Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 17.09.2025 по делу 6003-25-00-2к/602 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 17 қыркүйек №6003-25-00-2к/602 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар А.А.Бакытжанова, Ч.И.Майшыбаев,

талап қоюшының өкілі - А.Темиров, жауапкер Б.Стамкулов, оның өкілі Н.Мусакулов, жауапкер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілі Е.Алишев, бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуымен, ашық сот отырысында, талап қоюшы Лебаев Инкарбек Тилеуовичтің жауапкерлер Стамкулов Багдат Абдиллахатовичке, Лебаев Жәнібек Ғұламұлына, «Орынбай» шаруа қожалығына, Орынбаев Марат Калжановичке, «Қазығұртнесие» кредиттік серіктестік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - ЖШС), «Қазығұрт аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына берген, жауапкердің жағында даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар: Қазығұрт аудан әкімдігі, «Аманкелді» ЖШС-і, аукцион хаттамаларын және мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы электрондық азаматтық істі Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 21 ақпандағы ұйғарымына және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 08 сәуірдегі ұйғарымына жауапкер Б.А.Стамкуловтың өкілі А.К.Кайрбектің келтірген кассациялық шағымымен қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 2 қыркүйектегі шешімімен талап қанағаттандырылған.

«Қазығұрт несие» кредиттік серіктестік» ЖШС-нің жер учаскелерін жалдау құқығын ашық аукционда сату туралы 2013 жылғы 16 мамырдағы №2 және №3 хаттамалары, олардың негізінде «Қазығұрт несие» кредиттік серіктестік» ЖШС-і мен Б.А.Стамкулов арасында жасалған 2013 жылғы 16 мамырдағы №2 және №3 санды жер учаскелерін жалдау құқығын сатып алусату келісім шарттары жарамсыз деп танылған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 10 сәуірдегі қаулысымен жоғарыда көрсетілген сот актілерін кассациялық сот алқасына қарауға беруден бас тартылған.

Жауапкер Б.Стамкулов жоғарыда аталған сот актілерінде талап қоюшы

Ж.Лебаевтың аукцион туралы мүлде хабарсыз болғаны, сондықтан талап қоюдың ескіру мерзімі өткізілмегені көрсетілгені, алайда, «Киелі Қазығұрт» жергілікті ресми басылымда (2013 жылғы мамырдағы №10 газет басылымы) Лебаевтың және «Нурбай» ЖШС-нің жер учаскелерінің аукционға шығарылатыны туралы жарияланғаны, ал, бұл мән-жай оның 2013 жылы аукцион туралы хабардар болғанының дәлелі екенін, демек, оның талап қоюдың ескіру мерзімін өткізіп алғанын көрсетіп, жоғарыдағы сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша күшін жойып, істі қайта қарап, талап қоюға ескіру мерзімін қолданып, қанағаттандырудан бас тартуды сұраған. Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 21 ақпандағы ұйғарымымен жауапкер Б.Стамкуловтың сот шешімін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызы қанағаттандырудан бас тартылған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 08 сәуірдегі ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы өзгеріссіз, жауапкердің жеке шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Кассациялық шағымында жауапкер Б.Стамкуловтың өкілі осы сот ұйғарымдарының күшін жоюды, «Киелі Қазығұрт» газетінің жарияланымын жаңадан ашылған мән-жай деп танып, істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жолдауды сұраған.

Жауапкердің және оның өкілінің кассациялық шағымды қолдаған, талап қоюшының және үшінші тұлғаның өкілдерінің қарсы пікірлерін тыңдап, іс құжаттарын зерделеп және шағымның уәждерін тексеріп, кассациялық сот төмендегідей тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әріАПК) 455-бабы 2-3 бөліктеріне сәйкес: шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін: 1) заңды күшіне енген сот үкімімен, қаулысымен, қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың қаулыларымен анықталған куәгердің көрінеу жалған айғақтары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, заңсыз не негізсіз шешім шығаруға әкеп соққан құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы; 2) заңды күшіне енген сот үкімімен, қаулысымен, қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың қаулыларымен анықталған тараптардың, іске қатысатын басқа да адамдардың не олардың өкілдерінің қылмыстық құқық бұзушылығы немесе судьялардың осы істі қарау кезінде жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы; 3) осы шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығаруға негіз болған сот шешімінің, үкімінің, ұйғарымының немесе қаулысының не өзге де мемлекеттік орган қаулысының күшін жою негіздер болып табылады.

Жаңа мән-жайларға: 1) істі қарау және шешу кезінде преюдициалдық маңызы болған сот актісінің күшін жою; 2) сот актісі шығарылғанда негізге алынған мәмілені жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі; 3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының сот актiсi шығарылған кезде қолданылған заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді конституциялық емес деп тануы; 4) орындалуы туралы сот актісі шығарылған төрелік шешімнің күшін жою жатады.

Кассациялық сот жергілікті соттардың жауапкердің сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызын қанағаттандырудан бас тартқанын орынды деп санайды, себебі арызда көрсетілген мән-жайлар жоғарыда көрсетілген заңмен ескерілген негіздерге жатпайды.

Демек, іс бойынша маңызы бар мән-жайлар толық анықталған, оларға қатысты құқық нормалары дұрыс қолданылған, шағымдалып отырған сот актілерінің күшін жоюға АПК-нің 438-бабының 5 бөлігіне сәйкес негіздер жоқ. АПК-ның 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 21 ақпандағы ұйғарымы және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 08 сәуірдегі ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылсын, жауапкердің өкілінің кассациялық шағым қанағаттандырудан бас тартылсын.

Төрағалық етуші судья

Ғ.Бастаубаев

Судьялар

А.Бақытжанова

Ч.Майшыбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.