ҚАУЛЫ
2025 жылғы 9 қазан №6003-25-00-2к/832 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында төрағалық етуші судья М.Т.Кадырова,
судьялар А.З. Каирбеков, Р.А.Исполова, талап қоюшының өкілі С.М. Алпысбайдың,
жауапкердің өкілі А.А. Сейдимбектің қатысуларымен
ашық сот отырысында талап қоюшы «Қосшы қаласының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесінің жауапкер «Қосшы» қайырымдылық мекемесін мәжбүрлі түрде тарату туралы талап қоюы бойынша азаматық істі жауапкердің өкілі А.А. Сейдимбектің Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 30 сәуірдегі шешіміне және Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 шілдедегі қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы «Қосшы қаласының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Прокурор) жауапкер «Қосшы» қайырымдылық мекемесіне (бұдан әрі – Мекеме) тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар негізінде мәжбүрлі түрде тарату туралы талап қоюымен сотқа жүгінген.
Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 30 сәуірдегі шешімімен Прокурордың талап қоюы қанағаттандырылған. «Қосшы» қайырымдылық мекемесі мәжбүрлі түрде таратылған.
Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Жауапкердің өкілі А.А. Сейдимбек кассациялық шағымында бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар іс үшін маңызы бар мән-жайлардың шеңберін дұрыс анықтамағанын, Мекеме білім беру ұйымы болып табылмайтынын, материалдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.
Кассациялық сот шағымды қолдаған жауапкердің өкілін, шағымға қарсылық білдірген талап қоюшының өкілін тындап, келесі тұжырымға келді. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болады.
Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.
Коммерциялық емес ұйымдарды құру және олардын қызметі Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңымен (бұдан әрі-Зан) реттеледі. Осы Заңның 4- бабы бойынша коммерциялық емес
ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, бiлiм беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ қоғамдық игiлiктердi және өз мүшелерiнiң (қатысушылардың) игiлiктерiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдар Занңын 5-бабының 2 –тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға міндетті. Іс құжаттарына сәйкес, Мекемеде прокуратура органдарымен тексеру жүргізіліп, тексеру нәтижелері бойынша заң бұзушылықтары анықталған. «Қосшы» қайырымдылық мекемесінде ата-аналарынан алынған сенімхаты негізінде кәмелетке толмаған 15 балалар тұрақты тұратындары, мектепке сол жерден барытындары анықталған. Бұл жағдай балалардың тәрбиесіне араласу фактісі деп сипатталған. Нәтижесінде Прокурор Мекеме мәжбүрлі түрде тарату ға жатады деп сотқа жүгінген.
Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап қоюды қанағатандырып, Мекеме мәжбүрлі түрде таратылуға жатады деген тұжырымға келген.
Кассациялық сот соттардың тұжырымдарымен толық келіседі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 49бабының 2-тармағының 4,5-тармақшасына сәйкес, соттың шешiмi бойынша заңды тұлға: қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асырған: заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті үнемі жүзеге асырған; қызметін тиісті лицензиясыз не заңнамалық актілерде тыйым салынған қызметті жүзеге асырған; басқа да заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда таратылуы мүмкін.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 60-бабына сәйкес баланың өз ата-анасының тәрбиесіне, өз мүдделерiнің қамтамасыз етiлуіне, жан-жақты өсiп-жетiлуiне, өзінің адами қадiрқасиетiнiң құрметтелуiне құқығы бар.
Іс материалдарынан Мекеме ата-ананың тәрбиелік функцияларын заңсыз түрде атқарғаны анықталған. Ата-аналардың өтініші немесе сенімхаты басқа біреуге баланы тәлім-тәрбие беру ролін заңды түрде жүзеге асыру құқығын бермейді. Мұндай құқық тек заңды өкілдерге ғана тиесілі.
Сонымен қатар, балалар тұрып жатқан мекеменің бөлмелері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес келмейтіні, санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар өрескел бұзылуы фактілері анықталған.
Ж ауапкердің қызметі заңмен қорғалатын балалардың құқықтарын бұзады. Сондықтан кассациялық шағымда келтірілген қызметтің заң талаптарына сәйкестігі жөніндегі уәждер іс бойынша анықталған мәнжайларға қайшы келеді. М ұндай қызметті реттейтін заңнамалардың қағидалары өрескел бұзылған, сол себепті қызметінде жіберілген бұзушылықтар Мекемені мәжбүрле түрде таратылуға негіз болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Білім беру» Заңның 1 –бабының 11) тармақшасына сәйкес білім беру қызметі - білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс. Сондықтан, соттардың «Қосшы» қайырымдылық мекемесі қызметін тиісті лицензиясыз жүзеге асырған деген қорытындылары дұрыс.
Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда тараптардың уәждері зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға берілген, материалдық және процестік құқық нормалары дұрыс қолданылған. Сондықтан дауланып отырған сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 шілдедегі қаулысы күшінде, жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
М.Т. Кадырова
Судьялар А.З. Каирбеков
Р.А. Исполова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.