ҚАУЛЫ
2025 жылғы 23 қазан №6003-25-00-2к/913 Астана қаласы
Азаматтық істер жәніндегі кассациялық сот құрамында төрағалық етуші судья М.Т.Кадырова, судьялар А.З. Каирбеков, Р.А.Исполова,
прокурор А.Камашевтің,
талап қоюшының өкілі К.Өсерованың,
жауапкердің өкілі И.А. Бектұрғановтың қатысуларымен
ашық сот отырысында талап қоюшы «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының жауапкер «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне орындалған жұмыстар актісін жарамды деп тану және орындалған жұмыстардың қаржысын өндіру туралы азаматық істі талап қоюшының Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 31 қантардағы шешіміне және Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 сәуірдегі қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ:
«Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы (бұдан әрі-АҚ) жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.
Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 31 қантардағы шешімімен «Интергаз Орталық Азия» АҚ – ның талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшының өкілі К.Ж. Өсерова кассациялық шағымында бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар іс үшін маңызы бар мән-жайлардың шеңберін дұрыс анықтамағанын, талап қоюшы Ұлттық оператор ретінде магистральдық құбыр арқылы операторлық қызметтерді көрсету құқығына ие екенін соттар ескермегенін, материалдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыруды сұрады. Кассациялық сот шағымды қолдаған талап қоюшының өкілін, шағымға қарсылық білдірген жауапкердің өкілін, прокурордың қорытындысын тындап, келесі тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі -АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болады.
Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі –Заң) 39 – бабының 4- тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен форматтық-логикалық бақылау ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Заңның 2-бабының 31-3) тармақшасына сәйкес форматтық-логикалық бақылау – мемлекеттік сатып алу веб-порталында орнатылатын, мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық шектеулер кешені.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ы 2022-2023 жылдары «Тереңөзек» және «Жосалы» автоматтандырған газ тарату станцияларына және газ құбыры бұрыпына пайдалану қызметін жауапкермен жасалған шарт негізінде көрсеткен. 2024 жылы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ы форматтық-логикалық бақылау тізімінен шығарылғанын, сол себептен жауапкермен талап қоюшы арасында Заңға сай 11 айға, қантар айы мен қараша айлары аралығына келісім-шарт жасалмаған.
Бірінші және екінші сатыдағы соттар талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады деген тұжырымдамасын, тараптардын арасында міндеттеме туындамағанымен негіздеген. Соттардың аталған мән-жайларды негізге алып, жұмыстар актісін жарамды деп тану және орындалған жұмыстардың қаржысын өндіру туралы талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырғаны заңды. Талап қоюшы жауапкерге жолдаған хатқа сілтеме жасағанын ескеріп, осы хат оферта ретінде қабылдануға жатады деген дәйектеріне соттар дұрыс баға бере отырып, аталған хат тараптар үшін құқықтық салдар туғызбайды деген.
Егер әлеуетті өнім беруші тізілімнен шығарылған болса, ол мемлекеттік сатып алуға Заңда көзделеген тәртіппен қатысуға және шарт жасауға құқығы шектеледі. Сондықтан заңда көзделген тәртіп сақталмаса, мемлекеттік орган ол қызмет үшін төлем жүргізе алмайды.
Талап қоюшы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұлттық оператор болып табылғаны, жоғарыда көрсетілген тәртіпті сақтаудан босатылмайды. Талап қоюшы газбен қамту саласындағы ұлттық оператор болып табылғанымен, оның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі және шарт негізінде ғана жүзеге асырылуға
тиіс. Сондықтан талап қоюшының кассациялық шағымда көрсеткен уәждері негізсіз.
Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда тараптардың уәждері зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға берілген, материалдық және процестік құқық нормалары дұрыс қолданылған, соттардың талап қоюды қанағаттандыруға негіз жоқ деген қорытындылары дұрыс.
Сондықтан дауланып отырған сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып,
сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 сәуірдегі қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
М.Т. Кадырова
Судьялар А.З. Каирбеков
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.