Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 20.01.2026 по делу 6003-25-00-2к/3532 (Гражданское)

6003-25-00-2к/3532

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 20 қаңтар

Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков,

судьялар В.Е.Тохтарбаева, Л.Б.Мамырбаева,

талап қоюшының өкілі Қ.Аманқосұлының, жауапкер«Caspian Space» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ғ.Ғизатовтың, даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың өкілі Ш.Қаршығаеваның қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер «Caspian Space» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі- ЖШС, серіктестік), «Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы комерциялық емес акционерлік қоғамына өз бетімен салынған заңсыз құрылысты мәжбүрлеп бұзу, тұрғын емес үй-жайды меншік иесінің дербес пайдалануға қабылдау актісін жарамсыз деп тану және даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар Гуляим Нурболатовна Сараеваның, Олжас Бауржанович Куламбаевтің, Иван Андреевич Овгановтың, Ержан Нуридинович Омаровтың, Сергазы Культореевич Нурбаевтің жауапкер «Caspian Space» ЖШС-не заңсыз орнатылған жүйелерді мәжбүрлеп бұзу туралы электронды азаматтық істі жауапкер «Caspian Space» ЖШС-нің өкілі Ғ.М.Ғизатовтың Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 15 қаңтардағы шешіміне және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 1 сәуірдегі қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,

АНЫҚТАДЫ :

Талап қоюшы «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Мекеме) жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар жауапкер «Caspian Space» ЖШС-не заңсыз орнатылған жүйелерді мәжбүрлеп бұзу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 15 қаңтардағы шешімімен Мекеменің талап қоюы қанағаттандырылған, 2021 жылы 30 қарашада «Caspian Space» ЖШС-мен Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 62 үй, №5 тұрғын емес үй-жайды меншік иесінің дербес пайдалануға қабылдау актісі жарамсыз деп танылған.

«Caspian Space» ЖШС-мен Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, №62 тұрғын үйдің жанындағы өз бетімен иеленген жер учаскесін қоршаған қоршау,

құрылыс нысандары (пристройка), бұзуға болмайтын қабырғадағы есіктер мәжбүрлеп бұзылған, тұрғын емес үй-жайлар арасындағы өзгертілген шекаралар, тіреуіш және (немесе) қоршау конструкциялары 2013 жылғы 9 шілдедегі Ақтау қаласы, 15 шағын аудан 62 үй, №5 тұрғын емес үй-жайдың техникалық паспортына сәйкес қалпына келтірілген.

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар Г.Н.Сараеваның, О.Б.Куламбаевтің, И.А.Овгановтың, Е.Н.Омаровтың, С.К.Нурбаевтің «Caspian Space» ЖШС-не Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, №62 тұрғын үйдің артына, жапсарына, паркингке орнатылған ауа тартқыштарды, трубаларды, желдету, салқындату жүйелерінің сыртқы блоктарын жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұзу және бастапқы қалпына келтіру туралы талабы ішінара қанағаттандырылған.

«Caspian Space» ЖШС-мен Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 62 тұрғын үйдің артқы жағына орнатылған «Hisense HI-FLEXI S» маркалы салқындату жүйесі мәжбүрлеп бұзылған және бастапқы қалпына келтірілген. Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.

Осы соттың 2025 жылғы 15 қаңтардағы ұйғарымымен Департаменттің «Caspian Space» ЖШС-не 2021 жылы 29 қарашада берілген тұрғын емес үйжайының техникалық паспортын (Н-2) жарамсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексінің (бұдан әрі-АПК) 277-бабының 1) тармақшасына сәйкес тоқтатылған.

Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 1 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, шешімнің даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар Г.Н.Сараеваның, О.Б.Куламбаевтің, И.А.Овгановтың, Е.Н.Омаровтың, С.К.Нурбаевтің «Caspian Space» ЖШС-не Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, №62 тұрғын үйдің артына, жапсарына орнатылған ауа тартқыштарды, трубаларды, желдету жүйелерінің сыртқы блоктарын жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұзу және бастапқы қалпына келтіру туралы талабының бөлігі іс өндірісі бойынша тоқтатылған. Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.

Жауапкер «Caspian Space» ЖШС кассациялық шағымында жергілікті соттар іс үшін маңызы бар мəн-жайлардың шеңберін дұрыс анықтамағанын, материалдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.

Кассациялық сот тараптарды тыңдап келесі тұжырымға келді.

АПК-нің 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта

қарауға негiз болады.

Жергілікті соттар мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.

Іс құжаттарына сәйкес, 2013 жылы 9 шілдеде Ақтау қаласы, 15 шағын ауданы, № 5 тұрғын емес үй-жайға (мейрамхана) «Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен техникалық паспорт (Н-2) берілген.

Техникалық паспортқа сәйкес, жылжымайтын объект кадастрлық № 13-200-015-378-пв5 жер учаскесінде орналасқан, 2 қабатты құрылыс, ауданы 326,9 ш.м., ғимарат ауқымы 2161 ш.м., жалпы алаңы 405,9 ш.м., негізгі ауданы 304,4 ш.м., 22 бөлмелі, 2011 жылы cалынған.

2021 жылғы 6 қазандағы № 1 тұрғын емес жайды сатып алу-сату шарты негізінде «Caspian Space» ЖШС Ақтау қаласы, 15 шағын ауданы, № 5 тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі болып табылады.

Серіктестік 2021 жылдың 30 қарашасында аталған объектіде құрылыс – монтаждау жұмыстарын жүргізіп, салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы Актісіне (әрі қарай – Акт) сәйкес, меншік иесі ретінде объектіні пайдалануға қабылдауды өзі дербес жүзеге асырып, «Twins Aktau» мейрамханасы ретінде пайдалануға қабылдаған.

Акт «Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-мен есепке алынып, 2021 жылдың 3 желтоқсанында тіркеуші органда тіркелген.

2021 жылдың 29 қарашасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы комерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы тіркеу және жер кадастры бойынша Ақтау қаласының бөлімі» мекемесімен тіркелген жылжымайтын мүлік объектесіне (Н-2) техникалық паспорт берілген.

Техникалық паспортқа сәйкес, жылжымайтын объекті кадастрлық №13-200-015-378-пв5 жер учаскесінде орналасқан, қабат саны 2+жертөле, құрылыс ауданы 511,6 ш.м., ғимараттың ауқымы 2975 ш.м., жалпы алаңы 820,8 ш.м., бөлмелер саны 52, меншік иесі - «Caspian Space» ЖШС.

Демек, қосымша құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізу үшін Серіктестік Ақтау қаласы, 15 шағын ауданы, 62 үйдің аумағын ішінара өз еркімен қоршап, жердің жалпы алаңын екі есе кеңейтудің нәтижесінде жер алаңы 820,8 ш.м. болған.

Сонымен бірге, бұзуға болмайтын қабырғадағы есіктерді бұзып, тұрғын емес үй-жайлар арасындағы шекараларды, тіреуіш және қоршау конструкцияларды өзгерткені де анықталған.

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2024 жылғы 3 мамырдағы қаулысымен Серіктестік Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Кодексінің (әрі қарай - ӘҚБтК) 321-бабымен қамтылған әкімшілік құқық бұзушылық әрекетті жасағаны, яғни, құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асырғандығы дәлелденген және осы соттың 2024 жылғы 6 мамырдағы қаулысымен Серіктестік ӘҚБтК-нің 316бабының 1-бөлігімен қарастырылған объектiлердi және олардың кешендерін, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалаусметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу) жұмыстарын жасағаны дәлелденіп ӘҚБтК-нің 741-бабы 1-бөлігі 5) тармақшаларының талабына сай әкімшілік жауапқа тарту мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік істер тоқтатылған.

2024 жылғы 28 мамырда Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен Серіктестікті ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, хабарлама жібермей әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асырғаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұл түріндегі жазаға тарту туралы Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2024 жылғы 25 сәуірдегі қаулысының күші жойылып, ӘҚБтК-нің 741-бабы 1-бөлігі 5) тармақшаларының талабына сай әкімшілік жауапқа тарту мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік іс тоқтатылған.

Соттармен жауапкердің құрылыс жүргізуде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабының 2-тармағының 16)-тармақшасы, 74-бабының 1,2-тармақтарын, сонымен қатар «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» (24 сәуір 2020 жылғы редакциясында) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығының 23,31,35,79-81- тармақтарының талаптарын сақтамағаны анықталған.

Жауапкер даулы құрылысты салуда «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің жазбаша келісімін алмаған, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталатыны туралы өкілетті органды алдын ала хабарламаған, құрылысты жобалау-сметалық құжаттамасыз, сараптаманың оң қортындысыз, техникалық және авторлық қадағалаусыз жүргізген.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 68-бабының 12 тармағына сәйкес құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін тапсырыс беруші мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын

органдарға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар беруге міндетті.

Жоғарыда аталған құжаттамалар жауапкермен құрылыс жұмыстары басталғанға дейін жасалуға тиіс болатын.

Сондықтан, Мекеменің талап қоюын бірінші сатыдағы сотпен заңды қанағаттандырылған.

Кассациялық сот, даудың нысанасына дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың «Hisense HI-FLEXI S» маркалы салқындату жүйесін мәжбүрлеп бұзу туралы талабы заңды қанағаттандырылған, өйткені, Серіктестік тарапынан орын алған заң бұзушылық заңды күшіне енген Ақтау қаласының №2 сотының 2023 жылғы 29 мамырдағы шешімімен, «Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілінің түсініктемесімен өз дәлелін тапқан.

Ақтау қаласының №2 сотының 2023 жылғы 29 мамырдағы шешімімен Серіктестік Ақтау қаласы, 15 шағын ауданы, 62 үй мекен-жайында орналасқан меншік құқығындағы «Twins Aktau» кафесіне рұқсатсыз орналастырылған желдету жүйелерін мәжбүрлеп бұзуға және бастапқы қалпына келтіруге міндеттелген.

Аталған шешім Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 5 қыркүйектегі қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған.

Жауапкердің мейрамханасы Ақтау қалалық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасында есепке алынбай, санитариялықэпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс жасауда екендігін, оның желдеткіш құрылғылары құрылыс объектісінің артқы қабырғасының қасбетіне жапсарлана орнатылғаны, олардың желдету құбырларының тұрғын үй ғимаратының неғұрлым жоғары бөлігінің төбесінен кемінде екі метр биіктікте орналастырылмағаны, бір құбыры №51 пәтердің терезесі мен балконына жапсарлана орналастырылғаны, яғни заң талаптарымен бекітілген ережерлерге қайшы орналастырылғаны аталған сот актісімен анықталған.

Апелляциялық сот даудың нысанасына дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың өндірістік желдету, сонымен бірге тұрғын үйге жапсарлана орналасқан барлық ауа тартқыштары мен трубаларын мәжбүрлеп бұзуды сұраған талап қоюы бойынша АПК-нің 277-бабының 2) тармақшасына сәйкес iс өндірісі бойынша іс жүргізуді дұрыс тоқтатылған.

Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың паркингке орнатылған «АImacom», «Север1», «Север2» желдету, салқындату жүйелерінің сыртқы блоктарын жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұзу туралы

талап қоюы өз дәлелін таппағандықтан қанағаттандырудан бас тартылғаны негізді.

Кассациялық шағымдағы уәждер апелляциялық сатыдағы сотта келтірген уәждерге ұқсас және оларға тиісті құқықтық баға берілген.

Апелляциялық сот іс бойынша заңды маңызы бар мән-жайларды істі нақты қарау кезінде дұрыс анықтаған. Істің материалдары сотпен толық, жанжақты және объективті зерттелген, тараптар ұсынған дәлелдемелерге жергілікті соттармен тиісті құқықтық баға берілген.

Сондықтан дауланып отырған сот актісі күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 1 сәуірдегі қаулысы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков

В.Е.Тохтарбаева

Судьялар:

Л.Б.Мамырбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.