ВС РК - Постановление от 14.03.2024 по делу 6001-23-00-6ап/2569 (Административное)

Қ А У Л Ы

2024 жылғы 14 наурыз №6001-23-00-6ап/2569 Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов,

судьялар – Ш.Т.Даниярова, Ғ.Ө.Әлжанов болып,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы А[...] жауапкерлер «Абай облысы, [...] әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне, «Ақсуат ауданының жер қатынастары» мемлекеттік мекемесіне дау айту туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,

Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 26 маусымдағы ұйғарымына, Абай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 7 тамыздағы ұйғарымына талап қоюшы А[...] келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік ісін қарап,

Талап қоюшы А[...] жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгініп, онда Тарбағатай ауданы әкімінің 2014 жылы 5 қыркүйектегі №397 және 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 210 қаулыларының күшін жоюды сұраған.

Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 26 маусымдағы ұйғарымымен әкімшілік талап қою сотқа беруге арналған мерзімді өткізіп алуына байланысты қараусыз қайтарылған.

Абай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 7 тамыздағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.

Кассациялық шағымда талап қоюшы А[...] соттардың ұйғарымдарының күшін жоюды, әкімшілік талапты қарау үшін сотқа қайта жолдауды сұраған.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес сот отырысына тиісті түрде хабарлана тұра белгісіз себептермен қатыспаған тараптардың өкілдерінің қатысуынсыз істі қарауға кедергі жоқ.

Сот алқасы іс құжаттарын зерттеп, шағым уәждерін талқылап, келесідей тұжырымдарға келді.

ӘРПК 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Жергілікті соттар тарапынан мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Іс құжаттарынан анықталғандай, Шығыс Қазақстан облысы, [...] әкімінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы №859 қаулысы негізінде А[...] «А[...]» шаруа қожалығын жүргізу үшін 49 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен жалпы ауданы 40,0 га егістік жер учаскесі берілген.

Содан Тарбағатай ауданы әкімінің 2014 жылғы 5 қыркүйектегі №397 қаулысымен аталған жер учаскесі нысаналы пайданылмауына байланысты мемлекеттік жер қорына қайтарылған.

Аудан әкімінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №210 қаулысы негізінде Е[...] жалпы ауданы 111,16 га жер учаскесі 10 жыл мерзімге жалға берілген.

Соттар ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігінің 15) тармақшасын басшылыққа алып талап қоюды, оны сотқа беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартып қайтарған.

Бұл орайда соттар ӘРПК-нің 136-бабының 5-ші бөлігіндегі әкімшілік рәсімге қатыспаған адамға талап қоюдың бір жылдық мерзімін өткізіп алынғандағын негізді ескерген.

Себебі дауланып отырған әкімнің қаулылары 2014 жылғы 5 қырүйекте және 2020 жылғы 6 сәуірде қабылданған, ал әкімшілік талап қою сотқа 2023 жылы беріліп отыр.

Яғни, әкімшілік рәсімге қатыспаған тұлғаларға сотқа талап қою үшін көзделген бір жылдық мерзімі тиым салынған болып табылады және қалпына келтіруге жатпайды.

Сот алқасы жергілікті соттар көрсетілген заң нормаларына сілтеме жасап, талап қоюды негізді қайтарған деп табады.

Соттардың осы және басқа да негіздемелері сот актілерінде толық

көрсетілген.

АПК-ның 452-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

Осы Кодекстің 426-бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.

Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мәнжайларына сәйкес келетін сот актісін қайта қарауға негіз бола алмайды. ӘРПК-ның 169-бабын және АПК-ның 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 26 маусымдағы ұйғарымының, Абай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 7 тамыздағы ұйғарымының күші жойылсын, іс бірінші сатыдағы сотқа қайта қарауға жолдансын.

Талап қоюшы А[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

С.Баймаханов

Судьялар

Ш.Даниярова

Ғ.Әлжанов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.