ВС РК - Постановление от 23.05.2024 по делу 6001-23-00-6ап/1083(2) (Административное)

6001-23-00-6ап/1083(2)

Қ А У Л Ы

2024 жылғы 23 мамыр Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші судья Г.Б.Дуйсенбаев,

судьялар Ғ.Ө.Әлжанов, Г.К.Нұрбаев болып,

мүдделі тұлғаның өкілі Б[...] қатысуымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында талап қоюшы Б[...], Р[...], Д[...], М[...], К[...], Н[...], К[...] жауапкерлер Атырау облысы әкіміне, «Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне COVID-19 коронавирусына қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқандары үшін 2021 жылдың тамыз айына 20 айлық еңтөменгі жалақысы көлемінде үстем ақысын толық көлемінде төлеуге тізімжібермеу әрекеттерін заңсыз деп танып, тізім жіберуге міндеттеу, Атырау облысы әкімінің «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволарының қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қоспағанда, қызметкерлерді қаржылық қолдауды ұйымдастыру жөніндегі комиссиясының» 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №8 хаттамалық шешімінің 1.2., 1.3. тармақтарындағы «Атырауқалалық №4 емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне және «АТА[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты бөліктерін заңсыз деп тану туралы әкімшілік ісі бойынша,

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы шешіміне және Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 22 ақпандағы қаулысына жауапкерлердің берген кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Қазақстан Республикасы ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігінің, АПК-тің 451-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы шешімі және Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 22 ақпандағы

қаулысы өзгеріссіз, жауапкерлер Атырау облысы әкімімінің және «Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Дуйсенбаев Г.Б. Судьялар Әлжанов Ғ.Ө. Нұрбаев Г.К.

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.