ВС РК - Определение от 11.07.2022 по делу 6001-22-00-3Г/3063 (Гражданское)

6001-22-00-3г/3063

көшірме

Ұ Й Ғ А Р Ы М

2022 жылғы 11 шілде

Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ә[...] талап қоюшы «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» акционерлік қоғамы жауапкер «S[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы шешімін және Нұр-Сұлтан қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 1 наурыздағы қаулысын қайта қарау туралы жауапкердің өкілі Б[...] келтірген өтінішхатын алдын ала қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:

«Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» акционерлік қоғамы сотқа жоғарыда көрсетілген талап қою арызымен жүгінген.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 1 наурыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Арызданушы өтінішхатында жергілікті соттардың тұжырымдары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін, материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылмағанын көрсетіп, іс бойынша қабылданған сот актілерін сот шығыстарын өндіріп алудан бас тарту бөлігінде күшін жойып, аталған бөлігінде өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстарын өндіру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Арыз берушінің өтінішхатта келтірген уәждерін, келіп түскен азаматтық іс бойынша қабылданған сот актілерін заң талаптарына және қолданыстағы сот практикасына сәйкестігін қосымша тексеру мақсатында судья өтінішхатты алдын ала қарау нәтижесі бойынша шешім қабылдауды кейінге қалдырып, азаматтық іс құжаттарын алдырту қажет деп есептейді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 198, 438баптарын басшылыққа алып, судья

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотынан № 7119-21-00-2/11376 азаматтық іс материалдары сұратылсын.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы шешімін және Нұр-Сұлтан қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 1 наурыздағы қаулысын қайта қарау туралы жауапкердің өкілі Б[...] келтірген өтінішхатының алдын ала қаралуы кейінге қалдырылсын.

Ә[...] Ә[...]

Судья Көшірмесі дұрыс Судья

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.