Қ А У Л Ы (карар бөлігі)
2026 жылғы 19 мамыр № 6003-26-00-2к/222 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші С.Қ.Нұрабай,судьялар В.Е.Тохтарбаева, Л.С.Алпысова, прокурор Р.Б. Казмуханбетовтың, талап қоюшылардың өкілі М.Д.Джанабаевтың, жауапкердың өкілі С.Н.Нурановтың қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшылар Абай Кенесович Ахметовтың, Салиха Абаханованың, Амангелды Онласбековтың, Шакаризада Байгараеваның, Роза Орынбасаровна Пернебекованың, Амангельды Тиркешовтың жауапкерлер Шымкент қаласының әкіміне, «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, үшінші тұлғалар: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына, «Шымкент қаласының жер қатынастары» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесін өтеусіз жалға беру туралы үлігілік шартын заңсыз деп танып, мемлекеттік тіркеуінің күшін жою туралы 2025 жылғы 24 желтоқсандағы Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы қаулысына талап қоюшылардың өкілінің берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
2025 жылғы 24 желтоқсандағы Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшылардың өкілінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші: С.Қ.Нұрабай
Судьялар: В.Е.Тохтарбаева
Л.С.Алпысова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.