Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 19.05.2026 по делу 6003-26-00-2к/367(2) (Гражданское)

6003-26-00-2к/367(2)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 19 мамыр Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында:

төрағалық етуші Л.Б.Мамырбаева, судьялар А.О.Тогумбетова, А.К. Тлеубаева,

талап қоюшының өкілі Б.С. Айткасимовтың, жауапкер Ж.Т. Каримбаеваның өкілі М.А. Галимовтың, аудармашы Е.А. Токештің қатысуларымен ашық сот отырысында

талап қоюшы «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі- Басқарма) жауапкерлер Шымкент қаласы әкіміне, «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, Жибек Турабековна Каримбаеваға, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалына жер учаскесін жалға беру шарты мен құлату (бұзу) туралы қорытындыны жарамсыз деп тану туралы электрондық азаматтық істі жауапкер Ж.К. Каримбаеваның Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 13 мамырдағы шешіміне және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 5 тамыздағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,

АНЫҚТАДЫ :

Басқарма жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 13 мамырдағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

«Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен Жибек Турабековна Каримбаеваның арасындағы жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) 2020 жылғы 17 тамыздағы №002/1266 үлгілік шартты жарамсыз деп танылған.

2021 жылғы 6 қыркүйектегі Шымкент қаласы, Спорт шағын ауданы, №24 үй №52 тұрғын үй емес бөлме мекенжайында орналасқан жылжымайтын мүлік объектісін (жылжымайтын мүлік объектісі (литер А1) жалғай салу 2 қабатты, 2002 жылғы, 1-ші қабаттың жалпы алаңы - 61,4 м2, 2-қабаттың жалпы алаңы – 57,9 м2, қабырға материалы-шлакоблоктан болған) құлату туралы қорытынды жарамсыз деп танылған.

Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 5 тамыздағы қаулысымен сот шешімі өзгерссіз қалдырылған.

Кассациялық шағымда жауапкер Ж.К. Каримбаеваның өкілі бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар іс үшін маңызы бар мəн-жайлардың

шеңберін дұрыс анықтамағанын, материалдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған. Кассациялық сот, іске қатысушы тұлғалардың түсініктерін тыңдап, келесі тұжырымға келді.

Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5- бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.

Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

АПК-нің 21-бабының 2-бөлігіне сәйкес заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға тиіс.

Азаматтық істің құжаттарына қарағанда, 2018 жылғы 31 шілдедегі Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының шешімімен (бұдан әрі - Шешім), жауапкер Ж.Т. Каримбаеваға тиесілі, Шымкент қаласы, Спорттық шағын ауданы, №24 үй №52 пәтердің сонымен қатар, көпшілік пайдаланылатын аумаққа өзіне берілген тыс жерге пәтердің артқы жағынан 2- қабатты етіп кеңейтіп, іргетасын темір бетоннан, қабырғасы күйдірілген қыштан қаланған, шатырын темір жабынмен (профнастиль) жауып, нысанының өлшемі қазіргі таңда h-2,8м биіктігі, 6,4м х 5,4 м, құрылыс ауданы34,56м2, жалпы ауданы-69,12 м2 коммерциялық құрылыс нысандары (бұдан әрі – даулы құрылыс), жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұзылған.

2018 жылғы 6 тамызда мемлекеттік сот орындаушысы А.Ж.Тойшибековамен шешім бойынша берілген атқару парағы негізінде, даулы құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы №209/18-51-10 атқарушылық іс қозғалған. Қазіргі таңда атқару өндірісі мемлекеттік сот орындаушысы Қ.Сәйфінің өндірісінде.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік коғамының Шымкент қаласы бойынша филиалының (бұдан әрі - Корпорация) 2024 жылғы 12 желтоқсандағы мәліметіне сәйкес, даулы құрылыс объектісіне мемлекеттік техникалық тексеру жұмыстары 2021 жылғы 26 тамыздағы №002213522582 тапсырыс негізінде жүргізіліп, техникалық паспорт берілген. Техникалық паспортқа барлық орын алған өзгерістер есепке алынып, бұзылған литер А1 жалғай салуға техникалық паспортқа қоса құлату туралы қорытынды берілген.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі №202 бұйрығымен бекітілген Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру қағидаларының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 сәуірде

№22672 болып тіркелді) 11 және 12-тармақтарына сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды бөлшектеу және бұзудан кейін тапсырыс беруші (меншік иесі) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды бұзу актісін жасайды және үш жұмыс күн ішінде жергілікті атқарушы органдарға міндетті есепке алуға және тіркеуге ұсынған.

Бұзу актісі сәулет, қала құрылысы және құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарда міндетті есепке алынуға және тіркеуге жатады.

Алайда, жергілікті соттарда анықталғандай, даулы құрылысты құлату туралы қорытынды Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасында есепке алынбаған және тіркелмеген.

Сондай-ақ, Басқармада даулы жер учаскесіне құрылыс салу үшін жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы бекітілмеген және эскизі (эскиздік жобасы) келісілмеген, сонымен қатар құрылыс нысандарын пайдалануға қабылдау актісі есепке алынбаған.

Сонымен қатар, Басқармасында, даулы жер учаскесінде құрылысмонтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарлама тіркелмеген.

Заңсыз салынған құрылысты бұзу туралы сот шешімі болғанына қарамастан жергілікті атқарушы орган тарапынан борышкер Ж.Каримбаеваның бұзылуға жататын құрылыс нысаны орналасқан ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскесі уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен берілген.

Атап айтқанда, Шымкент қаласының әкімі 2020 жылғы 12 тамыздағы №480 қаулымен (3-тармағы) Ж.Т.Каримбаеваға Шымкент қаласы, Спорт шағын ауданы, №24 үй №52 тұрғын үй емес бөлме мекенжайы бойынша алаңы 0,0072 га пәтерді дүкен етіп қайта жаңарту үшін ортақ үлестік меншік құқығымен берілген жер учаскесіне қосымша 0,0031 га бөлінбейтін жер учаскесіне жапсырманы жобалау мен құрылыс салу үшін 5 жылға уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын берген.

2020 жылғы 17 тамызда басқарма Ж.Т.Каримбаевамен жер учаскесін 2025 жылғы 12 тамызға дейін жалға беру туралы №002/1266 келісімшарт жасаған.

2020 жылғы 22 қазанда жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты (кадастрлық №22-328-010-171) берілген.

Жергілікті соттар заңсыз салынған құрылысты бұзу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің бүгінгі күнге дейін орындалмағандығын, жылжымайтын мүлікті құлату туралы қорытындының қолданыстағы заңнамамен қарастырылған тәртіпте қабылданбағандығын, жергілікті атқарушы орган тарапынан борышкер Ж.Каримбаеваның бұзылуға жататын құрылыс нысаны орналасқан ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскесі уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен беру туралы қаулы қабылданған және оның негізінде жер учаскесін жалға беру туралы шарт

жасалған кезде бұл мән-жайлар ескерілмегендігін негізге алып, талап қоюы негізді қанағаттандырылған.

Кассациялық шағымдағы уәждер апелляциялық сатыдағы сотта келтірген уәждерге ұқсас және оларға тиісті құқықтық баға берілген.

Жергілікті соттар іс бойынша заңды маңызы бар мән-жайларды істі нақты қарау кезінде дұрыс анықтаған. Істің материалдары сотпен толық, жанжақты және объективті зерттелген, тараптар ұсынған дәлелдемелерге жергілікті соттармен тиісті құқықтық баға берілген.

Сондықтан дауланып отырған сот актілері күшінде, кассациялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 13 мамырдағы шешімі және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 5 тамыздағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Жаупакердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Л.Б. Мамырбаева

Судьялар А.О.Тогумбетова

А.Қ. Тлеубаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.