№6001-23-00-6ап/1681
ҚАУЛЫ
2024 жылғы 6 маусым Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов, судьялар – Е.Д.Өмірәлиев, Ш.Т.Даниярова, талап қоюшының өкілі А[...], жауапкердің өкілі С[...],
мүдделі тұлғалардың өкілдері А[...], Б[...] қатысуыларымен
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «Бейғазиев и Компания» толық серіктестігінің жауапкер Сарыағаш қаласының әкіміне 2019 жылғы 6 маусымдағы №172 А[...] жер учаскесін жеке меншікке беру туралы шешімін заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 12 сәуірдегі қаулысына талап қоюшының келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.
Түркістан облысының Сарыағаш аудандық сотының 2023 жылғы 20 қазандағы шешімімен талап қоюы қанағаттандырылған.
Сарыағаш қаласы әкімінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 172 А[...] Түркістан облысы, [...]нің бойынан жалпы алаңы 1000 шаршы метр жер учаскесін жеке меншікке беру туралы шешімі заңсыз деп танылып күші жойылған.
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 12 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы шешімінің күші жойылып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданған.
Талап қоюшы кассациялық шағымда апелляциялық сот алқасы іс бойынша материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, қабылданған сот актісінің күшін жойып, бірінші сатыдағы шешімді қалпына келтіруді сұраған.
Сот алқасы кассациялық шағым бойынша тараптардың пікірлерін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сай, кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
АПК-нің 426-бабының екінші бөлігіне сай, жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктерге апелляциялық сот алқасымен жол берілмеген.
Соттармен анықталғандай, Сарыағаш аудандық сотының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі шешімімен А[...] талап қоюы қанағаттандырылып, Сарыағаш қаласы, «Самал» мөлтек ауданында орналасқан тұрғын үйге А[...] меншік құқығы танылған.
Аталған шешім негізінде Сарыағаш қаласы әкімі 2019 жылғы 6 маусымында А[...] өтінішіне сәйкес, оған аталған үй орналасқан Түркістан облысы, [...] жер учаскесін жеке меншік құқығымен беру туралы шешім қабылдаған, кадастрлық нөмірі №[...] (бұдан әрі – даулы шешім).
Бұдан бөлек, Сарыағаш ауданы әкімінің 1997 жылғы 7 қаңтардағы №2 шешіміне сәйкес Қапланбек оқу-тәжірибе шаруашылығы аумағындағы ауданның арнайы жер қорынан талап қоюшыға ауылшаруашылық мақсатында 49,2 га суармалы жер, 123,0 га тәлімі жер берілген, бұл жер учаскесіне кадастрлық №[...] беріліп, тіркеуші органда тіркеуден өткен. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес Акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының хатына сәйкес № [...] санды 123,0 га жер учаскесінің ішіне кадастрлық коды № [...] санды жер учаскесі орналасқан, яғни жер учаскелері бір-бірімен беттесіп тұр. Сарыағаш аудандық сотының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі шешімінің Сарыағаш аудандық сотының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы ұйғарымымен жаңадан ашылған мән-жайларға сәйкес күші жойылып, осы соттың 2021 жылғы 28 желтоқсандағы ұйғарымына сәйкес, талап қою іс жүргізуден тоқтатылған.
Талап қоюшы А[...] жер учаскесін жеке меншікке беру туралы шешімін заңсыз деп танып күшін жоюды сұраған. Бірінші сатыдағы сот, талап қоюды қанағаттандырып, Сарыағаш қаласы әкімінің қаулысын қабылдауға негіз болған сот шешімінің күші жойылуына байланысты аталған әкімнің шешімі заңсыз деп танылып күші жойылуға жатады деген тұжырымға келген.
Апелляциялық сот алқасы бұл тұжырыммен келіспей, келесі негіздерге байланысты талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырған.
Сарыағаш қаласының әкімшілік шекарасына Дарбаза ауылдық округінің аумағынан 265 га, Тегісшіл ауылдық округі аумағынан 200 га, Қапланбек оқу-тәжірибе шаруашылығы аумағынан 496 га, барлығы 961 га жер бөлігі Сарыағаш қаласы елді мекен шегіне берілген және өзге мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген оралмандар мен Сарыағаш қаласының тұрғындарына тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілген.
Талап қоюшының жер учаскесінен алынған 123 га жер учаскесінің орнына «Сарыағаш» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны аумағынан 40,0 га кадастрлық №[...], Дарбаза ауылдық округі аумағынан 83,0 га кадастрлық №[...] жер учаскелері берілген.
Талап қоюшының жер учаскесінен мемлекеттік мұқтаждығына алынған жер учаскелерінің орнына жаңа жер учаскелері берілгені туралы кадастр базасында көрсетілмеген, сондықтан бүгінгі таңда А[...] атына рәсімделген кадастрлық №[...] жер телімімен беттесуі орын алған.
Жоғарыда көрсетілгендей, жергілікті атқарушы орган талап қоюшыдан алынған 123,0 га жер учаскесінің орнына, оған тең мөлшерде жер беріліп, бұл жер талап қоюшының пайдалануына берілген.
Мұндай жағдайда, даулы қаулысымен талап қоюшының құқығы бұзылғаны орын алмағаны туралы апелляциялық сот алқасының тұжырымы заңды.
Сондықтан талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы тұжырым негізді болып табылады.
Қабылданған шешімнің негіздері мен уәждері қолдануға жататын заңның нақты нормаларын келтіре отырып, апелляциялық сот актісінде толығымен баяндалған. Кассациялық шағым өзінің мазмұны мен мәні талап қоюда келтірілген дәлелдермен, уәждермен сонымен қатар сот отырысында берілген түсіндірмелермен біріңғай.
Бұл дәлелдемелерге апелляциялық сотымен тиісті құқық баға берілген, сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болатын материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы орын алмаған.
Бұндай жағдайда, кассациялық шағымда жаңа дәлелдердің жоқтығын ескере отырып, іс бойынша сотта анықталған мән-жайларға баға бере отырып, сот алқасы дауланып отырған сот актісі ақылға қонымды, парасатты және мөлшерлестік қағидатына сай қабылданған деп санайды.
Сондықтан сот актісінің күшін жоюға негіздер жоқ. ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 12 сәуірдегі қаулысы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы «Бейғазиев и Компания» толық серіктестігінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Судьялар
С. Баймаханов
Ш. Даниярова Е. Өмірәлиев
Көшірмесі дұрыс. Судья
Ш. Даниярова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.