Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 14.01.2026 по делу 6003-25-00-2к/2536 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 14 қаңтар №6003-25-00-2к/2536 (2) Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар Даненова А.А., Токсанбаев А.Б., аудармашы Таласбаева Р.А.,

талап қоюшылар З.Б.Есмурзаева, Б.С.Есмурзаев, олардың өкілі Ж.А.Коргулин, жауапкерлердің өкілдері Т.Р.Вахитов, Т.К.Ержанов,

бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуларымен, ашық сот отырысында талап қоюшылар Ержан Бекарысұлы Сисембаевтің, Жанасыл Жалгасовна Коргулинаның, Замза Багытжановна Есмурзаеваның, Бекарыс Сисембаевич Есмурзаевтің жауапкерлер «ARM Group KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Исатай Тогызбаевич Байгелдинге, Айсұлу Ерланқызы Балықбаеваға, Артур Куанбаевич Боранбаевқа берген материалдық шығынды және моральдық зиянды өндіру, «ARM Group KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін үйді сатушы деп тану, мәмілелерді жарамсыз деп туралы талап қоюлары бойынша азаматтық істі Ақтөбе қалалық сотының 2024 жылғы 15 қазандағы шешіміне және Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 13 наурыздағы қаулысына талап қоюшылардың өкілінің келтірген кассациялық шағымымен қарап,

АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Талап қоюшылардың осы іс бойынша сот актілеріне кассациялық шағым беру мерзімі қалпына келтірілсін.

Ақтөбе қалалық сотының 2024 жылғы 15 қазандағы шешімі және Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 13 наурыздағы қаулысы күшінде, талап қоюшылардың өкілінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Талап қоюшылар Ержан Бекарысұлы Сисембаевтен, Жанасыл Жалгасовна Коргулинадан, Замза Багытжановна Есмурзаевадан, Бекарыс Сисембаевич Есмурзаевтан, әрқайсысынан, жауапкер «ARM Group KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына 37 500 теңгеден өндірілсін.

Төрағалық етуші судья Ғ.Бастаубаев Судьялар А.Даненова

А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.