ВС РК - Постановление от 22.05.2024 по делу 6001-24-00-3гп/206 (Гражданское)

6001-24-00-3гп/206

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 22 мамыр Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында: алқа төрағасы Н.К.Шәріпов,

судьялар Ш.С.Иманиязова, А.С.Савинова, прокурор М[...], талап қоюшының өкілі К[...], жауапкер М[...], жауапкерлердің өкілдері С[...], Р[...],

Ш[...], Ы[...], Д[...],

аудармашы М[...] қатысуымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-нің (бұдан әрі – Департамент) жауапкерлер Б[...], Б[...], М[...] , И[...], К[...], «G[...]» ЖШС-не (бұдан әрі – ЖШС), Төлеби ауданының Алатау ауылдық округінің әкіміне, «Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-ге, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалы Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Төлеби аудандық бөлімшесіне, жеке нотариустар А[...], О[...], даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға Төлеби ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне әкімнің шешімдерін, шарттарды және сәйкестендіру актілерді жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Төлеби аудандық сотының 2023 жылғы 27 сәуірдегі шешіміне және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 9 тамыздағы қаулысына Департаменттің келтірген өтінішхатымен келіп түскен азаматтық істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Департамент жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген. Төлеби аудандық сотының 2023 жылғы 27 сәуірдегі шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылып, Алатау ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 4 өзгеріс енгізілген шешімі және Төлеби ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімі мен Б[...] арасындағы 2017 жылғы 9 ақпандағы № 5 көлемі 14 000 шаршы метр жер учаскесін сатып алу-сату келісім шарты жарамсыз деп танылған.

Талап қоюдың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған.

Сонымен қатар, осы күнгі аталған соттың үйғарымымен талап қоюшының жер учаскесіне құқық беруді анықтау комиссиясының 2009 жылғы 3 қарашадағы хаттамасын, қорытындысын және сәйкестендіру актісін жарамсыз деп тану туралы талабының бөлігі бойынша іс жүргізу тоқтатылған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 9 тамыздағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Өтінішхатта арызданушы жергілікті соттардың қабылдаған шешімдерімен келіспей, олардың күшін жойып, талап қоюды толық көлемде қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы (бұдан әрі – сот алқасы) өтінішхат уәждерін талқылап, іс бойынша талап қоюшы өкілінің өтінішхат уәждерін қолдаған түсінігін, жауапкерлер өкілдерінің өтінішхатқа қарсы пікірлерін, прокурордың өтінішхат қанағаттандыруға жатпайды деген қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын тексеріп, мынадай тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Іс бойынша сот сатылары мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.

Іс құжаттарынан анықталғандай, 2009 жылғы 12 наурыздағы «Көктерек» өндірістік кооперативінің төрағасы Т[...] пен Б[...] арасында Төлеби ауданы, Алатау ауылында орналасқан жалпы алаңы 1480,1 ш.м орталық шеберхананы сатып алу-сату шарты жасалған.

2009 жылғы 4 қарашадағы Алатау ауылдық округі әкімінің № 77 шешімімен Түркістан облысы, [...] орналасқан Алатау ауылы, И[...] көшесі, № 11 ғимарат, кадастрлық іс №[...], нысаналы мақсаты «халыққа техникалық қызмет көрсету орталығы», жалпы ауданы 1 400 ш.м жер учаскесі Б[...] атына жеке меншік құқығымен сатып берілген.

Алатау ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 4 шешімімен әкімнің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 77 шешіміне «...Жалпы жер көлемінің ауданы 1 400 ш.м» деген сөздер «...Жалпы жер көлемінің ауданы 14 000 ш.м» деген сөздермен өзгертіліп оқылсын деп шешімге өзгеріс енгізілген.

Төлеби аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімі мен Б[...] арасындағы 2017 жылғы 9 ақпандағы № 5 жер учаскесін жеке меншік құқығымен сатып алу-сату келісімі жасалып, жер учаскесінің бағалау құны 3 094 000 теңге сатылған. Мәміле тіркеуші органда тіркелген.

2017 жылғы 20 шілдеде Б[...] пен М[...] арасында (жұбайларының келісімімен) даулы жерді сатып алу-сату шарты жасалып, нотариус А[...] нотариалды куәландырылған. Мәміле тіркеуші органда мемлекеттік тіркеуден өткен.

Ж[...].М[...] арызы негізінде Алатау ауылдық округі әкімінің даулы жердің «халыққа техникалық қызмет көрсету орталығы үшін» нысаналы мақсатын «минералды және шырынды сусындар шығаратын цехтің құрылысы үшін» деп өзгерту туралы 2019 жылғы 1 тамыздағы № 50 шешімі қабылданған, шешім мемлекеттік тіркеуден өткен.

«Төлеби аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 51 бұйрығымен М[...] алаңы 1,4 га жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасы бекітілген.

2019 жылғы 14 қарашада М[...] (жұбайының келісімімен) пен ЖШС-нің арасында даулы жерді сыйға тарту шарты жасалып, нотариус О[...] нотариалды куәландырылып, мәміле тіркеуші органда 2019 жылғы 15 қарашада мемлекеттік тіркеуден өткен.

«Төлеби аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 2019 жылғы 8 қазандағы № 837 жалпы көлемі 1 208,9 ш.м, 9 671 куб.метр минералды және шырынды сусындар шығаратын цехті қосалқы ғимараттарымен нысанды пайдалануға қабылдау туралы актісі жасалған. Акт тіркеуші органда 2019 жылғы 17 қазанда мемлекеттік тіркеуден өткен.

Жергілікті соттар, даулы жер учаскесіне қатысты қабылданған ауыл округі әкімі шешімдерінің заңсыз екенін, жеке меншік құқығы заңсыз сатылып берілгенін, ауданы 14 000 ш.м жер учаскесіне қатысты Төлеби аудандық жер учаскесіне құқық беруді анықтау комиссиясының тиісті хаттамасы қабылданбағанын, тұрақты жер комиссиясының қорытындысы берілмегенін, яғни даулы жерге құжаттар заңда белгіленген тәртіппен рәсімделмегенін көрсетіп, талап қоюды ішінара қанағаттандырған.

Сот алқасы жергілікті соттар іс бойынша мән-жайларды толықтай анықтап, даулы құқықтық қатынастарға дұрыс баға бере отырып, заң талаптарына сәйкес шешім қабылдаған деп санайды.

Атап айтқанда, Төлеби аудандық жер учаскесіне құқық беруді анықтау комиссиясының 2009 жылғы 3 қарашадағы №42 хаттамасы бойынша Б[...] 14 000 ш.м емес 1 400 ш.м жер учаскесі нысаналы мақсаты халыққа қызмет көрсету орталығы үшін деп қабылданған.

Соттар жергілікті атқару органдардың тарапынан Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 2-бөлігінің талаптары сақталмай қабылданған іс бойынша дауланып отырған әкімнің 2017 жылғы 6 ақпандағы №4 шешімі және Төлеби аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімі мен Б[...] арасындағы жер учаскесін жеке меншік

құқығымен сатып алу-сату туралы 2017 жылғы 9 ақпандағы №50 келісім шарты жарамсыз деген тұжырымға келген.

Талап қоюшының Алатау ауылдық округі әкімінің М[...] жер учаскесінің мақсатын өзгертіп беру туралы 2019 жылғы 1 тамыздағы №50 шешімін, 2017 жылғы 20 шілдедегі Б[...] пен М[...] арасында жасалған даулы жерді сатып алу-сату, 2019 жылғы 14 қарашадағы М[...] пен «G[...]» ЖШС-нің арасындағы даулы жерді сыйға тарту шарттарын, «Төлеби аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 2019 жылғы 8 қазандағы №837 нысанды пайдалануға қабылдау туралы актісін жарамсыз деп тану туралы талаптарын шешу барысында, жауапкерлерге сол мезгілде шарт жасауға ешбір кедергілер болмағанын, өз кезегінде олар жер учаскесін сатып алған кезде орынды сақтылық, парасаттылық, құнттылық танытқаны назарға алынған.

Бұдан басқа, сот сатылары жергілікті атқару органдардың тарапынан жіберілген заңбұзушылықтарына жауапкердің қатысы жоқтығын ескеріп, олардың даулы жер учаскесінде минералды су шығаратын үлкен өндіріс орнын салып, отыз шақты жұмыс орнын ашып, сол жердегі тұрғылықты азаматтарды жұмыспен қамтамас еткенін қаперге алып, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 260, 261-баптарына сүйене отырып, жер учаскесінің соңғы екі меншік иелерін адал алушылар деп тапқан.

«G[...]» ЖШС-нің қатысуышысының бірі шетел азаматы бола тұра өндіріс пайдасына инвестициялар жасағанын ескере отырып, жергілікті соттар шешім қабылдағанда әділдік пен ақылға сыйымдылық өлшемшарттар қағидаттарын алға тартқан.

Істің мұндай тұрғысында, сот алқасы талап қоюшының барлық уәждеріне жергілікті соттар тиянақты талдау жасап, сотта дау айтылған мәмілелерге заң тұрғысында баға бере отырып, тиісті заң нормаларын қолданған деген тұжырымға келді.

Сот сатылары істің мән-жайларына объективті баға берген және материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданған, сондықтан сот алқасы дау айтылған сот актілері күшінде, ал өтінішхат қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады деп санайды.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 9 тамыздағы қаулысы күшінде, талап қоюшы өкілінің өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Н. Шәріпов

Судьялар Ш. Иманиязова

А. Савинова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.