Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 16.03.2026 по делу 6003-25-00-2к/4901(2) (Гражданское)

№6003-25-00-2к/4901(2)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 16 наурыз Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші судья Г.С.Джаппарова, судьялар А.К.Есдаулетов, Н.Б.Ормаханов болып, аудармашы Г.Н.Нурланованың, прокурор Л.Е.Жоламанованың, талап қоюшы өкілі С.И.Далабаевтың,

жауапкерлер өкілдері Н.А.Есенкулов, Б.Б.Спановтың қатысуларымен, ашық сот отырысында бейне-байланыс құрылғысы арқылы Темір аудандық сотының 2025 жылғы 25 шілдедегі шешімі мен жеке ұйғарымына және Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 қазандағы қаулысы мен ұйғарымына талап қоюшының кассациялық шағымымен түскен,

талап қоюшы «Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер Айгуль Куанышбаевна Сариеваға, Әсел Қайыржанқызы Жаңбырбаеваға, Әсемгүл Талғатқызы Жұбанышқалиеваға, Акнур Сырымовна Ажигалиеваға, Зарина Нурмухамбетовна Коптлеуоваға, Баян Қайратқызы Еркіноваға, Женискуль Алтынбековна Жалгасоваға, Андрей Павлович Примаковқа, Гулнур Туленовна Жусибалиеваға, Сандигул Акимжановна Мухиеваға, Мира Биназаровна Коныроваға, Маншук Умирсериковна Уразалинаға, Айгерим Салимгереевна Габбасоваға, Ералы Кадирович Уахитовқа, Болат Маратович Акимовқа, Жомарт Асанұлы Асанға, Карлыгаш Исатаевна Ниетоваға, Гулнур Талдыбаевна Утебасоваға, Румия Бабатаевна Казмухановаға негізсіз төленген үстемақыларды қайтару туралы электрондық азаматтық ісін қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) сотқа талап қоюмен жүгініп, онда жауапкерлердің ұлттық біліктілік тестілеуден өтпегендері, олардың тестілеу сертификаттары расталмай, жалғандығы анықталғандықтан А.К.Сариевадан 2 761 915 теңге, Е.К.Уахитовтен 1 814 979 теңге, Б.М.Акимовтен 1 270 579 теңге, К.И.Ниетовадан 1 160 132 теңге, Г.Т.Утебасовадан 1 027 552 теңге, Ж.А.Асаннан 2 502 479 теңге, А.С.Габбасовадан 2 869 851 теңге, Р.Б.Казмухановадан 3 357 148 теңге, Ә.Қ.Жаңбырбаевадан 791 253 теңге, Ә.Т.Жұбанышқалиевадан 1 826 257 теңге, А.С.Ажигалиевадан 1 719 756 теңге, З.Н.Коптлеуовадан 1 008 407 теңге, Б.Қ.Еркіновадан 1 704 661 теңге, Ж.А.Жалгасовадан 2 639 126 теңге, А.П.Примаковтан 2 520 199 теңге, Г.Т.Жусибалиевадан 1 681 843 теңге, С.А.Мухиевадан 2 532 287 теңге, М.Б.Коныровадан 1 986 765 теңге, М.У.Уразалинадан 2 198 946 теңге негізсіз төленген ұстемақыларды өндіруді сұраған.

Темір аудандық сотының 2025 жылғы 25 шілдедегі шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылып, жауапкерлер А.К.Сариеваға, Ж.А.Жалгасоваға, З.Н.Коптлеуоваға, А.С.Ажигалиеваға, М.У.Уразалинаға, Б.Қ.Еркіноваға, Г.У.Жусибалиеваға, А.П.Примаковқа өкілдің көмегіне ақы төлеуге байланысты және өкілге сенімхат рәсімдеуге жұмсалған сот шығындары Бөлімнен өндірілген.

Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 қазандағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Сот шешімінен жауапкерлердің пайдасына Бөлімнен сот шығындарын өндіру жөніндегі бөлігі алып тасталған.

Талап қоюдың қанағаттандырусыз қалдырылуына соттардың төленген қосымша ұстемақылардың заңдық маңызы бар құжаттардың негізінде жүзеге асырылғандықтан, олардың қайтарылуға жататын негізсіз баю болып табылмайтындығы туралы тұжырымға келулері негіз болған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында, сот түйіндерінің істің мәнжайларына сәйкес келмеуіне, материалдық құқық нормаларының бұзылуына, сертификаттардың жалғандығы іс құжаттарымен расталғандықтан және негізсіз баю орын алуына байланысты талап қоюды қанағаттандыру жөнінде жаңа шешім шығаруды сұраған.

Жауапкерлер кассациялық шағымға байланысты пікірлерінде, оның уәждерімен келіспей, олардың сотта анықталған мән-жайлармен жоққа шығарылғанын көрсетіп, шағымды қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған. Кассациялық сот істегі бар дәлелдемелерді зерттеп, сотқа қатысушылардың түсініктерін, прокурордың шағымның қанағаттандырусыз қалдырылуға жататыны туралы қорытындысын тыңдап, шағым уәждерін талқылап, төмендегідей тұжырымға келді. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әріАПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi тұрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға соттармен жол берілмеген.

АПК-тің 73,225-баптарының талаптары бойынша істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды сот тараптар мен іске қатысатын басқа да адамдардың талаптары мен қарсылықтарының негізінде, қолданылуға жататын материалдық және процестік құқық нормаларын ескере отырып анықтайды.

Сот істі талап қоюшы мәлімдеген талаптар шегінде шешеді.

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Рсепубликасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VI Заңының 15-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес педагог өзінің біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға) міндетті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қағидасының 2-параграфының 162-тармағына сәйкес комиссия шешімі аттестаттаушы органның бұйрығымен ресімделеді.

Қағиданың 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік бере (растай) отырып, аттестаттау туралы куәлік беріледі.

Соттармен анықталған мән-жайларға қарағанда, жауапкерлерге тиісті бұйрықтар негізінде, біліктілік санатын беру туралы куәлік берілген. Осының негізінде оларға жалақыларына қоса қосымша ұстемақы төленген.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы аудиторлық есебімен жауапкерлердің аттестаттаудың ұлттық біліктілік тестілеуінен өтпегендері анықталған.

Аудиттің бұл қорытындысы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорының 2025 жылғы 27 ақпандағы №15-10-7-1-04/430 хатымен расталған.

Дегенмен, талап қоюшымен жауапкерлерге қосымша ұстемақы төлеуге негіз болған аталған бұйрық пен аттестаттау туралы куәліктерінің заңдылығы дауланбаған. Олардың күші ұстемақы төленген уақытта және сотта істі қарауда жойылмаған. Осыған байланысты кассациялық сот, соттардың аталған құжаттардың заңдылығына баға берілмей, күштері жойылмай, жауапкерлерге заңсыз ұстемақы төленген деуге құқықтық негіздің жоқтығы жайлы тұжырымдарымен келіседі.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабының 37тармағына сәйкес жұмыскер еңбегі үшін жалақыдан бөлек өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдердіде алуға құқылы.

Осылардың негізінде апелляциялық сатыдағы соттың жауапкерлерді қайта аттестаттаудан өткізу мүмкіндігі жойылмағаны, олармен бүгінгі күні жоғары санаттары қорғалып, жұмыстарын атқарып, тиісті жалақылары төленіп келгені туралы тұжырымдарыда негізді болып табылады.

Сонымен қатар, АПК-тің 270-бабының 1-бөлігінің талабы бойынша заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны жіберуге құқылы, ал егер бұзушылыққа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілер тарапынан жол берілсе, сот

жеке ұйғарым шығарады және оны басқару функцияларын атқаратын тиісті ұйымдарға, лауазымды немесе өзге де тұлғаларға жібереді, олар өздері қолданған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті.

Сондықтан істі қарауда мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің тарапынан заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталғандықтан, сот жеке ұйғарым шығаруға міндетті болған.

Жалпы соттардың тұжырымдары сот актілерінде ашып көрсетілген, кассациялық сотқа бұрын соңды зеттелмеген жаңа дәлелдер ұсынылмаған, уәждер келтірілмеген.

Осы мән-жайларға байланысты сот актілеріне өзгерістер енгізу не оның күшін жоюға заңда көзделген негіздердің болмауына байланысты, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.

АПК-тің 109, 113-бабының талаптарына сәйкес жауапкерлер Ж.А.Жалгасова мен С.А.Мухиеваға іс бойынша кассациялық сатыдағы сотта өкілдің көмегіне ақы төлеуге қатысты шығындары оларға Бөлімнен қайтарылуға жатады.

АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 қазандағы қаулысы мен ұйғарымы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын.

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінен талап қоюшы Женискуль Алтынбековна Жалгасованың пайдасына 35 000 (отыз бес мың) теңге, Сандигул Акимжановна Мухиеваның пайдасына 35 000 (отыз бес мың) кассациялық сотта өкілдің көмегіне ақы төлеуге байланысты шығыны өндірілсін.

Төрағалық етуші Г.Джаппарова

Судьялар А.Есдаулетов

Н.Ормаханов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.