№6003-25-00-2к/4450
Қ А У Л Ы
2026 жылғы 16 ақпан Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші судья Г.С.Джаппарова, судьялар А.К.Есдаулетов, Н.Б.Ормаханов болып,
талап қоюшы өкілі Д.Ж.Албытовтың қатысуымен, бейне-байланыс құрылғысы арқылы ашық сот отырысында Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 30 маусымдағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымымен түскен,
талап қоюшы Улболсун Умирбаевна Бердиеваның жауапкер Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№9 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бұйрықты заңсыз деп танып күшін жою, жұмысына қайта орналастыру, бос жүруге мәжбүр болған бүкіл уақыты үшін жалақысын және моральдық зиянның өтемақысын өндіру жөніндегі электрондық азаматтық ісін қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы:
У.У.Бердиева сотқа аталған талап қоюмен жүгініп, онда заңсыздығына байланысты еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтың күшін жоюды, жұмысына қайта орналастырып, бос жүруге мәжбүр болған бүкіл уақыты үшін жалақысын және 200 000 теңге моральдық зиянның өтемақысын өндіруді сұраған.
Ақтау қаласының №2 сотының 2025 жылғы 2 сәуірдегі шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған, еңбек шартын бұзу туралы «№9 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Мектеп) 2024 жылғы 23 тамыздағы №01-34-404 бұйрығы заңсыз деп танылып күші жойылған.
У.У.Бердиева Мектептің бас есепшісі қызметіне қайта орналастырылып, оның пайдасына 1 932 000 теңге бос жүрген күндеріне жалақысы, моральдық зиянның өтемақысы ретінде 50 000 теңге өндірілген.
Сот шығыстары бөлінген.
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен сот шешімі өзгертіліп, шешімнің У.У.Бердиеваны бұрынғы жұмысына қайта орналастыру, бос жүрген күндеріне жалақы өндіру туралы бөлігінің күші жойылған. Бұл бөлігінде талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылған, шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Мектептен мемлекет пайдасына өндірілген 23 252 теңге мемлекеттік баж 3 962 теңгеге дейін төмендетілген.
Шешімнің өзгертілуіне, соттың еңбек шартының мерзімінің өтуінің, заңнама бойынша еңбек шартын бұзудың негіздемесі болып табылатыны туралы тұжырымға келуі негіз болған.
У.У.Бердиева кассациялық шағымын, материалдық құқық нормаларының бұзылуына, еңбек шартының мерзімі аяқталмас бұрын
бұзылуына, даулы бұйрықтың еңбекке жарамсыз болған уақытында шығарылғанына негіздеп, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұраған.
Кассациялық сот істегі бар дәлелдемелерді зерттеп, сотқа қатысушылардың түсініктерін тыңдап, кассациялық шағымның дәлелдерi шегiнде сот актiсінің заңдылығын тексерiп, шағым уәждерін талқылап, төмендегідей тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әріАПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 49бабының 2-тармағының, 51-бабының 1-тармағының талаптары бойынша, еңбек шарты мерзімінің аяқталуы еңбек шартын тоқтату үшін негіз болып табылады. Белгiлi бiр мерзiмге жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң өтуіне байланысты тоқтатылады.
«Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 28 қарашадағы № № 1 нормативтік қаулысының 12-тармағына сәйкес, еңбек шартын тоқтатудың заңдылығы туралы дауды шешу кезінде соттар еңбек шартының белгілі бір немесе белгіленбеген мерзімге жасалуына байланысты болатын жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату тәртібін сақтауын тексеруі қажет.
Кодекстің 30-бабының 2-тармағының талабына сәйкес, егер еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда тараптардың ешқайсысы соңғы жұмыс күні (ауысым) ішінде еңбек қатынастарын тоқтату туралы жазбаша хабардар етпесе, осы Кодекстің 51-бабының 2- тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ол бұрын жасалған дәл сол мерзімге ұзартылған деп есептеледі. Белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты көп дегенде екі ретке ұзартылуы мүмкін.
Анықталғандай, Мектептің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі №01-34-055 бұйрығымен У.У.Бердиева бір жыл мерзімге мектепке бас есепші болып жұмысқа қабылданған, жұмыс беруші мен жұмыскер арасында еңбек шарты жасалмаған.
Яғни, У.У.Бердиева 2023 жылғы 1 қыркүйегінен - 2024 жылғы 1 қыркүйегі аралығына жұмысқа алынған.
Алайда, бірінші сатыдағы сотпен 2025 жылғы 2 сәуірде шешім қабылдауда У.У.Бердиеваның еңбек шартының мерзімі аяқталғаны негізсіз ескерілмеген.
Расында, У.У.Бердиева 2024 жылғы 16 тамыздан бастап жыл соңына дейін еңбекке уақытша жарамсыз болғанымен, онымен даулы еңбек шартын бұзу туралы бұйрық 2024 жылғы 23 тамызда қабылданған, осы мән-жайларға байланысты бұйрық негізді заңсыз деп танылып, күші жойылған.
Сондықтан Мектеп У.У.Бердиеваға бос жүруге мәжбүр болған бүкіл уақыты үшін жалақысын емес тек еңбекке жарамсыз парақтары бойынша тиісті төлемдері жасауы тиіс болған.
Кодекстің 23-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сай жұмыс беруші жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне құқығы бар.
У.У.Бердиевамен еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалмаған, жұмыскермен шарт мерзімінің ұзартылу мәселесі әр тараптың құқығына жатады, жұмыс беруші талап қоюшымен еңбек шартын жалғастыруға ниет білдірмегені, аталған мерзімнің өтуі еңбек қатынастарын тоқтатуға жеткілікті негіз болып табылады.
Сонымен қатар, еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасымен емес еңбек шартының мерзімі аяқталуына байланысты тоқтатылғандықтан, У.У.Бердиеваның еңбекке жарамсыз парағында болуы, онымен еңбек шартының мерзімінің созылуына әкеп соқтырмайды.
Бұл тұрғыда кассациялық сот істің мән-жайларын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы соттың тұжырымдарымен келіседі, сәйкесінше кассациялық шағым уәждері дәлелсіз және негізсіз болып табылады.
Осы негізде кассациялық шағым қанағаттандырусыз, шағым берілген сот қаулысы күшінде қалдырылуға жатады.
АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 30 маусымдағы қаулысы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Г.Джаппарова
Судьялар Н.Ормаханов
А.Есдаулетов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.