КСАД РК - Постановление от 16.04.2026 по делу 6003-26-00-4к/91 (Административное)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 16 сәуір № 6003-26-00-4к/91 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші – судья Ә.Ж.Назарова,

судьялар – Г.М.Ыдырысова, Д.Н.Нұрлыбаева болып,

жауапкер өкілдері Е.А.Әлімқұловтың, Б.Ешжанның, Б.Қайратұлының қатысуымен,

ашық сот отырысында талап қоюшылар Жиенбай Диана Сәкенқызы, Құттыбаев Бекжан Тұрлыбайұлы, Султанов Сакен, Сейтов Тогатай, Исабаев Куттыбек Тагабаевич, Алимбетова Алия Мулдабаевна, Есмахан Назерке Біржанқызы, Есмахан Еламан Біржанұлы, Биимбетов Тилеубай Куздикбаевич, Айтбаева Тоқтакүл Өмірзаққызы, Досымбекова Сауле Аблахатовна, Ауезова Мальика Кураловна, Куралбеков Данияр Куралбекович, Садыков Данияр Сейдуллаұлы, Бекжанова Керемет Көпжанқызы, Тургаев Бекжан Дусгалиевич, Қалдыкөз Ерлан Әбдімәлікұлы, Касымбеков Муханбек Манапович, Мылтыкбаева Нуршат Адилбековна, Джоратаева Гульзира Куралбековна, Оспанова Айгуль Канатовна, Қарағулова Диана Дарханқызы, Сарсенкулова Роза Шайдилаевна, Нурлыбаева Калдыкыз Тешебаевна, Алишев Нурашбек Бештаевич, Сұлтанбеков Дастан Нұрлыханұлы, Ирисмет Самандар Ибтикарұлы, Спанбекова Улбала Кенжекараевна, Есжанов Нурбулан Бердимурзаевич, Тойназаров Турар Балагазевич, Ажитаева Айдана Ермекбайқызы, Мұсахан Баубек Ержанұлы, Бельгибаева Кульнар Бегасиловна, Султанов Тимур Сакенулы, Касымбеков Нариман Муханбекович, Закірханов Үсен Тагабайұлы, Сеитова Айман Калыккызы, Кансейтов Кожан, Жуманалиев Жамбыл Жумабайвич, Ордабеков Адилхан Савурович, Қарағулов Дархан Аманжолұлы, Жиенбай Бағдат Сәкенұлы, Жиенбай Иманғали Сакенұлы, Оспанов Ерлан Сыдыкович, Тогусбаева Гүлжан Бекжанқызының жауапкерлер Төлеби ауданының әкіміне, «Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-не қаулысын заңсыз деп тану және күшін жою, қолайлы әкімшілік акт қабылдауды міндеттеу туралы талап қоюы бойынша қабылданған

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 18 шілдедегі шешімі мен Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 30 қазандағы қаулысына жауапкердің кассациялық шағымы бойынша келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшылар жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 18 шілдедегі шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған. Төлеби ауданы әкімінің жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы 2025 жылғы 22 мамырдағы №207 қаулысының талап қоюшылар Жиенбай Диана Сәкенқызы, Құттыбаев Бекжан Тұрлыбайұлы, Султанов Сакен, Сейтов Тогатай, Исабаев Куттыбек Тагабаевич, Алимбетова Алия Мулдабаевна, Есмахан Назерке Біржанқызы, Есмахан Еламан Біржанұлы, Биимбетов Тилеубай Куздикбаевич, Айтбаева Тоқтакүл Өмірзаққызы, Досымбекова Сауле Аблахатовна, Ауезова Мальика Кураловна, Куралбеков Данияр Куралбекович, Садыков Данияр Сейдуллаұлы, Бекжанова Керемет Көпжанқызы, Тургаев Бекжан Дусгалиевич, Қалдыкөз Ерлан Әбдімәлікұлы, Касымбеков Муханбек Манапович, Мылтыкбаева Нуршат Адилбековна, Джоратаева Гульзира Куралбековна, Оспанова Айгуль Канатовна, Қарағулова Диана Дарханқызы, Сарсенкулова Роза Шайдилаевна, Нурлыбаева Калдыкыз Тешебаевна, Алишев Нурашбек Бештаевич, Сұлтанбеков Дастан Нұрлыханұлы, Ирисмет Самандар Ибтикарұлы, Спанбекова Улбала Кенжекараевна, Есжанов Нурбулан Бердимурзаевич, Тойназаров Турар Балагазевич, Ажитаева Айдана Ермекбайқызы, Мұсахан Баубек Ержанұлы, Бельгибаева Кульнар Бегасиловна, Султанов Тимур Сакенулы, Касымбеков Нариман Муханбекович, Закірханов Үсен Тагабайұлы, Сеитова Айман Калыккызы, Кансейтов Кожан, Жуманалиев Жамбыл Жумабайвич, Ордабеков Адилхан Савурович, Қарағулов Дархан Аманжолұлы, Жиенбай Бағдат Сәкенұлы, Жиенбай Иманғали Сакенұлы, Оспанов Ерлан Сыдыкович, Тогусбаева Гүлжан Бекжанқызына қатысты бөлігі заңсыз деп танылып, күші жойылған.

Төлеби аудандық жер комиссиясының 2025 жылғы 5 мамырдағы талап қоюшылар Жиенбай Диана Сәкенқызы, Құттыбаев Бекжан Тұрлыбайұлы, Султанов Сакен, Сейтов Тогатай, Исабаев Куттыбек Тагабаевич, Алимбетова Алия Мулдабаевна, Есмахан Назерке Біржанқызы, Есмахан Еламан Біржанұлы, Биимбетов Тилеубай Куздикбаевич, Айтбаева Тоқтакүл Өмірзаққызы, Досымбекова Сауле Аблахатовна, Ауезова Мальика Кураловна, Куралбеков Данияр Куралбекович, Садыков Данияр Сейдуллаұлы, Бекжанова Керемет Көпжанқызы, Тургаев Бекжан Дусгалиевич, Қалдыкөз Ерлан Әбдімәлікұлы, Касымбеков Муханбек Манапович, Мылтыкбаева Нуршат Адилбековна, Джоратаева Гульзира Куралбековна, Оспанова Айгуль Канатовна, Қарағулова Диана Дарханқызы, Сарсенкулова Роза Шайдилаевна, Нурлыбаева Калдыкыз Тешебаевна, Алишев Нурашбек Бештаевич, Сұлтанбеков Дастан Нұрлыханұлы, Ирисмет Самандар Ибтикарұлы, Спанбекова Улбала Кенжекараевна, Есжанов Нурбулан Бердимурзаевич, Тойназаров Турар Балагазевич, Ажитаева Айдана Ермекбайқызы, Мұсахан Баубек Ержанұлы, Бельгибаева Кульнар Бегасиловна, Султанов Тимур Сакенулы, Касымбеков Нариман Муханбекович, Закірханов Үсен Тагабайұлы, Сеитова Айман Калыккызы, Кансейтов Кожан, Жуманалиев Жамбыл Жумабайвич, Ордабеков Адилхан Савурович, Қарағулов Дархан Аманжолұлы, Жиенбай Бағдат Сәкенұлы, Жиенбай Иманғали Сакенұлы, Оспанов Ерлан Сыдыкович, Тогусбаева Гүлжан Бекжанқызына қатысты шығарылған қорытындылары заңсыз деп танылып, күшін жойылған.

Жауапкерлер Төлеби ауданы әкіміне, «Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне талап қоюшылар Жиенбай Диана Сәкенқызы, Құттыбаев Бекжан Тұрлыбайұлы, Султанов Сакен, Сейтов Тогатай, Исабаев Куттыбек Тагабаевич, Алимбетова Алия Мулдабаевна, Есмахан Назерке Біржанқызы, Есмахан Еламан Біржанұлы, Биимбетов Тилеубай Куздикбаевич, Айтбаева Тоқтакүл Өмірзаққызы, Досымбекова Сауле Аблахатовна, Ауезова Мальика Кураловна, Куралбеков Данияр Куралбекович, Садыков Данияр Сейдуллаұлы, Бекжанова Керемет Көпжанқызы, Тургаев Бекжан Дусгалиевич, Қалдыкөз Ерлан Әбдімәлікұлы, Касымбеков Муханбек Манапович, Мылтыкбаева Нуршат Адилбековна, Джоратаева Гульзира Куралбековна, Оспанова Айгуль Канатовна, Қарағулова Диана Дарханқызы, Сарсенкулова Роза Шайдилаевна, Нурлыбаева Калдыкыз Тешебаевна, Алишев Нурашбек Бештаевич, Сұлтанбеков Дастан Нұрлыханұлы, Ирисмет Самандар Ибтикарұлы, Спанбекова Улбала Кенжекараевна, Есжанов Нурбулан Бердимурзаевич, Тойназаров Турар Балагазевич, Ажитаева Айдана Ермекбайқызы, Мұсахан Баубек Ержанұлы, Бельгибаева Кульнар Бегасиловна, Султанов Тимур Сакенулы, Касымбеков Нариман Муханбекович, Закірханов Үсен Тагабайұлы, Сеитова Айман Калыккызы, Кансейтов Кожан, Жуманалиев Жамбыл Жумабайвич, Ордабеков Адилхан Савурович, Қарағулов Дархан Аманжолұлы, Жиенбай Бағдат Сәкенұлы, Жиенбай Иманғали Сакенұлы, Оспанов Ерлан Сыдыкович, Тогусбаева Гүлжан Бекжанқызының жер учаскесіне құқық беру туралы өтініштерін соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін 1 (бір) айдың ішінде қайта қарау міндеттелген.

Талап қою арызының қалған бөлігі - қанағаттандырудан бас тартылған.

Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 30 қазандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгертілген.

Шешімнің жауапкерді талап қоюшыларға қатысты қолайлы әкімшілік акт қабылдауды міндеттеу туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту бөлігінің күші жойылған.

Төлеби аудандық жер комиссиясымен Төлеби ауданы әкіміне талап қоюшылардың өтініштері бойынша қолайлы әкімшілік акт қабылдау міндеттелген.

Шешімнің басқа бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.

Сот актілерімен келіспей, жауапкер Төлеби ауданы әкімі кассациялық шағымында сот актілерінің күшін толық жоюды және талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығаруды сұрады. Кассациялық сатыдағы сот жауапкерлердің өкілдерінің түсініктемелерін тыңдап, іс материалдарын және кассациялық шағымның уәждерін зерттей отырып, төмендегідей тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі–АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алған.

Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда, талап қоюшылар Төлеби ауданы, Алатау және Көксәйек ауылдық округтерінде орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінен «саяжай құрылысы үшін» алаңы 0,12 гектардан жер учаскелерін беру туралы өтініштер берген.

Төлеби аудандық жер комиссиясының (бұдан әрі – Жер комиссиясы) 2025 жылғы 5 мамырдағы қорытындыларымен жер учаскелеріне құқық беруден бас тартылған.

Төлеби ауданы әкімінің (бұдан әрі – Әкім) 2025 жылғы 22 мамырдағы №207 қаулысымен талап қоюшылардың ұсынған жер телімдерінің ситуациялық сызбасына сәйкес Алатай және Көксәйкес ауылдық округтерінен 0,12 га жер телімдерін «саяжай құрылысы үшін» уақытша ұзақ мерзімді пайдалану құқығымен 49 жылға жалға беру туралы өтініштері қанағаттандырудан бас тартылған.

2025 жылғы 22 мамырдағы дәлелді бас тартулар жолданған.

ӘРПК-тің 129-бабы 2-бөлігіне сәйкес дау айту жөніндегі талап қою бойынша дәлелдеу ауыртпалығын ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні қабылдаған жауапкер көтереді.

Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер комиссиясының жұмыс органы болып табылады.

Алайда, Жер қатынастары бөлімімен талап қоюшылардың өтініштерін қанағаттандырудан бас тарту себептері көрсетілген пікір, дәлелдеме құжаттар ұсынылмаған.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 48-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау құқығы өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшін сауда-саттықсыз берілуі мүмкін. Жер кодексінің 50-бабының 2-тармағымен бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн 0,12 га мөлшерде жер учаскесін жеке меншікке беру қарастырылған.

Жер кодексінің 43-бабы 2-тармағына сәйкес жер учаскелерiн меншiкке немесе жер пайдалануға берудi облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың (олардың әкімшілік бағынысына берілген аумақта), аудандардың жергiлiктi атқарушы органдары және кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi осы Кодексте белгiленген өздерінің құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

Жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешім жер комиссиясының теріс қорытындысы негізінде жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағым жасау мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қабылданады.

Жер учаскелерін алып қою, оның ішінде осы Кодекстің 84-бабына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін алып қою жағдайларын қоспағанда, жер учаскесіне құқық беруден бас тарту облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергілікті атқарушы органының және кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шешімімен ресімделеді және ол уәжді болуға тиіс.

ӘРПК-тің 79-бабына сәйкес әкімшілік акт заңды және негізделген болуға

тиіс.

Әкімшілік акт түсіну үшін анық болуға, бірізді қолдануды қамтамасыз етуге, оның күші қолданылатын адамдар қатарын толық айқындауға тиіс. Талап қоюды қанағаттандыра отырып, төменгі сатыдағы соттар Жер комиссиясының теріс қорытындыларында, Әкімнің қаулысында жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту себептері көрсетілмегенін ескерген. Даулы құжаттар, сонымен бірге талап қоюшыларға жолданған «Дәлелді бас тарту» хабарламалары уәжді, негізді емес.

ӘРПК-тің 7-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімдерді өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

ӘРПК-тің 6-бабы 4-тармағына сәйкес әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттарын бұзу оның сипатына және елеулі болуына қарай әкімшілік актілерді, әкімшілік әрекеттерді (әрекетсіздікті) заңсыз деп тануға, сондай-ақ шығарылған сот актілерінің күшін жоюға алып келеді.

Осыған байланысты төмен тұрған соттардың әкімнің қаулысы мен жер комиссиясының қорытындысының заңсыздығы туралы тұжырымдары дұрыс және негізді болып табылады.

Сонымен қатар, апелляциялық сатыдағы соттың талап қоюшылардың өтініштері бойынша жауапкерлерді қолайлы әкімшілік акт қабылдауға міндеттеу туралы қате тұжырымдары осы бөлікте талап қоюдың негізсіз қанағаттандырылуына әкеп соқты.

Атап айтқанда, талап қоюшылардың өтініштері бойынша жауапкерлерді қолайлы әкімшілік акт қабылдауға міндеттеу туралы талапты қанағаттандыра отырып, апелляциялық сатыдағы сот объективтілік пен әділеттілік өлшемдеріне сүйенген.

Кассациялық сатыдағы сот аталған сот алқасының тұжырымдарын заңсыз және негізсіз деп есептейді, өйткені жер учаскелеріне құқық беру жергілікті атқарушы органдармен Жер кодексінде белгіленген құзырет шегінде жүзеге асырылады, сондықтан талап қоюшылардың жер учаскелерін беру туралы қолайлы әкімшілік акт қабылдауды міндеттеу жөніндегі талабы қанағаттандыруға жатпайды.

Жоғарыда баяндалған мән-жайларды және жер заңнамасының нормаларын ескере отырып, кассациялық сатыдағы сот апелляциялық сатыдағы сот талап қоюды жауапкерлерді талап қоюшылардың өтініштері бойынша қолайлы әкімшілік акт қабылдауға міндеттеу бөлігінде заңсыз қанағаттандырған деп есептейді, осыған байланысты сот алқасының қаулысы аталған бөлігінде күшін жоюға, ал бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылуға жатады.

Осындай мән-жайларда жауапкердің кассациялық шағымы ішінара қанағаттандыруға жатады.

ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабының екінші бөлігінің 2) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 30 қазандағы қаулысы өзгертілсін.

Төле би ауданының жер комиссиясы мен Төле би ауданының әкіміне талапкерлердің өтініштері бойынша қолайлы әкімшілік акт қабылдау міндетін жүктеу бөлігіндегі қаулының күші жойылсын, Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі күшінде қалдырылсын.

Жауапкердің кассациялық шағымы ішінара қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші

Ә.Назарова

Судьялар

Г.Ыдырысова

Д.Нұрлыбаева

⚠️ Текст документа получен на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан.