6001-21-00-6ап/128
2022 жылғы 17 ақпан Нұр-Сұлтан қаласы
Қ А У Л Ы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші Баймаханов С.У.,
судьялар Ермагамбетова Ж.Б., Қайыпжан Н.Ү.,
талап қоюшы «Қ[...]» ӨК-нің өкілі Д[...], жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Түркістан облысы, [...] бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің өкілі С[...] қатысуларымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында қашықтықтан бейне-дыбыс жазу құралдарын қолдану арқылы талап қоюшы «Қ[...]» ӨК-нің жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Түркістан облысы, [...] бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-не камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 5 қазандағы, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 2 қарашадағы ұйғарымдарына талап қоюшының берген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы «Канай» өндірістік кооперативі (бұдан әрі - Кооператив) сотқа аталған талап қою арызбен жүгініп, онда жауапкермен өздеріне қатысты берілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 2021 жылғы 26 шілдедегі №5811QA200002, 2021 жылғы 28 шілдедегі №5811QA700002 және 2021 жылғы 24 тамыздағы №5811QB100006 хабарламаларды заңсыз деп тану туралы талап қою арызбен сотқа жүгінген. Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 5 қазандағы ұйғарымымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 136-бабы 7)тармақтарына сай талап қою арызы қайтарылған.
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 2 қарашадағы ұйғарымымен аталған сот ұйғарымы күшінде қалдырылған.
Кооператив кассациялық шағымында бірінші және апелляциялық саты соттарының ұйғарымдарының күшін жойып, оның талап қоюын негізінен қарауға бірінші сатыдағы сотқа жолдауды сұраған.
Талапкер өкілінің кассациялық шағымның уәждерін қолдаған түсінігін, жауапкер өкілінің кассациялық шағымға қарсы пікірін тыңдап, іс құжаттарын зерделеп, қассациялық сот алқасы төмендегі негіздерге байланысты дау айтылған сот актісі күшінде қалдырылуға жатады деген қорытындыға келді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әріАПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Осы іс бойынша бірінші және апелляциялық саты соттары аталған заң бұзушылықтарға жол бермеген.
Іс материалдарына қарағанда, 2021 жылғы 26 шілдедегі №5811QA200002, 2021 жылғы 28 шілдедегі №5811QA700002 дауланып отырған хабарламаларды талап қоюшы хабарламалар шыққан күні арнайы салық бағдарламасы арқылы қабылдап алған.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Салық кодексі) 188-бабына сай салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен шағым жасалады. Ал осы Салық кодекстің 178-бабының 1-тармағында салық төлеушінің тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде уәкілетті органға берiледi делінген.
Аталған баптардың талаптарына сәйкес, талап қоюшы уәкілетті органға шағымданғанда 30 жұмыс күн ішінде, ал сотқа шағымданғанда ӘРПК-нің 136-бабының 1-бөлігіне сай даулы әкімшілік актілерді алған күннен бастап, яғни 26 және 28 тамызға дейін сотқа шағымдануға тиіс болған. Алайда талап қоюшы аталған талаппен сотқа тек 2021 жылы 5 қыркүйекте жүгінген.
АПК-нің 126-бабының 2-бөлігіне сай, егер осы Кодексте белгіленген мерзімдерді өткізіп алу себептерін сот дәлелді деп таныса, сот оларды қалпына келтіруі мүмкін. Бірақ, талап қоюшы талап қою мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алғаны туралы сотқа дәлелдеме ұсынбаған.
Істің мұндай тұрғысында, жергілікті соттардың талап қоюшының жоғарыда көрсетілген екі даулы хабарламаны даулау туралы талаптарын кері қайтару туралы тұжырымдары дұрыс.
Сондықтан дауланып отырған бірінші және апелляциялық саты соттарының ұйғарымдары күшінде қалдырылуға жатады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 169бабының 1-бөлігінің, АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ: Осы әкімшілік іс бойынша қабылданған Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 5 қазандағы, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 2 қарашадағы ұйғарымдары күшінде қалдырылсын. Талап қоюшы «Канай» өндірістік кооперативінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші С. Баймаханов Судьялар Ж. Ермагамбетова Н. Қайыпжан
Көшірмесі дұрыс Судья Н. Қайыпжан
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.