ВС РК - Постановление от 14.05.2025 по делу 6001-24-00-6ап/3131 (Административное)

6001-24-00-6ап/3131

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 14 мамыр Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші судья Г.Б.Дуйсенбаев,

судьялар Ш.Т. Даниярова, Г.К.Нұрбаев, болып,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында талап қоюшылар «Алматыгипрогор-1» жобалау институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, оның құрылтайшысы Төлеген Сыздықұлы Әбілданың жауапкер жеке сот орындаушысы Асия Куанышкереевна Каженоваға «Sarzhan Invest Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің маманынан бас тарту туралы 2024 жылғы 10 мамырдағы өтінішхатын 2024 жылғы 25 маусымдағы шығыс №51 хатпен қанағаттандырусыз қалдыруын заңсыз деп тану, 2024 жылғы 11 маусымдағы №47 санды «Алматыгипрогор- 1» жобалау институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 60-қа жуық атаудан тұратын құжаттарды беру туралы талабын заңсыз деп тану, «Sarzhan InvestGroup» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі маманының қызметінен бас тартуға міндеттеу туралы әкімшілік ісі бойынша,

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 25 шілдедегі шешіміне және ұйғарымына, Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі қаулысы мен ұйғарымына талап қоюшылардың кассациялық шағымдарымен түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшылар «Алматыгипрогор-1» жобалау институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - «Алматыгипрогор-1» ЖИ» ЖШС) және оның құрылтайшысы Т.С. Әбілда келесі талап қоюымен сотқа жүгініп:

  1. жеке сот орындаушысы А.К. Каженованың (бұдан әрі – ЖСО) «Алматыгипрогор-1» ЖИ» ЖШС-нің және оның құрылтайшысы Т.С.Әбілданың «Sarzhan Invest Group» ЖШС-ің маманынан бас тарту туралы 2024 жылғы 10 мамырдағы өтінішхатын 2024 жылғы 25 маусымдағы шығыс №51 хатпен қанағаттандырусыз қалдыруын заңсыз деп тануды;

  2. ЖСО-ның 2024 жылғы 11 маусымдағы №47 санды «Алматыгипрогор-1» ЖИ» ЖШС-нен 60-қа жуық атаудан тұратын құжаттарды беру туралы талабын заңсыз деп тануды;

  3. ЖСО-ның «Sarzhan Invest Group» ЖШС-гі маманының қызметінен бас тартуға міндеттеуді сұраған.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 25 шілдедегі ұйғарымымен талап қоюшылар «Алматыгипрогор- 1» ЖИ» ЖШС-нің, оның құрылтайшысы Т.С.Әбілданың жауапкер ЖСО А.К.Каженоваға «Sarzhan Invest Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің маманынан бас тарту туралы 2024 жылғы 10 мамырдағы өтінішхатын 2024 жылғы 25 маусымдағы шығыс №51 хатпен қанағаттандырусыз қалдыруын заңсыз деп тану; «Sarzhan Invest Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі маманының қызметінен бас тартуға міндеттеу туралы әкімшілік талап қоюдың бөлігі қайтарылған.

Талап қоюшы «Алматыгипрогор- 1» ЖИ» ЖШС-нің құрылтайшысы Т.С.Әбілданың жауапкер ЖСО А.К.Каженоваға 2024 жылғы 11 маусымдағы №47 санды «Алматыгипрогор-1» ЖИ» ЖШС-нен 60-қа жуық атаудан тұратын құжаттарды беру туралы талабын заңсыз деп тану жөніндегі әкімшілік талап қоюдың бөлігі қайтарылған.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 25 шілдедегі шешімімен талап қоюшы «Алматыгипрогор-1» ЖИ» ЖШС-нің жауапкер ЖСО А.К.Каженоваға 2024 жылғы 11 маусымдағы №47 санды 60-қа жуық атаудан тұратын құжаттарды беру туралы талабын заңсыз деп тану жөніндегі әкімшлік талап қою қанағаттандырусыз қалдаралған.

Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі қаулысы және ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың шешімі және ұйғарымы күшінде қалдырылған.

Талап қоюшылар кассациялық шағымында іс бойынша қабылданған бірінші және апелляциялық саты соттарының сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.

Тараптар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (бұдан әрі – сот алқасы) отырысына келмеді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Іс құжаттарын зерттеп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді.

ӘРПК-нің 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады. Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Іс құжаттарынан анықталғандай, Алматы қаласының нотариусы Ж.Азидің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 04370-01-135/140 атқарушылық жазбасының негізінде М.А.Абрахмановадан «Алматыгипрогор» ЖШС-нің падасына барлығы 4 041 459 теңге өндіріліп, сол жылғы 12-шілдеде жауапкердің қаулысымен атқарушылық іс жүргізу өндірісі қозғалған.

Осы атқарушылық өндірістің шеңберінде, өндіріп алушы, борышкер және жеке сот орындаушы арасында 16 шілде 2021 жылы жылжымалы мүлік бағасының тәртібі және шарттары туралы келісім жасалып, онда талап қоюшының жарғылық капиталындағы 0,466% борышкерге тиесілі үлесінің сату бағасы 4 500 000 теңгеге бағаланған.

Сол жылдың 21-қыркүйегінде атқарушылық іс жүргізу өндірісінде жауапкермен бірнеше шаралар жүзеге асырылып, нәтижесінде атқарушылық құжаттың толық орындалуына байланысты өндіріс тоқтатылған.

Алайда, бұл туралы жауапкердің қаулысы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 13 мамырдағы шешімімен заңсыз деп танылып, күшін жойған.

Осыған орай, 2023 жылғы 21 сәуірде жауапкер жоғарыда аталған жылжымалы мүлікке тыйым салу туралы қаулы шығарған, сол мүлікті бағалау мақсатында «Sarzhan Invest Group» ЖШС-нің бағалаушы маманы М.Саржанов белгіленген. Аталған қаулының заңдылығы 2024 жылғы 20 наурыздағы сот шешімен бекітілген.

2024 жылғы 11 маусымда жоғарыдағы көрсетілген атқарушылық іс жүргізу бойынша ЖСО А.К.Каженова «Sarzhan Invest Group» ЖШС-нің маманының бағалауды жүргізу кезіндегі сұрау салуына байланысты, №47 санды 60-қа жуық атаудан тұратын құжаттарды беру туралы талабын «Алматыгипрогор- 1» ЖИ» ЖШС-не орындауға жолдаған.

Жауапкер 2024 жылы 25 маусымдағы хатымен «Алматыгипрогор-1» ЖИ» ЖШС-гі және оның құрылтайшысы Т.С.Әбілданың 2024 жылғы 10 мамырдағы және 2024 жылғы 20 маусымдағы өтінішхаттары заң талаптарына сәйкес келмейтіні туралы жауап берген.

Талап қоюшы жауапкердің 2024 жылғы 11 маусымдағы №47 санды 60-қа жуық атаудан тұратын құжаттарды беру туралы талабымен келіспей, оны даулаған.

Жергілікті соттардың талаптың «Sarzhan Invest Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің маманынан бас тарту туралы 2024 жылғы 10 мамырдағы өтінішхатын 2024 жылғы 25 маусымдағы шығыс №51 хатпен қанағаттандырусыз қалдыруын заңсыз деп тану; «Sarzhan Invest Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі маманының қызметінен бас тартуға міндеттеу туралы бөлігінде, талап қоюшы «Алматыгипрогор- 1» ЖИ» ЖШС-нің құрылтайшысы Т.С.Әбілданың жауапкер ЖСО А.К.Каженоваға 2024 жылғы 11 маусымдағы №47 санды «Алматыгипрогор-1» ЖИ» ЖШСнен 60-қа жуық атаудан тұратын құжаттарды беру туралы талабын заңсыз деп тану туралы бөлігінде қайтару туралы ұйғарым шығарғанда төменгі сатыдағы соттармен іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымы дұрыс айқындалған, материалдық заң нормалары дұрыс қолданылған, процестік құқық нормалары бұзылмаған.

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 126-бабы 2- тармағының 3)-тармақшасына сәйкес сот орындаушысы заңда белгiленген тәртiппен: Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, атқарушылық әрекеттер жасау кезiнде туындаған мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты, түсiнiктемелер мен анықтамаларды өтеусіз алуға құқылы. Бұл ретте жеке және заңды тұлғалар оларды дереу, ал арнайы құжаттарды өңдеудi, дайындауды талап ететiн жағдайларда үш жұмыс күнінен кешіктірмей сот орындаушысына беруге мiндеттi.

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағы 1), 2), 3)-тармақшаларының және 31-бабының талаптары бойынша, бағалаушының: дереккөзiн көрсете отырып, бағалау стандарттарына және (немесе) халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес бағалау әдiстерi мен бағалау амалдарын өзі дербес қолдануға; бағалау жүргiзу кезiнде тапсырыс берушiден бағалау объектiсіне, сондай-ақ бағалауды жүзеге асыру үшін қажеттi құжаттамаға толық көлемде қолжетiмдiлiкті қамтамасыз етудi талап етуге; тапсырыс берушiнің бағалауды жүзеге асыру үшін қажеттi түсiндірмелерін, сондай-ақ қосымша мәлiметтер алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Яғни, аталған заң талаптарына сай, бағалаушы маман оған қажеттi құжаттамаларға толық көлемде қолжетiмдiлiкті қамтамасыз етудi талап етуге құқылы және оның осы орайда көзделген өз жауапкершілігі де бар.

Бұл ретте, сот алқасы жергілікті соттардың ЖСО-ның атқарушылық әрекеттер жасау кезiнде туындаған мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты алуға құқығы бар деген тұжырымымен келіседі.

АПК-нің 452-бабының 1-бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

Осы Кодекстің 426-бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.

Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мәнжайларына сәйкес келетін сот актілерін өзгертуге немесе олардың күшін жоюға негіз бола алмайды.

Мұндай жағдайда талап қоюшылардың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.

ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1)тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 25 шілдедегі шешімі және ұйғарымы, Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі қаулысы мен ұйғарымы өзгеріссіз, талап қоюшылардың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Г.Б.Дуйсенбаев Судьялар Ш.Т.Даниярова Г.К.Нұрбаев Копия верна Судья Г.К.Нұрбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.