ВС РК - Постановление от 10.02.2022 по делу 6001-21-00-6ап/109 (Административное)

6001-21-00-6ап/109

2022 жылғы 10 ақпан Нұр-Сұлтан қаласы

Қ А У Л Ы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші Баймаханов С.У.,

судьялар Қайыпжан Н.Ү., Токмурзина Д.А.,

талап қоюшының өкілі Т[...], жауапкердің өкілі О[...] қатысуларымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында қашықтықтан бейне-дыбыс жазу құралдарын қолдану арқылы талап қоюшы «Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне 2021 жылғы 21 шілдедегі№№790000000-2-17-140083 - 790000000 - 2-17-140089, 790000000-2-17-140091 - 790000000-2-17-140092, 790000000-217-140094 - 790000000-2-17-140096 хабарламаларын заңсыз деп тану туралы талап қою арызы бойынша әкімшілік ісін

Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 21 қазандағы жеке ұйғарымына талап қоюшының берген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

«Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Ұйымдастырушы) сотқа жарияланған ашық конкурстарға жүргізілген камералдық бақылау нәтижесі бойынша «Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - Департамент) 2021 жылдың 21 шілдеде анықталған бұзушылықтарды жою туралы №№ 790000000-2-17-140083 - 790000000-2-17-140089, 790000000-2-17-140091 - 790000000-2-17-140092, 790000000-2-17-140094 - 790000000-2-17-140096 хабарламаларын (бұдан әрі - хабарлама) заңсыз деп тану туралы талаппен жүгініп, оны конкурстың техникалық ерекшеліктерінде тапсырыс беруші мен Ұйымдастырушыға қажетті құжаттарды талап ету құқығы берілгенімен негіздеген.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен талап қою арызды қанағаттандырудан бас тартылған.

Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 21 қазандағы қаулысымен сот шешімі күшінде қалдырылған.

Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 21 қазандағы жеке ұйғарымымен «Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларының тарапынан жіберілген заң бұзушылықтар бойынша Шымкент қаласының әкіміне тиісті шаралар қолдану үшін хабарланған.

Ұйымдастырушы апелляциялық саты сотының жеке ұйғарымымен келіспей, кассациялық шағымында сот істің мән-жайларына дұрыс баға бермегенін, материалдық құқық нормалары дұрыс қолданбағанын көрсете келе, жеке ұйғарымның күшін жоюды сұраған.

Талапкер өкілінің кассациялық шағымның уәждерін қолдаған түсінігін, жауапкер өкілінің кассациялық шағымға қарсы пікірін тыңдап, іс құжаттарын зерделеп, қассациялық сот алқасы төмендегі негіздерге байланысты дау айтылған сот актісі күшінде қалдырылуға жатады деген қорытындыға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әріАПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Осы іс бойынша апелляцилық саты соты жеке ұйғарымды шығару барысында аталған заң бұзушылықтарға жол бермеген.

Іс құжаттарына қарағанда, Ұйымдастырушымен №6020796-2 «Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы көп қабатты үйлерді жарықтандыру бойынша жұмыстарына» және №6018633-2 «Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы көпқабатты үйлер ауласын қалпына келтіру жұмыстарына» ашық конкурсы жарияланған (бұдан әрі - Конкурс). Департамент жарияланған ашық конкурстарға камералдық бақылау жүргізген.

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша конкурсқа қатысуға артық талап қойылғаны анықталған. Осы бұзушылықтарды жою жөнінде Ұйымдастырушыға хабарламалар жолданған. Тапсырыс берушілер Әл-Фараби ауданы әкімдігінен және Еңбекші ауданы әкімдігінен конкурс өткізу үшін жолданған техникалық ерекшеліктері, сметалық құжаттары, біліктілік талаптарында жоғарыда аталған талап көрсетілмеген. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңның 9-бабы 2-тармағына сай осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін; тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайтын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» (әрі қарай - Қағида) 82-тармағының талаптарын бұзғаны анықталған, өйткені конкурстық құжаттаманы қалыптастырғанда аккредиттелген сынақ зертханасымен алдын-ала ниет шартын ұсыну туралы талап қоятынын тапсырыс берушімен келіспеген.

Демек, заң бұзушылықтардың орын алуына Ұйымдастырушының лауазымды тұлғаларының Заңның талаптарын сақтамағандығы негіз болған.

Алдағы уақытта мемлекеттік сатып алу саласында лауазымды тұлғалар тарапынан мұндай заң бұзушылықты болдырмау мақсатында, апелляциялық сатыдағы сот жоғарыда анықталған заңбұзушылық пен орын алған мәнжайларға Шымкент қаласының әкімінің назарын аудару туралы дұрыс шешім қабылдаған.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 169бабының 1-бөлігінің, АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Осы әкімшілік іс бойынша қабылданған Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 21 қазандағы жеке ұйғарымы күшінде қалдырылсын. Талап қоюшы «Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші С. Баймаханов

Судьялар Н. Қайыпжан Д. Токмурзина Көшірмесі дұрыс Судья Н. Қайыпжан

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.