6001-21-00-3г/6807
ҰЙҒАРЫМ
2021 жылғы 06 желтоқсан
Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Е.Ж.Исмаилов талап қоюшы К[...] жауапкер Атырау облысы, [...] әкіміне өкімді заңсыз деп танып, күшін жою туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының 2021 жылғы 21 мамырдағы шешімін, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 05 тамыздағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы К[...] өкілі Д[...] өтінішхатын алдын ала қарап,
К[...] Атырау облысы, [...] әкімінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 49-ө өкімін заңсыз деп танып, күшін жою туралы талабымен сотқа жүгінген.
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 05 тамыздағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Махамбет аудандық сотының 2021 жылғы 21 мамырдағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырудан бас тартылған.
Өтінішхат беруші жергілікті соттардың тұжырымдары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін, материалдық және процестік құқық нормалары дұрыс қолданылмағанын көрсетіп, іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жоюды сұраған.
Арыз берушінің өтінішхатта келтірген уәждерін, іс бойынша қабылданған сот актілерін заң талаптарына және қолданыстағы сот практикасына сәйкестігін тексеру мақсатында судья өтінішті алдын ала қарау нәтижесі бойынша шешім қабылдауды кейінге қалдырып, азаматтық іс құжаттарын алдырту қажет деп есептейді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 268, 438, 443баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы
Атырау облысы Махамбет аудандық сотынан талап қоюшы К[...] жауапкер – Атырау облысы, [...] әкіміне өкімді заңсыз деп танып, күшін жою туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс сұратып алынсын.
Өтінішхаттың алдын ала қаралуы іс түскенге дейін кейінге қалдырылсын.
Судья
Е. Исмаилов
Көшірмесі
дұрыс.Судья
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.