КСАД РК - Постановление от 29.05.2026 по делу 6003-26-00-4к/328 (Административное)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 29 мамыр

№6003-26-00-4к/328 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші - судья М.А. Манабаева,

судьялар - Н.Е. Нуралыева, Н.М. Кабдрахманова,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының прокуроры Ж[...], талап қоюшы Б[...] және оның өкілі Т[...],жауапкердің өкілі Ж[...] қатысуымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Б[...] (бұдан әрі - Б[...], талап қоюшы) жауапкер «Қазақстан Республикасы Каржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитетінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Департамент, жауапкер) 2025 жылғы 27 ақпандағы №[...]/19 хабарламаны заңсыз деп тану, күшін жою және 2025 жылғы 28 наурыздағы №11 хабарламаларды заңсыз деп тану, күшін жою туралы талап қоюы бойынша,

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 8 шілдедегі шешіміне және Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы қаулысына жауапкердің келтірген кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы Департаментке жоғарыда аталған талаптармен сотқа жүгінген.

Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 8 шілдедегі шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Департаментінің талап қоюшы Б[...] қатысты қабылданған 2025 жылғы 27 ақпандағы кедендік декларацияларға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеру жүргізудің нәтижелері туралы №[...]/19 хабарламасы және 2025 жылғы 28 наурыздағы кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы,

өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы №11 хабарламасы заңсыз деп танылып, олардың күштері жойылған.

Сот шығыстарын бөлу жөніндегі мәселелер шешілген.

Кассациялық шағымында жауапкер жергілікті соттардың материалдық және процестік құқық нормаларын бұзуы даудың дұрыс шешілмеуіне әкеп соққанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды сұрайды.

Іс мәні бойынша қарау басталғанға дейін тала қоюшының өкілі Т[...] осы іс бойынша сот құрамына ауызша қарсылық білдірді. Қарсылықтың себебі ретінде кассациялық сот судьялары М.А. Манабаева, Н.А. Нұралыева және Қ[...] бұрын осыған ұқсас басқа істерді қарауға қатысқан, ал ол істер бойынша кассациялық соттың қарама - қарсы қорытындыларға келгенін көрсетті.

Талап қоюшы мен оның өкілінің сот құрамына қарсылық білдіруді қолдаған түсініктемелерін, жауапкер өкілінің және іске қатысушы прокуродың пікірлерін тындап, сот құрамына қарсылық білдіру жөніндегі ауызша уәждерді зерттей келе, кассациялық сот мындай корытындыларға келеді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 38 бабының бірінші бөлігіне сәйкес , с удья, егер ол:

  1. осы істі осының алдында қараған кезде медиацияны жүргізген судья, прокурор, куә, сарапшы, маман, аудармашы, консультант, тараптың немесе үшінші тұлғаның өкілі, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы ретінде қатысқан болса;

  2. іске қатысатын адамдардың немесе олардың өкілдерінің бірінің туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болса;

  3. істің нәтижесіне жеке өзі, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса не, егер оның бейтараптығына негізді күмән тудыратын өзге де мән-жайлар болса, істі қарауға және шешуге қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге (өздігінен бас тартуға) тиіс.

Осы баптың екінші бөлігіне сәйкес, істі қарайтын соттың алқалы құрамына өзара туыс, ерлі-зайыптылар немесе жекжаттар болып табылатын судьялар кіре алмайды.

Аталған судьяға қарсылық білдіру негіздерінің тізбесі толық болып табылады және кеңейтілген түсіндіруге жатпайды.

Талап қоюшы өкілінің бұл әкімшілік іс судьялары М.А. Манабаева, Н.А. Нұралыева және Қ[...] құрамындағы сот алқасының қарауына жатпайды деген уәждері негізсіз болғандықтан, қабылданбайды.

Көрсетілген уәждер осы әкімшілік істі кассациялық тәртіппен қарау кезінде судьялар құрамына қарсылық білдіруге негіз бола алмайды, себебі кассациялық сатыдағы сотта осы әкімшілік істі қараудың нәтижесіне аталған судьялар М.А. Манабаева, Н.А. Нұралыева және Н.М. Қабдрахманованың қандайда бір мүдделілігі бар екендігі немесе олардың бейтараптығына күмән келтіретін мән-жайлар талап қюшының өкілі Т[...] тарапынан ұсынылмаған, сондай ө ақ іс материалдарымен де анықталмаған.

Осыған байланысты, талап қоюшының өкілі мәлімдеген кассациялық сот судьялары құрамына қарсылық білдіру туралы өтінішті қанағаттандыру үшін негіздер жоқ.

Осыған байланысты, талап коюшының өкілі мәлімдеген әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот судьялары алқасының құрамына қатысты қарсылықты қанағаттандыруға негіздер жоқ, сондықтан бұл қарсылық қанағаттандырылмауға жатады.

Жоғарыда баяндалғандарың негізінді және Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 41-бабының бесінші, алтыншы және сегізінші бөліктерін басшылыққа ала отырып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Талап қоюшының өкілі Т[...] әкімшілік іс бойынша кассациялық сот судьялары алқасының құрамына: М[...], Н[...] және Н.М. Қабдрахмановаға қатысты мәлімдеген қарсылығы осы әкімшілік істі қараудан шеттету туралы өтініші қанағаттандырудан бас тартылысын.

М.А. Манабаева

Төрағалық етуші

Судьялар

Н.А. Нуралыева

Н.М. Кабдрахманова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.