ВС РК - Определение от 08.06.2022 по делу 6001-22-00-6ап/353 (Административное)

6001-22-00-6ап/353

ҰЙҒАРЫМ

2022 жылғы 8 маусым Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – судья С.Ү.Баймаханов,

судьялар Ш.Т.Даниярова, Г.К.Нурбаев болып,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «Ар-Иман» мүгедектердің қоғамдық қоры жауапкерлер «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне және «Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті» мемлекеттік мекемесіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 2021 жылғы 10 тамыздағы № 4-8/4104 хабарламаны және мемлекеттік сатып алудың 2021 жылғы 18 тамыздағы қорытындысын заңсыз деп тану туралы талабы бойынша әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (бұдан әрі – сот алқасы) 2022 жылғы 31 мамырдағы ұйғарымымен жауапкер «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілі М[...] ақшалай өндіріп алу қолданып он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 31 800 теңге өндірілген.

Алайда, аталған ұйғарымның қарар бөлігінде өндіріп алынған төлем мөлшері қате көрсетілгені анықталды, себебі Қазақстан Республикасының «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiші 3 063 теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 235-бабының 2-бөлігіне сай сот өз бастамасы бойынша немесе iске қатысатын адамдардың арызы бойынша шешiмде жiберiлген қате жазуларды және анық арифметикалық қателердi түзете алады.

Сот шешімдегі қате жазуларды және анық арифметикалық қателерді түзету туралы арызды өз қалауы бойынша, іске қатысатын адамдарды шақырмастан қарауға не сот отырысын тағайындауға құқылы.

Сот актісінде жіберілген қате, яғни тек өндіріп алу мөлшері дұрыс көрсетілмегенін және қабылданған шешімнің мәнін қозғамайтынын ескеріп, сот алқасы іске қатысатын адамдарды шақырмастан қарауға мүмкіндік бар деп тапты.

ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 452-бабы 2-бөлігін басшылыққа алып, сот алқасы

ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 31 мамырдағы ұйғарымның қарар бөлігінде он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндірілген сомасы «30 630 (отыз мың алты жүз отыз) теңге» деп түзетілсін.

Төрағалық етуші

С. Баймаханов

Судьялар

Ш. Даниярова

Г. Нурбаев

Көшірмесі дұрыс. Судья

С. Баймаханов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.