Қ А У Л Ы
2026 жылғы 25 маусым №6003-26-00-2к/2461, 2461(2) Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар Н.А.Жумагулова, Н.О.Косанов,
прокурор Д.Б.Жумагулов,
талап қоюшының өкілі С[...],
жауапкердің өкілдері Т[...], Б[...],
бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуымен, ашық сот отырысында талап қоюшы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «11567 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің жауапкер «Н[...]» жеке кәсіпкері Н[...] тауарларды алып кетуге мәжбүрлеу туралы талап қоюы бойынша электрондық азаматтық істі Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 4 ақпандағы қаулысына келтірілген Қазақстан Республикасының Бас әскери прокурорының кассациялық наразылығымен және жауапкердің кассациялық шағымымен қарап,
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 2) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 4 ақпандағы қаулысының күші жойылып, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 14 қарашадағы шешімі күшінде қалдырылсын.
Қазақстан Республикасының Бас әскери прокурорының кассациялық наразылығы және жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.
Жауапкер «Н[...]» жеке кәсіпкері Н[...] пайдасына талап қоюшы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «11567 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінен 983 (тоғыз жүз сексен үш) теңге баж шығыны өндірілсін.
Төрағалық етуші судья
Ғ.Бастаубаев
Судьялар
Н.Жумагулова
Н.Косанов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.