Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 24.02.2026 по делу 6003-25-00-2к/1332 (Гражданское)

6003-25-00-2к/1332 (2)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 24 ақпан

Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков, судьялар А.О.Тогумбетова, Л.Б.Мамырбаева,

арыз беруші өкілі Е[...], шетел азаматы М[...] өкілі Ч[...] қатысуларымен, ашық сот отырысында арыз беруші Маңғыстау облысы, [...] полиция бөлімі мемлекеттік мекемесінің Қ[...] Республикасының азаматы (MINBAEVA ULBIKE MADENBAEVNA) М[...] Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шығарып жіберу туралы электронды азаматтық істі шетел азаматының өкілі Ч[...] берген Маңғыстау облысы Мұңайлы аудандық сотының 2025 жылғы 22 шілдедегі шешіміне кассациялық шағымы бойынша қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Арыз беруші шетел азаматы М[...] Қазақстан Республикасының заңнамаларын бірнеше рет бұзғаны үшін оны Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шығарып жіберу туралы арызбен сотқа жүгінген. Маңғыстау облысы Мұңайлы аудандық сотының 2025 жылғы 22 шілдедегі шешімімен арыз қанағаттандырылған. 1989 жылдың 11 қарашада туған Өзбекстан Республикасының азаматы М[...] Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шығарылған және өздігінен кетуге мерзім белгіленген. Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.

Шағымданушы қабылданған шешіммен келіспей, оның күшін жойып, арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Кассациялық шағымды қолдаған шетел азаматы М[...] өкілі Ч[...], шағымға қарсылық білдірген арыз беруші Е[...] тыңдап, іс құжаттарын, шағымның уәждерін зерделеп, кассациялық сот келесі тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.

Іс бойынша бірінші сатыдағы сотпен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Уәкілетті орган ұсынған деректердің негізінде Өзбекстан Республикасының азаматы М[...] Қазақстанда тұру барысында бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. М[...] 2025 жылғы 3 маусымда Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 492-бабының 4-бөлігімен, 437-бабының 1-бөлігімен, 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Демек, М[...] Қазақстан Республикасының заңнамасын

бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылуы оны елден шығаруға негіз болады.

Бірінші сатыдағы соттың Қазақстан Республикасының «Халықтың көшіқоны туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағы 2) тармақшасын, «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңының 28-бабының «в» тармақшасын, яғни осы заң нормаларының талаптарын ескеріп, арызды қанағаттандыруы заңды.

Жергілікті сот іс бойынша заңды маңызы бар мән-жайларды істі нақты қарау кезінде дұрыс анықтаған. Істің материалдары сотпен толық, жан-жақты және объективті зерттелген, тараптар ұсынған дәлелдемелерге сот тиісті құқықтық баға берілген.

Сондықтан дауланып отырған сот актісі күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу жөніндегі істерді қараудың сот практикасы туралы» 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 4 нормативтік қаулысының 18-тармағына сай, соттың шығарып жіберу туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылған кезде кассациялық сатының қаулысында шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға тиіс жаңа мерзім көрсетіледі.

Кассациялық сот М[...] Қазақстан Республикасының аумағынан 2025 жылдың 24 наурызға дейін шығарылуы тиіс деп санайды.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Маңғыстау облысы Мұңайлы аудандық сотының 2025 жылғы 22 шілдедегі шешімі күшінде, М[...] өкілі Ч[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын. (MINBAEVA ULBIKE MADENBAEVNA) М[...] Қазақстан Республикасының аумағынан 2025 жылдың 24 наурызға дейін шығарылсын.

Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков

Судьялар: А.О.Тогумбетова

Л.Б.Мамырбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.