайларының анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық процестік заң нормаларының сақталуын тексереді.

Апелляциялық сот алқасының мұндай тұжырымдарымен келісуге болмайды, өйткені олар іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дұрыс анықталмауының материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуының негізінде жасалған.

АПК-нің 73-бабының 2-бөлігіне сәйкес салық органының талап қою арызын дұрыс шешу үшін қаржы-шаруашылық операциялардың іс жүзіне орындалуын, алғашқы құжаттардың шынайылығын, еңбек және материалдық ресурстардың жеткілікті болуын анықтау қажет, ал бұл апелляциялық сатыдағы сотпен жасалмаған.

Дауланып отырған шарт пен оған №1 қосымшаның талаптары бойынша Қосалқы мердігер BJI-10 және 0,4 КБ әлектр желілерін (127 000 000 теңге), 10/04/[...] А кешенді трансформаторлық сыртқы подстанцияны (18 000 000 теңгеге 9 бірлік); К-59 сыртқа орнатуға арналған кешенді тарату құралын

(56 500 000 теңгеге 1 бірлік), вакуумдық қосқышты (жиынтық) (2 000 000 теңгеге 2 бірлік) орнату жұмыстарын орындауды міндетіне алған.

Сонымен қатар, Шарттың 18-тармағына сәйкес шарттың құнына жерге орналастыру жобасын жасауға, жерді пайдаланушыларға шығындарды өтеуге, жер учаскелерін босатуға, жүктерді тасымалдауға және сақтауға, құралжабдықтарға сертификаттар мен паспорттарды алуға, іске қосу жұмыстарына, жұмыс және мемлекеттік комиссияның актілерін рәсімдеу мен бекітуге арналған шығындар кірген.

Бұл ретте Қосалқы мердігердің жұмыстарды орындау үшін қажетті ресурстары: штаттық саны, көлігі, арнайы техникасы, материалдардың сақталуын қамтамасыз ететін қоймалары болғаны не болмағаны анықталмаған.

Бұдан басқа Қосалқы мердігердің көлік құралдарына және мүлікке бойынша Салық органына тапсырылған есептілік пен декларацияларына баға берілмеген.

Қосалқы мердігер «Женис» ЖК-дан, «ПромКомерц КА» ЖК-дан, «Alageum Electric» АҚ-дан, «FCC[...]» ЖШС-нен, «Әлектромонтаж» АҚ-ның Шымкент монтаждау басқармасы филиалынан, «КЖК[...]» ЖШС-нен жұмыстарды сатып алғанын растау үшін шотфактураларын, жүкқұжаттарды, тауарлық-көліктік жүкқұжаттарды ұсынған.

Алайда сотпен Қосалқы мердігердің аталған ұйымдармен өзара қарым-қатынасы тексерілмеген.

Қосалқы мердігер «Қармақшы ауданы Жосалы кентінің инженерліккоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру» объектісі бойынша тауарларды тасымалдау мақсатында Ю[...], М.[...] жылғы 23 қыркүйектегі және 3 қазандағы жасалған техникаларды жалға алу шарттарын ұсынған.

Алайда, апелляциялық сот алқасы істі дұрыс қарау және шешу үшін

маңызы бар бұл мән-жайға тиісті құқықтық баға бермеген.

Істің мұндай тұрғысында, сот алқасы наразылықта көрсетілген мәнжайлар өз дәлелін тапты деп санайды. Апелляциялық сот алқасының жіберген кемшіліктері елеулі болып табылады, өйткені бұл кемшіліктер істі дұрыс шешілмеуіне әкеп соққан.

Осыған орай, сот алқасы іс бойынша апелляциялық сот алқасының қабылдаған сот актісінің күшін жойып, істі жаңадан қарауға апелляциялық сатыдағы сотқа жіберу қажет деп санайды.

Істі жаңадан қарау барысында жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жойып, істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті түрде тексеріп, жиналған дәлелдемелерге материалдық және процестік құқық нормаларына сәйкес дұрыс баға беріп, заңды және негізді шешім қабылдау керек.

Салық органның сот актілеріне наразылық келтіру туралы өтінішхаты заңда белгіленген мерзімде берілсе де, шешім қабылданбағанын ескере отырып, АПК-нің 436-бабының 4-бөлігіне сәйкес наразылық келтіруге арналған мерзім ұзартылуға жатады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Наразылық келтіру мерзімі ұзартылсын.

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 27 мамырдағы қаулысының күші жойылсын.

Азаматтық іс Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына судьялардың басқа құрамында жаңадан қарауға жолдансын.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушысының наразылығы ішінара қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші М.Таймерденов Судьялар Ғ.Мырзаке Н.Султанов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.