Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Определение от 18.06.2026 по делу 6003-26-00-2к/120 (Гражданское)

ҰЙҒАРЫМ

2026 жылғы 18 маусым №6003-26-00-2к/120 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың судьясы А.А.Даненова, Ақтау қаласы прокурорының «Kaspi Bank» акционерлік қоғамына несие шарты негізінде берілген кепіл шарты бөлігінде мәмілені жарамсыз деп тану, несиені қайтару міндеттемесінен босату және негізсіз төленген несие қаражатын қайтару туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі, талап қоюшының Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының 2025 жылғы 9 сәуірдегі шешіміне және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 шілдедегі қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша зерделеп,

АНЫҚТАДЫ:

Ақтау қаласының прокуроры азаматтардың мүдделері үшін сотқа жоғарыда көрсетілген талап қоюымен жүгінген.

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының 2025 жылғы 9 сәуірдегі шешімімен талап арыз қанағатандырусыз қалдырылған.

Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 54-бабының екінші бөлігіне сәйкес, прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы прокурордың қатысу қажеттігін сот таныған жағдайда міндетті болып табылады.

Кассациялық сот осы іс бойынша прокурордың сот отырысына қатысуын міндетті деп таниды.

Іс материалдарынан дау азаматтардың мүліктік құқықтарына, сондай-ақ көпшілік тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға байланысты туындағаны көрінеді. Талап қою прокурормен көптеген азаматтардың мүдделерін қорғау мақсатында берілген.

Осыған байланысты, АПК-нің 219-бабының талаптарына сәйкес даудың мәні бойынша қорытынды беру үшін прокурордың қатысуы қажет.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 54, 219 және 450-баптарын басшылыққа алып, сот

ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:

Талап қоюшы Ақтау қаласы прокурорының жауапкер «Kaspi Bank» акционерлік қоғамына несие шарты негізінде берілген кепіл шарты бөлігінде мәмілені жарамсыз деп тану, несиені қайтару міндеттемесінен босату және негізсіз төленген несие қаражатын қайтару туралы азаматтық ісін кассациялық тәртіппен қарау кезінде прокурордың қатысуы міндетті деп танылсын. Судья А.А Даненова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.