№6003-25-00-3к/416
ҚАУЛЫ
2025 жылғы 16 қазан Астана қаласы
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші - судья К.А.Мусетов, судьялар Г.Б.Даулетова, М.К.Сатыбалдин,
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі прокурор А.Төремұратұлының,
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан тұлға Р.Н.Кайрбаеваның, оның адвокаты Ж.Ж.Курумбаеваның,
жәбірленуші И.Ш.Туребаевтың қатысуларымен,
кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2025 жылғы 28 ақпандағы және Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 19 наурыздағы қаулыларына Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотының төрағасының ұсынуымен келіп түскен,
Римма Нурлыбеккызы Кайрбаеваға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 434бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2025 жылғы 28 ақпандағы қаулысымен Р.Н.Кайрбаева ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге әкімшілік айыппұл салынған.
Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 19 наурыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылған.
Ұсынуында заңды күшіне енген сот қабылдаған қаулылары соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануындағы бірізділікті бұзатындығы туралы көрсетілген.
Қорғау тарабы ұсынуды қолдаған, жәбірленушінің сот қаулысын өзгеріссіз қалдыру туралы пікірін тыңдап, прокурордың сот актілерінің күшінде қалдыру жайлы қорытындысын тыңдап, сот іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жойып, ал ұсыну келесі негіздер бойынша қанағаттандыруға жатады.
ӘҚБтК-нің 851-бабы 5-бөлімінің 3) тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды кассациялық тәртіппен қайта қарауға қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын жағдайлар негіздер болып табылады 2025 жылғы 25 ақпандағы сот қаулысына сәйкес, Р.Н.Кайрбаева Қызылорда қаласы, Солжағалау мөлтек ауданы, Мұхамеджанов көшесі бойында орналасқан Қызылорда қаласының тарихи музейі маңында, яғни қоғамдық орында болған кезде, И.Ш.Туребаевқа қатысты былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
ӘҚБтК-нің 822-бабы 2-бөлігіне сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы заңды және негізделген болуға тиiс.
Р.Н.Кайрбаеваның сотта берген түсіндірмелерінен, 2025 жылғы 25 ақпанда ол жұмыста болған кезде, сол күні қар жауғандығын, ол көшеге шығып, тамбурға кіре бастағанда, бағбан И.Ш.Туребаев өзіне дөрекі түрде, «сен нағып әрі-бері жүрсің?» - дегенде, өзі оған үлкен адам бола тұра нағып былай сөйлейсіз деп кетіп қалғандығын, бірақ өзі оған қатысты былапыт сөздер айтпағандығын, яғни жұмыста өзі басшылықпен жағымсыз қарымқатынаста екендігін, полиция қызметкері мен басшылығы арасындағы өзіне қатысты сөздердің аудиожазбасын беріп, оны негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тартқандығын уәждеген.
И.Ш.Туребаевтың сотта берген түсіндірмесінен, 2025 жылғы 25 ақпанда музей алдында қар күреп жүрген уақытта, ғимараттан Р.Н.Кайрбаева кіріп-шығып жүргендіктен, оған ескертпе жасағанда, Р.Н.Кайрбаева өзіне қарсы былапыт сөздермен жауап бергендігін көрсеткен. Іс құжаттарына қарағанда, Р.Н.Кайрбаева техникалық қызметкерлерге қандай да бір талаптары болмаған, И.Ш.Туребаев тарапынан музейдің штаттық қызметкеріне қатысты дөрекі ескертуімен жауап берген әрекеті, қалыптасқан мінез-құлқына жауап болуы мүмкін. Бұл ретте бағбанның түсіндірмелерінің аудио-бейнежазбасы тіркелмеген және басқа дәлелдемелермен расталмаған, бұдан бөлек, жергілікті соттармен жанжалдың қай жерде, яғни музейге кірер алдында, мұражай тамбурында немесе үй-жайдың өзінде болғанын анықтамаған.
Осылайша, Р.Н.Кайрбаеваның қоғамдық тәртіпті бұзбағаны, былапыт сөздер айтпағандығы туралы уәждері жергілікті соттармен теріске шығарылмаған, дәлелденбеген.
ӘҚБтК-нің 741-бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу басталмайды, ал басталған іс Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылуға жатады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген сот, органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша iс жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстiң, осы Кодекстiң 1-бабында көрсетілген өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын дәлме-дәл сақтауға мiндеттi.
Істің мұндай тұрғысында, Р.Н.Кайрбаеваға қатысты іс жүргізу дәлелдемелердің жоқтығына байланысты тоқтатылуға, ал шағымдағы уәждері қанағаттандыруға жатады. Осыған орай, іс жүргізу тоқтатылып, бірінші сатылы соттың қаулысының және апелляциялық алқаның қаулысының күшін жоюға, ал Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасының ұсынуы қанағаттандырылуға жатады.
ӘҚБтК-нің 851-бабын басшылыққа ала отырып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2025 жылғы 28 ақпандағы және Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 19 наурыздағы Римма Нурлыбекқызы Кайрбаеваға қатысты қаулыларының күші жойылсын.
Римма Нурлыбекқызы Кайрбаеваға қатысты іс бойынша іс жүргізу оның әрекеттерінде ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылсын.
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші К.А.Мусетов
Судьялар Г.Б.Даулетова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.