ВС РК - Постановление от 28.02.2023 по делу 6001-22-00-6ап/1802 (Административное)

6001-22-00-6ап/1802

Қ А У Л Ы

2023 жылғы 28 ақпан Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші судья Г.Б.Дуйсенбаев,

судьялар Б.Т.НАжмиденов, Г.К.Нұрбаев болып,

талап қоюшы М[...],

жауапкер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетінің өкілдері: К[...], Е[...] және С[...] қатысуларымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында талап қоюшы М[...] жауапкер Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетіне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын ресми отырыстарды мемлекеттік тілде өткізуге мәжбүрлеу, жауапкер Қазақстан Республикасы П[...] VII шақырылған П[...] жаңадан сайланған депутаттарының ант беру рәсімін заңсыз деп тану, ант беру салтанатты рәсімін қайта өткізуге мәжбүрлеу; жауапкер Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Қазақстан П[...] Қазақстан Республикасы Т[...] - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы 2010 жылғы 14 маусымдағы №289-IV Конституциялық Заңымен «Қазақстан Республикасының Т[...]» деген сөздерден кейін – «Елбасына» деген сөзбен ресми толықтырылған осы нормативтік актінің заңды күшіне енбегенін ресми түрде ақпарат құралдарына хабарлауға мәжбүрлеу туралы; Қазақстан Республикасы П[...] заң шығаруда мемлекеттік тілді қолдануына мәжбүрлеу туралы әкімшілік ісі бойынша,

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 31 мамырдағы ұйғарымына және Нұр-Сұлтан қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 28 маусымдағы ұйғарымына талап қоюшының берген кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап коюшы М[...] жауапкер Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетіне жоғарыда көрсетілген талап қою арызымен жүгінген. Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 31 мамырдағы ұйғарымымен әкімшілік талап қою арызы кері қайтарылған.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 28 маусымдағы ұйғарымымен бірінші саты сотының ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.

Талап қоюшы М[...] кассациялық шағымында бірінші және апелляциялық саты сотының іс бойынша қабылдаған сот актілерін заңсыз деп танып күшін жоюды, талап арызды әкімшілік сотқа негізінен қарауға жолдауды міндеттеу туралы шешім шығаруды сұраған.

Талап қоюшы М[...] кассациялық шағымның уәждерін қолдаған түсінігін, жауапкер өкілдері К[...], Е[...] және С[...] іс бойынша қабылдаған сот актілерін өзгеріссіз қалдыруды сұраған пікірлерін тыңдап, іс құжаттарын зерделеп, қассациялық сот алқасы төмендегі негіздерге байланысты дау айтылған сот актілері күшінде, шағым қанағаттандырылусыз қалдырылуға жатады деген қорытындыға келді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабының 1-бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларымен айқындалады.

АПК-нің 438-бабының 5-тармағына сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Осы іс бойынша аталған заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Іс материалдарынан анықталғандай, А . Ұ . М[...] аталған талап қою арызымен сотқа жүгініп, жауапкерлерді мемлекеттік тіл-қазақ тіліне қатысты нормаға қарсы заң бұзушылықтарды жою туралы шешім қабылдауды, Қазақстан Республикасы П[...] заң шығаруда тек қана мемлекеттік тілді қолдануын мәжбүрлеуді, П[...] мәжілісінің жаңадан сайланған депуттарының ант беру рәсімін заңсыз деп тануды, оны Қазақстан Республикасы П[...] қатысуымен өткізуін мәжбүрлеуді, Қазақстан Республикасы Т[...] – Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2010 жылғы 14 маусымдағы №289-IV Конституциялық Заңымен «Қазақстан «Республикасының Т[...]» деген сөздерден кейін - «Елбасына» деген сөзбен ресми толықтырылған осы нормативтік актінің заңдық күшіне еңбегенін ресми түрде ақпарат құралдарында хабарлауды мәжбүрлеу туралы шешім шығаруды сұраған. Бірінші сатыдағы сот талап қою арызын қайтарып, оны ӘРПК-нің 138бабы 2-бөлігінің 11)-тармақшасының негізінде іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтындығымен негіздеген.

Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың тұжырымымен келісіп, ұйғарымды өзгеріссіз қалдырған.

Жергілікті соттардың істі әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды деген тұжырымдары қате болып табылады. Талап қоюды қайтару негізінің қате көрсетілгеніне қарамастан, талап қоюды қайтару туралы іс жүргізу шешімін сот дұрыс қабылдады.

ӘРПК -нің 4-бабы бірінші бөлігінің 37) тармақшасына сәйкес, хабар деп әкімшілік рәсімге қатысушының Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің бұзылғаны, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың және олардың лауазымды адамдарының жұмысындағы кемшіліктер туралы хабардар етуі түсіндірілген.

А . Ұ . М[...] Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетіне мемлекеттік органдарын ресми отырыстарда құжаттары, сөйлеуі Конституцияға сәйкес тек қана мемлекеттік тілде болуы туралы жолданымы хабар болып табылды.

ӘРПК-нің 87-бабына сәйкес хабарламаларды қарауды мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға және олардың лауазымды адамдары сыртқы әкімшілік рәсімдерді көздейтін ӘРПК-нің 3-бөліміне сәйкес оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырады.

ӘРПК-нің 3-бөлімінде әкімшілік рәсімдердің кезеңдері 9-15-тарауларында көрсетілген:

    1. әкімшілік рәсімдерді қозғау;
    1. әкімшілік істі қарау;
    1. әкімшілік акт, оңайлатылған әкімшілік рәсім жағдайында жауап беру;
    1. қайта қарау (шағымдану);
    1. шағым бойынша қарау;
    1. шағым бойынша шешім.

ӘРПК-нің 4-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасына сәйкес, әкімшілік рәсім-бұл әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет.

Заңның келтірілген нормасына сүйене отырып, азаматтың мемлекеттік органдардын ресми отырыстарда құжаттары, сөйлеуі Конституцияға сәйкес тек қана мемлекеттік тілде болуы туралы хабарын қарау тәртібі жеңілдетілген әкімшілік рәсім болып табылады және ӘРПК нормаларымен реттеледі.

Әкімшілік Ә[...] міндеттерінің бірі мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруының заңдылығын сот бақылауы болып табылады, осыған байланысты әкімшілік рәсімді оның барлық кезеңдерін сақтай отырып жүзеге асырудың дұрыстығы әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.

ӘРПК-нің 9-бабына сәйкес, әрбір адам бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.

А . Ұ . М[...] заңда көзделген құқықты іске асыра отырып, сотқа әкімшілік талап арызбен жүгінген.

Сонымен қатар, ӘРПК-нің 131-бабында сәйкес, талап қоюда талап қою талаптарының мазмұны (талап қою нысанасы) және талап қоюшы өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды баяндау (талап қою негіздері), талап қоюшының құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылуының немесе бұзылу қаупінің мәні. Талап қою бірнеше жауапкерге берілген жағдайда, жауапкерлердің әрқайсысына қатысты талап қою талаптарының мазмұны көрсетілуі тиіс.

Талап қоюда, әдетте, талап қоюшының жауапкердің оның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны туралы, оларды жүзеге асыруға кедергілер белгілеу туралы не оған қандай да бір міндет заңсыз қою туралы негізделген пікірі де көрсетіледі.

Алайда, А . Ұ . М[...] әкімшілік талап қою арызында оның құқықтарын бұзу немесе бұзу қаупінің мәні неде екенін көрсетпеген, яғни жауапкерлердің оның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны туралы негізделген пікірін келтірмеген.

Яғни, сотқа талап қоюдың міндетті шарты талапкердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу болып табылады, оны қорғау және қалпына келтіру мақсатында ол әкімшілік дауды шешу үшін сотқа жүгінеді.

Бұл мән-жайлар, А . Ұ . М[...] әкімшілік талап қою арызының мазмұны ӘРПК-нің 131-бабының талаптарына сәйкес келмейтіндігін көрсетеді.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, алқа бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың сот талап қою арызын қайтару негіздемесі ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасы көрсетілуі тиіс, оған сәйкес сот, егер бұл талап қою осы Кодекстің 131-бабы екінші бөлігінің талаптарына сәйкес келмесе және алдын ала тыңдағанға дейін кемшіліктерді жоюдың мүмкін еместігі анықталса, талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады.

Талап қоюды қайтару негізінің қате көрсетілгеніне қарамастан, талап қою арызын қайтару туралы жергілікті соттардың тұжжырымы дұрыс, осыған байланысты даулы сот актілері күшінде қалдырылуға, ал талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдыруға жатады.

Қазақстан Республикасы ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігінің, АПКтің 451-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 31 мамырдағы ұйғарымына және Нұр-Сұлтан қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 28 маусымдағы ұйғарымы өзгеріссіз, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

Дуйсенбаев Г.Б.

Судьялар

Нажмиденов Б.Т. Нұрбаев Г.К.

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.