1
ҚАУЛЫ
15 сәуір 2026 жыл №6003-26-00-4к/192 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:
төрағалық етуші М.А.Туғанбаев,
судьялар – Р.М.Айнақұлова, Г.Б.Дүйсенбаев болып,
талап қоюшы Н.Д.Әбетаева мен оның өкілі А.А.Адиловтың қатысуымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Әбетаева Назерке Досалықызының (бұдан әрі – талап қоюшы) жауапкер Шымкент қаласының атқарушылық округінің жеке сот орындаушысы Бейсенова Алия Жумабековнаға (бұдан әрі – ЖСО А.Бейсенова), «Ocenka Premium» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – «Ocenka Premium» ЖШС) берген ЖСО А.Бейсенованың №1063/25-79-6817 санды 03 маусым 2025 жылғы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкер Б.Келдибековке тиесілі маркасы «TOYOTA CAMRY», мемлекеттік тіркеу номері 050BAX13, 2015 жылғы, түсі – ақ, шанақ №XW7BFK80S124456, мүлкіне қатысты «тыйым салынған мүлікті бағалау жөніндегі маманның қатысуы» туралы қаулысын заңсыз деп танып, күшін жою туралы; «Ocenka Premium» ЖШС-нің бағалаушы маманының 1154/25 санды 05 маусым 2025 жылғы бағалау есебін заңсыз деп танып, күшін жою туралы талаптары бойынша қабылданған,
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысына талапкердің кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы Әбетаева Н.Д. жоғарыда көрсетілген талап арызымен сотқа жүгінген.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 30 шілдедегі шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылған.
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі ұйғарымымен аталған сот шешімінің күші жойылып, әкімшілік іс бірінші сатыдағы сот қағидаларымен мәні бойынша қарау үшін апелляциялық соттың өндірісіне қабылданған және де осы соттың 2025 жылғы 30 қыркүйектегі шешімімен талап арызды қанағаттандырудан бас тартылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымда істі қарау барысында зерттелген дәлелдемелерге дұрыс баға берілмегендігін, материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылмағандығын көрсетіп, дау айтылған апелляциялық сот актісінің күшін жойып, іс бойынша талап арызды қанағаттандыру жөнінде жаңа шешім қабылдауды сұрайды.
Сот отырысының уақыты мен орыны туралы тиісінше хабарланған жаупкер мен мүдделі тұлғалардың өкілдері сотқа келген жоқ. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 115-бабына сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Талап қоюшы өкілінің кассациялық шағымды қолдаған түсінігін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, кассациялық сот төмендегідей тұжырымға келді.
ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Осы іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.
2025 жылдың 4 шілдесінде ЖСО Ж.Абильбекова Сарыағаш аудандық сотының 2024 жылғы 26 маусымындағы атқару парағына сәйкес борышкер Б.Келдібековтен талап қоюшы Н.Әбетаеваның пайдасына 13 030 717 теңге өндіру туралы атқарушылық іс жүргізуді қозғаған және оның аясында борышкерге тиесілі маркасы «TOYOTA CAMRY», мемлекеттік тіркеу нөмірі 050BAX13, 2015 жылғы, түсі ақ, шанақ №XW7BFK80S124456 автокөлігіне (әрі қарай - автокөлік) тиым салған.
2025 жылғы 30 сәуірде ЖСО Абильбекованың қаулысымен аталған мүлікті бағалау үшін бағалаушы маман тағайындалған.
Бағалаушы маман ЖК «Шаяхметова Ш.Ш.» 2025 жылғы 5 мамырдағы бағалау есебіне сәйкес автокөлік 12 033 333 теңгеге бағалаған.
Өз кезегінде, ЖСО А.Бейсеновамен 2025 жылдың 3 маусымында борышкер Б.Келдібековтен өндіріп алушы Б.Сүлейменнің пайдасына 60 000 000 теңге өндіру туралы Сарыағаш аудандық сотының 2025 жылғы 29 мамырдағы атқару парағына сәйкес басқа атқарушылық іс жүргізу қозғалған және оның аясында 2025 жылдың 4 маусымында ЖСО А.Бейсенова автокөлікке бағалаушыны тағайындау және борышкердің мүлкін бағалауды жүргізу туралы қаулысын (бұдан әрі - қаулы) қабылдаған.
Борышкердің автокөлігі «Ocenka Premium» ЖШС-нің 2025 жылғы 5 маусымдағы бағалау есебіне сәйкес 12 348 000 теңгеге бағаланған.
Сот алқасы анықтағандай, 2025 жылы 10 маусымда жауапкер ЖСО Ж.Абильбековаға хат жолдап, онда өз өндірісінде атқарушылық іс жүргізу бар екенін, оның аясында борышкердің жоғарыда аталған автокөлігінің бағаланғаны және борышкерге мүлікті дербес өткізу құқығы берілгендігін хабарлаған.
Хат мазмұнынан сот алқасы борышкер өз құқығын пайдаланып, 2025 жылғы 10 маусымдағы сатып алу-сату шарты бойынша автокөлікті сатып алушы О.Бейсенбіге 12 348 000 теңгеге сатқандығын және соңғысы сатылған мүліктің қаражатын ЖСО А.Ж.Бейсенованың «Каспий банк» АҚ-дағы есеп шотына 10 маусым 2025 жылғы төлем тапсырмасымен аударғандығын анықтаған.
Осыған байланысты ЖСО А.Бейсенова ЖСО Ж.Абильбековаға көрсетілген автокөлікті тиымнан босату туралы хатын жолдаған.
Талапкер өкілінің кассациялық сот отырысында берген түсінігіне сәйкес, бүгінгі күнде сатылған автокөлік ЖСО Ж.Абильбекова салған бұғаттаудан босатылмаған, сол себепті сатып алушы О.Бейсенбінің атына рәсімделіп, мелекеттік тіркеуден өтпеген.
Сот алқасы талап қоюшының талап арызын қанағаттандырудан бас тарта отырып, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде жауапкер ЖСО А.Бейсенова барлық іс-қимылдары мен шешімдерін тек қана Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) талаптарына сүйене отырып қабылдағандығын және барлық істелген шаралар сот орындаушымен тек қана сот шешімін орындау мақсатында жасалғандығын анықтаған, осыған байланысты оның дауланып отырылған іс-әрекеттерінің заңды екендігін негізді түрде көрсеткен.
Мұндай жағдайда, кассациялық сот апелляциялық сот сатысының талап қоюшының талабын қанағаттандырудан бас тартқан шешімі заңды түрде қабылданған деп есептейді.
АПК-ның 452, 426-бабтарына сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Мұндай жағдайда талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады. ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысы күшінде қалдырылсын.
Талапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
| Төрағалық етуш Судьялар |
і Туғанбаев М.А. Айнақұлова Р.М. Дүйсенбаев Г.Б. |
|---|
⚠️ Текст документа получен на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан.