Қ А У Л Ы
2026 жылғы 28 қаңтар №6003-25-00-2к/4472(2) Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар Даненова А.А., Токсанбаев А.Б., прокурор Л.Е.,Жоламанова, талап қоюшының өкілі А.А.Исатаев, жауапкердің өкілі Н.М. Касымбеков, үшінші тұлғаның өкілі Н.Керімбек бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуларымен, ашық сот отырысында талап қоюшы «Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жауапкер «Асильбек» шаруа қожалығына, басшысы Нарметов Эльдор Ахматжанович, қойған, даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар: «Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» мемлекеттік мекемесі, Түркістан облысының ветеринария басқарамасының «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны, негізсіз төленген субсидия қаржысын өндіру туралы талап қоюы бойынша электронды азаматтық істі Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 28 наурыздағы шешіміне және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 мамырдағы қаулысына жауапкердің өкілінің келтірген кассациялық шағымымен қарап,
АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 28 наурыздағы шешім және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 мамырдағы қаулысы күшінде, жауапкердің өкілінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші судья
Ғ.Бастаубаев
Судьялар
А.Даненова
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.