ВС РК - Постановление от 31.05.2021 по делу 6001-21-00-3Г/3150 (Гражданское)

6001-21-00-3г/3150

Қ А У Л Ы

2021 жылғы 31 мамыр Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Н.Қ. Сұлтанов талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Әл-Фараби» атындағы Қазақ ұлттық университеті шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК (бұдан әрі – Кәсіпорны) жауапкер жеке кәсіпкер Д[...] (бұдан әрі – ЖК Д[...]) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы шешімін, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 9 наурыздағы қаулысын қайта қарау туралы Кәсіпорның келтірген өтінішхатын істі алдырту арқылы алдын ала қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:

Кәсіпорны сотқа жүгініп, ЖК Д[...] мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 9 наурыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Өтінішхатта Кәсіпорны сот актілерімен келіспей, соттардың материалдық және процестік құқық нормаларын бұзуға жол бергенін көрсетіп, дауланған сот актілерін күшін жойып, азаматтық істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жолдауды сұрайды.

Электрондық азаматтық іс құжаттарын және өтінішхат уәждерін зерделеп, судья төмендегі негіздерге байланысты өтінішхат кассациялық сатыдағы сот отырысында қарау үшін берілуге жатады деген тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (әрі қарай – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

2020 жылғы 23 ақпанда тараптар арасында мемлекеттік сатып алу туралы №ЦП-43-20 шарт (бұдан әрі - шарт) жасақталған. Шарт бойынша ЖК Д[...] 1 микрофоннан көп, бірақ 4 микрофоннан аспайтын радиожүйе тауарын жеткізуге, ал Кәсіпорны тауарда жеткізу үшін ақы төлеуге міндеттенген. Шарттың жалпы құны 1 170 000 теңгені құрайды. Тауарды жеткізу шартқа қол қойылған күннен бастап 16 күнтізбелік күн ішінде, яғни 2020 жылдың 11 наурызы деп белгіленген. ЖК Д[...] шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған. Кәсіпорын ЖК Д[...] мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қою арызымен сотқа жүгінген. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 4-тармағына сәйкес тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 3- тармағында тапсырыс беруші Заңда көрсетілген мерзімдерде сотқа әлеуетті өнім берушіні (өнім берушіні) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюға міндетті екені көрсетілген. Осы мерзімдер тыйым салынатын мерзімдер болып табылады, бұл мерзімдердің өтуі әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Жергілікті соттар талап қою арызын қанағаттандырудан бас тартқанда, Заңның 12-бабын басшылыққа алып, талап қою арызымен сотқа жүгінудің 30 күнтізбелік күні 2020 жылғы 11 наурызында басталып 11 сәуірінде аяқталғанын, алайда талап қоюшы сотқа 2020 жылғы 16 сәуірінде ғана жүгінгендіктен, заңда көзделген мерзімді өткізіп алғанымен негіздеген. Өтініш беруші соттардың жоғарыда көрсетілген сот актілерінде іс үшін маңызы бар сот белгілеген мән-жайлардың дәлелденбеуіне, сондай-ақ сот тұжырымдарының осындай мән-жайларға сәйкес келмеуіне, және материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларының дұрыс қолданылмауына байланысты заңсыз және негізсіз деп санайды.

Кәсіпорынға жұмыстардың орындалмағаны туралы 2020 жылғы 11 наурызында белгілі болды.

Заңмен белгіленген 30 күнтізбелік күні 11 сәуірінде аяқталғаны болса да, талап қою арызын сотқа 2020 жылғы 19 наурызында «сот кабинет арқылы» жүгінгенін, алайда төтенше жағдайға байланысты сот қабылданбаған туралы хабарламаны негізге алған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылгы 15 наурыздагы №285 «Қазакстан Республикасында тетенше жагдайды енгізу туралы» Жарлығына сэйкес Дуниежузілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COV1D19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың

өмipi мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазакстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылгы 16 наурыздан бастап тетенше жағдай енгізілген болатын.

Төтенше жағдай кезінде электронды сервис «сот кабинет» техникалық ақаулар орын алған болатын.

Осы себепті, 2020 жылғы 19 наурызында уақытылы турде сот кабинет арқылы жолданған талап арыз қабылданбай, техниклық олқылықтарға байланысты тек 2020 жылғы 16 сәуірінде қабылданды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін анықтау туралы» 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысының 10 тармағына сәйкес, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер төтенше жағдай енгізу салдарынан туындаған, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған немесе өнім беруші шарттық міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда тапсырыс беруші мұндай әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу және оларға айыппұл санкцияларын қолдану жөнінде шараларды қолданбайды. Мұндай жағдайда, сот аталған нормаға сілтеме жасап, талап қоюшының жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған талабы қанағаттандырылуға жатпайды деген тұжырым негізсіз, себебі ЖК Д[...] тауарды жеткізу 11 наурызына, яғни төтенше жағдай енгізілмегенге дейін міндеттелген.

Өтінішхатта дау айтылған сот актілерін қайта қарау үшін келтірген негіздер бар болуына орай, өтінішхатты электрондық тірде іспен бірге азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін беру қажеттігін ескере отырып, АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы шешімін, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 9 наурыздағы қаулысына келтірілген өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін.

Қаулының көшірмесі іске қатысушы тараптарға жолдансын.

Судья Н. Сұлтанов

Көшірмесі дұрыс

Н. Сұлтанов судья

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.