ҚАУЛЫ
2026 жылғы 16 сәуір №6003-26-00-3к/437 Астана қаласы
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші - судья Қ.А. Мусетов,
судьялар Г.Б. Даулетова, М.К. Сатыбалдин,
Қазақстан Республикасының Бас Прокурордың аға көмекшісі А. Төремұратұлының,
әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға Р.К.Ильясовтың
қатысуымен,
кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасының ұсынуы бойынша келіп түскен Расул Канатович Ильясовқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігі және 611бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 19 қарашадағы қаулысымен Расул Канатович Ильясов Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі — ӘҚБтК) 610бабының 2-бөлігімен және 611-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған түпкілікті 1 жыл 9 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылған.
Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот қаулысы өзгеріссіз қалдырылған.
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасының ұсынуында, құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты іс бойынша шығарылған сот қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарауды сұраған.
Қорғау тарабының түсініктемелерін және ұсынудың уәждерін қолдаған, прокурордың қорытындысын тыңдап, іс материалдарын зерттей келе, сот мына мән-жайларды анықтады.
Кассациялық тәртіппен қайта қарау ӘҚБтК-нің 851-бабы 5-бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жергілікті соттардың қаулыларына сәйкес, бұрын ӘҚБтК-нің 610бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, 2025 жылғы 21 қазанда Р.К. Ильясов Алматы қаласында, мемлекеттік тіркеу нөмірі 752APW05, маркасы «Тойота Камри», автокөлігімен артқы жүріспен Байтереков көшесі 6/1 үйдің қасында, басты жолмен келе жатқан Е.Қ. Калыкуловтың басқаруындағы маркасы «Хюндай Соната», мемлекеттік тіркеу нөмірі 999ERA08 көлігімен соқтығыс жасап, оқиға болған жерді тастап кеткен.
Бірінші сатыдағы сот Р.К. Ильясовтың әрекеттерінде ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі мен 611-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық құрамдарының бар деген тұжырымға келіп, оны әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Апелляциялық сатыдағы сот осы түйінмен келіскен.
Жоғарыда көрсетілген жол-көлік оқиғасының мән-жайлары дұрыс әрі толық анықталған. Сонымен қатар, кассациялық сатыдағы сот отырысы барысында Р.К. Ильясов өз іс-әрекеттерімен жәбірленуші Е.Қ. Қалы~құловқа материалдық нұқсан келтіргені үшін кінәсін мойынд~~ ады. Оған қоса, құқық бұзушының бұрын бір жыл ішінде ӘҚБтК-нің 610бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны анықталды.
Осыған байланысты, іс бойынша жиналған дәлелдемелер жиынтығы Р.К. Ильясовтың ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаудағы кінәсін толық растайды.
Алайда істі қарау кезінде ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігі бойынша жергілікті соттар істің мән-жайларына және заң талаптарына тиісті дәрежеде көңіл бөлмегені көрінеді.
ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамы көлік құралын басқаратын тұлға жол-көлік оқиғасы орнынан кеткен сәттен бастап аяқталған деп есептеледі.
Қалыптасқан сот тәжірибесіне сәйкес, оқиға болған жерді тастап кеткен тұлға жауаптылыққа тартылады. Яғни, жүргізуші өзі қатысушысы болған жол-көлік оқиғасы орнынан жол жүрісі қағидаларын бұза отырып кетіп қалған жағдайда, ол ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа жатады.
ӘҚБтК-нің 821-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сот істі қарау нәтижесінде жасалған іс-әрекетке берілген құқықтық бағаның бұрыстығын анықтаса, құқық бұзушылықтың саралануын неғұрлым жеңіл әкімшілік жаза көзделген заң бабына өзгертуге құқылы. Аталған нормалардың талаптарын бұза отырып, жергілікті соттар істің нақты мән-жайларын толық көлемде ескермеген. Олар тек әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың уәждерімен ғана шектеліп, Р.К. Ильясовты ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартқан.
Алайда, Р.К. Ильясов пен жәбірленуші Е.Қ. Қалықұловтың жолкөлік оқиғасынан кейінгі іс-әрекеттері Р.К. Ильясовтың іс-әрекетінде ӘҚБтК-нің 611-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамының бар екенін көрсетеді.
Іс материалдарына сәйкес, жол-көлік оқиғасына қатысушылар Жол жүрісі қағидаларының 1-тарау 8-тармағының талаптарын бұзып, оқиғаны ресімдеу үшін жақын маңдағы ішкі істер органдарының бөлінісіне келмегенімен, аталған бап қолданылуға жатады.
Р.К. Ильясовтың жол-көлік оқиғасынан кейін жәбірленуші Е.Қ. Қалы~құловпен материалдық залалды өтеу туралы өзара келісімге к~~ еліп, жеке куәлігін, автокөліктің техникалық паспортын және байланыс телефонын қалдырғаны туралы түсініктемелері іс бойынша келесі дәлелдемелермен расталады:
Жол-көлік оқиғасы 2025 жылғы 21 қазанда сағат 23:30 шамасында болған. Оқиғадан кейін Р.К. Ильясов оқиға орнынан кетіп қалған.
А.Е. Аркинов пен М.Б. Омаровтың жазбаша түсініктемелеріне сәйкес, 2025 жылғы 21 қазанда сағат 23:50 шамасында Р.К. Ильясов пен Е.Қ. Қалықұлов Алматы қаласы, Яссауи көшесі, 18 А мекенжайында орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясына келіп, мемлекеттік нөмірі 999ERA08 «Hyundai Sonata» автокөлігін жөндеу мәселесін талқылаған.
Ұсынылған скриншоттарға сәйкес, 2025 жылғы 22 қазанда Р.К. Ильясов пен Е.Қ. Қалықұлов күні бойы «WhatsApp» мессенджері арқылы бірнеше рет сөйлескен. Осы келіссөздер барысында жәбірленуші өзінің +77780981434 телефон нөмірінен Р.К. Ильясовқа «2Гис» навигаторы арқылы геолокация жіберген.
Демек, жол-көлік оқиғасынан кейін оған қатысушылар болған жағдайдың мән-жайын бағалауда ортақ мәмілеге келіп, Р.К. Ильясов тарапынан материалдық залалды ерікті түрде өтеу туралы уағдаласқан.
Алайда, кейіннен залалды өтеу мәселесі шешімін таппағандықтан, - жәбірленуші Е.Қ. Қалықұлов 2025 жылғы 23 қазанда жол көлік оқиғасы туралы полицияға хабарлаған. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Р.К. Ильясовтың іс-әрекеті ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігінен 1-бөлігіне қайта саралануға және осы баптың санкциясына сәйкес жаза тағайындалуға жатады. Өйткені, оның әрекетінде тек өзі қатысушы болған жол-көлік оқиғасы туралы ішкі істер органдарына хабарламау, яғни Жол жүрісі қағидаларының 1-тарау 8-тармағының талаптарын сақтамау фактісі ғана көрініс тапқан. Сондықтан қаралып жатқан ұсыну қанағаттандыруға жатады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 851-бабын басшылыққа ала отырып, Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мама~ндандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 19 қараша~~ дағы және Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 4 желтоқсандағы қаулылары өзгертілсін.
Расул Канатович Ильясовтың әрекеті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 611-бабының 2-бөлігінен осы Кодекстің 611-бабының 1-бөлігіне қайта сараланып, оған осы баппен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 19 660 (он тоғыз мың алты жүз алпыс) теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалсын.
Қаулылар басқа бөлігінде өзгеріссіз қалдырылсын.
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші К.А. Мусетов
Судьялар Г.Б. Даулетова
М.К. Сатыбалдин
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.