КСАД РК - Постановление от 06.08.2025 по делу 6003-25-00-4к/204 (Административное)

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 6 тамыз № 6003-25-00-4к/204 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші – судья Д.Ә.Әбдіғалиев,

судьялар – Г.М.Ыдырысова, М.А.Қасымов,

ашық сот отырысында талап қоюшы Нургалий Сисенгалиевич Джаманкуловтың жауапкер жеке сот орындаушысы Айболат Асетович Карабековқа қатысты 2024 жылғы 21 қазандағы қаулыны заңсыз деп танып күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (әрі қарай – ӘІЖСА) 2025 жылғы 30 қаңтардағы қаулысына мүдделі тұлға Самал Бауржановна Абдолованың берген кассациялық шағымы бойынша әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгініп, алимент бойынша берешек сомасын дұрыс айқындамауымен, сондай-ақ борышкердің шығыстарының ескерілмеуінен негіздеді. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының (бұдан әрі – МАӘС) 2024 жылғы 10 желтоқсандағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған.

ӘІЖСА-ның 2025 жылғы 30 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, іс бойынша талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылып, сот орындаушысының 2024 жылғы 21 қазандағы қаулысы заңсыз деп танылып, күші жойылды.

Жауапкермен апелляциялық сатыдағы соттың қаулысына кассациялық шағым берілген.

Кассациялық шағым мәні бойынша қаралғанға дейін жауапкер тарапынан оны қайтарып алу туралы арыз келіп түсті.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабы бірінші бөлігіне сәйкес, кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер ӘРПК-де өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 435-бабы үшінші төлігінің талаптарына сәйкес, кассациялық шағым берген тұлға, оның ішінде іс бойынша тарап ретінде шағым берген прокурор кассациялық шағымнан бас тартуға немесе оны кері қайтарып алуға құқылы, наразылық келтірген прокурор оны кассациялық шағым, наразылық қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа арыз беру арқылы кері қайтарып алуға құқылы.

АПК-нің 442-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес, кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы қаралғанға дейін олар кері қайтарылып алынса, кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы қайтарылуға жатады.

Осыған орай, жауапкердің кассациялық шағымы АПК-нің 442-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы негізінде оны берген тұлғаға қайтарылуға жатады. АПК-нің 442-бабы екінші бөлігін басшылыққа ала отырып, судья

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Жеке сот орындаушысы Айболат Асетович Карабековтың Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 30 қаңтардағы қаулысына берген кассациялық шағымы кері қайтарылсын.

Төрағалық етуші

Д. Әбдіғалиев

Судьялар

Г. Ыдырысова М. Қасымов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.