КСАД РК - Постановление от 28.01.2026 по делу 6003-25-00-4к/2429 (Административное)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 28 қаңтар 6003-25-00-4к/2429 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші – Д.Ә. Әбдіғалиев,

судьялар – Г.М. Ыдырысова, М.А. Қасымов болып,

прокурор А.Я. Нуртазанованың, жауапкердің өкілдері Д.А. Джунусова мен А.А.Мухтаровтың, мүдделі тұлға «Консоль-2020» ЖШС-ның директоры Б.Битеновтың қатысуыларымен,

ашық сот отырысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери инфрақұрылымының Бас басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Аудит комитеті) 2025 жылғы 20 ақпандағы №КВ/678 нұсқаманы заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 28 мамырдағы шешіміне, Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 тамыздағы қаулысына жауапкер өкілі мен мүдделі тұлға Н.Н.Денисенконың берген кассациялық шағымдарымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы 2025 жылғы 20 ақпандағы №КВ/678 нұсқамасын заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 28 мамырдағы шешімімен аталған талап қою қанағаттандырылған.

Аудит комитетінің бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы №КВ/678 нұсқамасы заңсыз танылып, күші жойылған.

Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 тамыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Жауапкер және мүдделі тұлға Н.Н.Денисенко кассациялық шағымдарында бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жоюды сұраған.

Мүдделі тұлға Н.Н.Денисенкодан сот отырысына қатыса алмайтыны туралы өтініш келіп түсті.

Талап қоюшы мен мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Гвардейск аудандық пайдалану бөлімі» РММ, «NDT ИНЖИНИРИНГ» ЖШС және «Ордаинжиниринг» ЖШС өкілдерінен Астана қаласына бара алмауына байланысты бейнеконференцбайланыс режимінде сот отырысына қосылу туралы өтінішхаттар түсті. Алайда, бұл өтінішхаттар қанағаттандырусыз қалдырылуға жатпайды, себебі сот отырысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының ғимаратында міндетті түрде жеке қатысу арқылы өткізуге тағайындалған, бұл туралы іске қатысушы тұлғалар алдын-ала хабарланған. Аталған мән-жай кассациялық сатыдағы сотта сот отырысын өткізу форматын өзгертуге негіз болып табылмайды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Кассациялық сот кассациялық шағымдардың уәждерін тексеріп, іс құжаттарын зерттеп, ұсынылған дәлелдемелерді бағалай келе, келесідей қорытындыға келеді.

ӘРПК-нің 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Төмен тұрған соттармен мұндай бұзушылықтарға жол берілмеген.

Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда, Аудит комитетімен мүдделі тұлға Н.Н. Денисенко мен А.К. Ашановтың қызметтік жазбасы негізінде 2024 жылғы 2 желтоқсан мен 2024 жылғы 27 желтоқсан аралығында қамту кезеңі 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанды қамтитын аралықта Басқарманың «Консоль-2020» ЖШС және «NDT инжиниринг» ЖШС-ның мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша шарттық міндеттемелерді орындау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне қатысты сәйкес аудит жүргізген.

Аудит нәтижесінде 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №85-Т аудиторлық есептің нәтижелерімен 7493, 0 мың теңгенің бюджетке өтеуге жататын қаржылық бұзушылықтарды анықталған. Соның ішінде: 2021 жылғы 16 маусымдағы №210189/00 жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартының (бұдан әрі – 1 шарт) 2.1., 4.1. тармағының 1) және 3) тармақшасы, 6-тармағы, 2021 жылғы 12 наурыздағы №210112/00 қызметтерді сатып алу туралы шартының (бұдан әрі – 2 шарт) 1.1.-тармағы, 3.1.-тармағының 1) және 3) тармақшасы, 5.2.тармағының талаптарын бұза отырып, өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған мүдделі тұлғалар «Консоль-2020» және «NDT инжиниринг» ЖШС-тері мердігерлерге жалпы соммасы 7493,0 мың теңге теңге («Консоль-2020» ЖШС - 1 221,0 мың теңге, сомасы 1 544,8 мың теңге сәйкес келмейтін жұмыстардың құнына 0,79 шарттық коэфицентін ескере отырып; «NDT» ЖШС - 6 272,0 мың теңге) негізсіз төйлем жүргізілгендігіні анықталған.

Басқарма бұл аудиторлық есеппен келіспей, Аудит комитетінің апелляция департаментіне 2025 жылғы 14 қаңтардағы №30/30-11/135 санды хатпен 2024 жылғы 27 желтоқсандағы аудиторлық есеп бойынша қарсылық жолдаған.

Апелляция департаментімен 2025 жылғы 24 қаңтардағы №ДАВГА-01ДА/478-И хатына сәйкес апелляциялық комиссия отырысында дауыс беру қорытындысы бойынша қарсылықты қараудан бас тарту туралы шешім қабылданған.

Аудит нәтижесі бойынша талап қоюшыға 2025 жылғы 20 ақпанда №- КВ/681 анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама берілген.

Төмен тұрған сатыдағы соттар талап қоюды қанағаттандыра отырып, даулы нұсқама ӘРПК-нің 7, 8, 10, 12, 14-баптарында белгіленген заңдылық, әділеттілік, мөлшерлестік, құқықтар басымдығы және формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу қағидаттарын бұза отырып шығарылған деген қорытындыға келген.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабына сәйкес мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттарының бірі объективтілік – Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде объективті тәсілдерді қолдануы және мүдделер жанжалын болғызбау болып табылады.

Заңның 20-бабына сәйкес аудиторлық дәлелдемелер мемлекеттік аудиторлардың жұмыстағы бұзушылықтардың және кемшіліктердің болуын немесе болмауын анықтауына негіз болатын, заңдылығы, анықтығы және қолжетімділігі ескерілген нақты деректер, сондай-ақ аудиторлық есепте жазылған фактілерді растайтын өзге материалдар болып табылады.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қорытындылар, ұсынымдар мен тапсырмалар қалыптастыруға негіз болатын аудиторлық дәлелдемелер оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес объективті, анық және жеткілікті болуға тиіс.

Заңның 20-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес аудиторлық дәлелдемелердің негізі тікелей мемлекеттік аудит объектісінде жиналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, басқа да анық көздерден алынған құжаттар (материалдар мен ақпарат) болып табылады.

Құжаттарда жазбаша, сол сияқты өзге де нысанда тіркелген мәліметтер қамтылуы мүмкін. Құжаттарға, оның ішінде түсініктемелер, қаржылық және өзге де құжаттар, түгендеу актілері, анықтамалар, бақылап өлшеу актілері, сондай-ақ электрондық ақпаратты, фотосуреттерді қамтитын материалдар жатады.

Сондай-ақ, даулы нұсқама шығарылған, ұсынылған 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №85-Т аудиторлық есепте, 1-Шарт бойынша орындалған жұмыс пен сарапшылық қарау (2021-2024 жылдар) арасында айтарлықтай уақыт кезеңінің өтуі себебінен қазандықтардың ішінде жүргізілген жасырын жұмыстардың түрлері мен көлемін анықтау мүмкін еместігі тікелей көрсетілген; құрылыс материалдарының және қазандықтар мен қосалқы жабдықтардың конструкцияларының жинақталған пайдалану тозуы себебінен Е1/9 үш бу қазандығына және мазут шаруашылығы қазандығының технологиялық (қосалқы) жабдығына, бақылау-өлшеу құралдарына және автоматикасына (бұдан әрі - БӨҚжА) ағымдағы жөндеу бойынша жүргізілген құрылыс-монтаждау жұмыстарының толық тізбесін толық көлемде анықтау мүмкін емес.

Іс материалдарынан 1-Шартты орындау бойынша 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №85-Т аудиторлық есеп тексеруге тартылған 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №28-24/3С маманның аудиторлық тексеру шегіндегі қорытындысының (бұдан әрі – маманның қорытындысы) ұсынылған құжаттар көлемінде ғана жүргізілгеніне негізделгені шығады.

Аудиторлық есепте және даулы нұсқамада көрсетілген 1 544 857 теңге сомасын маман сметалық құжаттаманы және ақау актісін салыстыру жолымен айқындады, бұл ретте маман орындалған жұмыстар актісінде көрсетілген жұмыстардың негізгі түрлері 2021 жылғы 4 ақпандағы ақау актісінде және сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстардың тізбесі мен көлеміне сәйкес келетіндігін анықтады.

Ақау актісінде бу тығыздығына сынауға дейін жүргізілетін қазандықты сілтілеу бойынша жұмыс көзделмеген. Қазандықтарды сілтілеу бойынша жұмыстар газ-мазут отынымен жұмыс істейтін қазандықтар бойынша сметалық құжаттамада көзделмегендіктен, жұмыстың осы түрін көздейтін шаңды көмір отынымен жұмыс істейтін қазандықтар бойынша тәсіл қолданылды.

Алайда, бұл жұмыстар орындалмады деп тану үшін жеткілікті негіз болып табылмайды, осыған байланысты Аудит комитетінің осы позиция бойынша 1 439 558 теңге сомасына екі қазандықты жөндеу құнын өтеу туралы қорытындысы негізсіз.

Сметалық құжаттамада сметалық бағдарламадағы ақау актісінде көрсетілген жұмыс түрінің болмауына байланысты жалпы немесе жақын атауы бар жұмыс түрін көрсету оларды нақты орындау кезінде 80 605 теңге және 24 694 теңге сомасына осы жұмыстардың құнын өтеу туралы талаптың жеткілікті негізі болып табылмайды. Бұл ретте, Аудит комитеті осы позициялар бойынша нақты орындалған немесе орындалмаған жұмыстардың құнын негіздемеді және белгілемеді.

2023 жылы үш қазандықтың біреуі 90% зақымдануына байланысты одан әрі пайдалануға жарамсыз деп танылды және есептен шығарылды деген апелляциялық шағымның уәждері басқа екі қазандық бойынша жұмыстарды орындалмады деп тануға негіз болып табылмайды, өйткені үшінші қазандықта аудиторлық есепте көрсетілген жұмыстар жүргізілмеген.

Даулы нұсқамамамен «NDN Инжиниринг» ЖШС көрсетілген қызметке 2-Шарт бойынша өнім берушінің шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамау себебі бойынша төлеген 6 272,0 мың теңгенің барлық сомасын қайтару ұйғарылған.

Аудиторлық есепке сәйкес, осы қорытынды техникалық ерекшелікте көрсетілген бастапқы деректерді 2-Шарт бойынша жұмыстарды қабылдау актісімен салыстыру нәтижелеріне негізделген, оған сәйкес қабылдау актілерінде алты жұмыс түрі жоқ.

Техникалық кеңесте (2021 жылғы 12 наурыздағы №2101112/00 хаттама аудиторлық есепте орындалмаған ретінде көрсетілген жұмыстардың көлемін негізгі шарттық соманы өзгертпестен және дефектоскопия бойынша жұмыстарды өзге тәсілмен жүргізбестен 2-Шарт бойынша өнім берушінің міндеттемелерінен алып тастау туралы шешім қабылданды.

Бұл ретте, Аудит комитетімен жүргізілген дефектоскопия бойынша барлық құжаттаманы толық көлемде зерттемеген және орындалған жұмыстардың нақты құны анықтамаған.

Осылайша, жергілікті соттардың Заңның 6 және 20-баптарында талаптарды бұза отырып шығарылған даулы нұсқамаға дұрыс баға берілген.

Кассациялық сот төмен тұрған соттардың тұжырымдарымен келісіп, ӘРПК-нің 6-бабының 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаттарын бұзу оның сипатына және елеулі болуына қарай әкімшілік актілерді, әкімшілік әрекеттерді (әрекетсіздікті) заңсыз деп тануға әкеп соғады деген тұжырымдары заңды әрі негізді деп санайды.

АПК-нің 426 және 452-баптарына сәйкес, жаңа дәлелдердің болмауына байланысты шағым қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін АПК-да көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

Кассациялық шағымның уәждері мазмұны, мәні және мақсаты жағынан бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда келтірілген уәждерге ұқсас болып табылады. Аталған уәждер төмен тұрған сатыдағы соттарда қаралып, оларға тиісті құқықтық баға берілген. Кассациялық шағымда жаңа уәждер келтірілмеген.

Іс бойынша мән-жайлар дұрыс анықталып, материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына немесе дұрыс қолданылмауына жол берілмегендіктен, кассациялық сот сот актілерінің күшін жоюға негіздер жоқ деп санайды.

Жоғарыда аталғанның негізінде, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың сот актілері күшінде қалдырылуға, ал жауапкер өкілі мен мүдделі тұлғаның кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады. ӘРПК–нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Осы іс бойынша Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 28 мамырдағы шешімі, Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 тамыздағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Жауапкер өкілі мен мүдделі тұлға Н.Н.Денисенконың кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Д.Әбдіғалиев

Төрағалық етуші

Судьялар

Г.Ыдырысова

М.Қасымов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.