ҚАУЛЫ
2023 жылғы 19 желтоқсан 6001-23-00-6ап/1421 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү. Баймаханов, судьялар – Ш.Т.Даниярова, Е.Д.Өміралиев болып, талап қоюшының өкілі М[...],
жауапкердің өкілі О[...],
мүделлі тұлға «Мақтаарал ауданының жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілі М[...] қатысуларымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Мақтаарал ауданы әкімінің жауапкер Мақтаарал ауылдық округі әкімінің шешімдерін заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 2 наурыздағы, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 13 сәуірдегі ұйғарымдарына талап қоюшының келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 2 наурыздағы ұйғарымымен іс әкімшілік сот арызға оған қол қоюға немесе оны ұсынуға өкілеттіктері жоқ адам қол қойғанына байланысты талап қоюы қайтарылған.
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 13 сәуірдегі ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы күшінде қалдырылып, талап қоюыды қайтару ӘРПК-тің 138-бабының екінші бөлігінің 11) тармақшасына сай, яғни іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды деген негізге ауыстырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жоюды және істі қайта қарауға бірінші сатылы сотқа жолдауды сұраған.
Мүдделі тұлға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілінен істі мобильді бейнеконференцбайланыс арқылы қарауды сұраған.
Сот алқасының отырысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында қарауға тағайындалған болатын. Мүдделі тұлғаның өкілінің сотқа келмеуі туралы уәжін сот дәлелді деп санамайды.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Талап қоюшының өкілінің кассациялық шағымды қолдаған, жауапкер өкілінің кассациялық шағыммен келіскен, мүдделі тұлғаның өкілінің пікірін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді. ӘРПК-ның 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-ның 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.
Жергілікті соттар талап қоюды қайтарғанда тараптардың арасында жария-құқықтық қатынастар туындамағанын.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi, жоғары тұрған әкiмдік және (немесе) әкiм, әкiмдіктің және (немесе) әкiмнiң өзi, сондай-ақ соттың шешiмi әкiмдік және (немесе) әкiм актiлерi қолданылуын жоюы не толық немесе iшiнара тоқтата тұруы мүмкiндігі көзделгендігімен негіздеген.
Сондықтан талап қою арызын қайтару негізді болып табылады.
АПК-ның 452-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Осы Кодекстің 426-бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.
Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мәнжайларына сәйкес келетін сот актілерін қайта қарауға негіз бола алмайды.
ӘРПК-ның 169-бабын және АПК-ның 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 13 сәуірдегі ұйғарымы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы Мақтаарал ауданы әкімінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
С. Баймаханов
Судьялар
Ш. Даниярова
Е. Өміралиев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.