ВС РК - Постановление от 07.02.2024 по делу 6001-24-00-3ГП/8 (Гражданское)

6001-24-00-3ГП/8

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 7 ақпан Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – судья Шәріпов Н.К., судьялар Молдахметова Т.Ә, Савинова А.С., прокурор М[...], Сайрам ауданы әкімінің өкілі Р[...], талап қоюшының өкілі Б[...], жауапкер И[...] өкілі М[...] қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілген ашық сот отырысында талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-нің (бұдан әрі – Департамент) жауапкерлер Н[...], И[...], И[...], «Сайрам ауданының әкімдігі» ММ-ге, «Шымкент қаласының әкімдігі» ММ-ге, «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ-ге, үшінші тұлғалар «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ-қа, жеке нотариус К[...], Ш[...] іске қатыстырып, мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның шешімін, сатып алусату шартын жарамсыз деп тану туралы азаматтық ісі бойынша қабылданған

Қаратау аудандық сотының 2023 жылғы 10 мамырдағы шешімін, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 17 тамыздағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы И[...] өкілі М[...] өтінішхаты бойынша азаматтық істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Департамент сотқа жоғарыда аталған талап қоюмен жүгінген. Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотының 2023 жылғы 10 мамырдағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 17 тамыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Арызданушы өтінішхатында істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына байланысты іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қаңағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы (бұдан әрі – сот алқасы) іс құжаттарын зерделеп, өтінішхат уәждерін талқылап, тараптардың пікірлерін тыңдап, дау айтылған сот актілерінің күші жойылуға, іс жаңадан қарауға жолдануға жатады деген тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.

Іс құжаттарынан анықталғандай, Сайрам ауданы әкімдігінің жанындағы мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) 2007 жылғы 8 мамырдағы № 35995 шешімі негізінде М.Н[...] Қазақстан облысы, [...] елді мекені, Сайрам су көшесінің бойынан пайдаланыстағы тұрғын үй және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін, көлемі 0,2400 га жер учаскесі беріліп, кадастрлық № [...] сәйкестендіру құжаты рәсімделген.

Сонымен қатар, Н[...] қатысты Сайрам ауданы әкімдігінің жанындағы мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның 2007 жылғы 12 мамырдағы шешімі қабылданып, оған Оңтүстік Қазақстан облысы, [...] қақпа ауылы, Сайрам көшесінде бұрын салынып орналасқан дүкеннің нөмірі жоқ жер учаскесі жекеменшік пайдалану құқығымен беріліп, жер учаскесіне кадастрлық № [...] сәйкестендіру құжаты табысталған.

Н[...] өтініші негізінде 2015 жылы «ЮгЗемПроект-kz» мекемесімен Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Базар-қақпа елді мекені, Сайрам-су көшесінде орналасқан жерге Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы, Хамданбай көшесінің бойындағы бос аумаққа «жерге орналастыру жобасы» әзірленіп, Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімінің 2015 жылғы 25 маусымдағы бұйрығымен, кадастрлық № [...] сәйкестендіру құжаты рәсімделген. 2016 жылғы 5 қыркүйекте жер учаскесіне Н[...] пен И[...] арасында сатып алу-сату шарты жасалып, жер учаскесіне кадастрлық № [...] сәйкестендіру құжаты рәсімделген. 2019 жылғы 30 қазанда И[...] өтініші негізінде жалпы көлемі 0,24 га кадастрлық №[...] жер учаскесі екіге бөлініп, кадастрлық № [...], көлемі 0,0973 га және кадастрлық № [...], көлемі 0,1427 га болып, сәйкестендіру құжаттары рәсімделген. 2021 жылғы 11 наурызда И[...] өтініші негізінде жалпы көлемі 0,1427 га кадастрлық № [...] жер учаскесі екіге бөлініп, кадастрлық № [...], көлемі 0,0323 га және кадастрлық № [...], көлемі 0,1104 га сәйкестендіру құжаттары рәсімделген. 2023 жылғы 10 мамырдағы Қаратау аудандық сотының ұйғарымымен

№ [...], № [...], № [...], № [...] сәйкестендіру актілерін жарамсыз деп тану туралы талап қоюдың бөлігі бойынша іс жүргізу тоқтатылған.

Жергілікті соттар Н[...] жер учаскесін беру жөнінде шығарылған шешім заң талаптарына сәйкес келмейді, яғни атқарушы органдардың құқықтық актілері негізінде берілмеген, аталған даулы жер учаскесін иеленуге оның құқығы болмаған деп тұжырымдап, Сайрам ауданы әкімдігінің жанындағы мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның 2007 жылғы 8 мамырдағы шешімін және 2016 жылғы 5 қыркүйектегі Н[...] пен И[...] арасында жасалған жер учаскесін сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныған.

АПК-нің 427-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымының дұрыс айқындалмауы және анықталмауы процестік заңнаманың талаптарын бұзушылық ретінде бағаланады.

Арызданушының өтінішхатта келтірген уәждеріне сәйкес, комиссияның 2007 жылғы 8 мамырдағы № 35995 шешімі негізінде Н[...] атына кадастрлық № [...] акт берілген, бірақ ол мемлекеттік тіркеуден өтпеген.

Сайрам ауданы әкімдігінің жанындағы мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның 2007 жылғы 12 мамырдағы № 35995 шешімі негізінде кадастрлық №[...] акт берілген. Содан соң жер учаскесі Шымкент қаласының жеріне өтіп, кадастрлық № [...] құжатқа ауыстырылып, 2016 жылы И[...] сатылған.

Жауапкер сатып алған жер учаскесі комиссияның 2007 жылғы 12 мамырдағы шешімі негізінде тіркелгеніне және ол туралы 2016 жылғы 5 қыркүйектегі сатып алу-сату шартында көзделгеніне назар аударған. Яғни, И[...] сатып алған жер Н[...] комиссияның 2007 жылғы 12 мамырдағы шешімімен жария етілген. Ал, талап қоюшы бұл шешімді дауламаған, талап қоюдың нысаны тек комиссияның 2007 жылғы 8 мамырдағы шешімі болған.

Бұдан бөлек, үшінші тұлға Ш[...] өзінің жер учаскесі И[...] жер учаскесімен беттескенін көрсетіп, Қаратау аудандық сотына талап қоюмен жүгінген. Сот ұйғарымымен талап қою тоқтатылып, талап қоюшыға Шымкент қаласы әкімшілік сотына жүгіну тәртібі түсіндірілген. Кейін, Ш[...] комиссияның 2007 жылғы 8 мамырдағы шешімін заңсыз деп тануды сұрап, Шымкент қаласы әкімшілік сотына талаппен жүгінген, алайда талап қою кері қайтарылған. Жергілікті соттармен істі қарау барысында бұл мән-жайларға тиісті баға берілмеген.

АПК-нің 224-бабының 1-бөлігіне және «Сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысының 11-тармағына сәйкес, шешім істің мән-жайлары туралы болжамдарға негізделе алмайды.

Осыған орай, кассациялық сот алқасы, дауланып отырған сот актілерінің күші жойылуға, ал азаматтық іс апелляциялық сот сатысына судьялардың басқа құрамында жаңадан қарауға жіберілуге жатады деген тұжырымға келеді.

Істі жаңадан қараған кезде заңды шешім қабылдауға әсер ететін мәнжайлар толығымен анықталып, даудың барысы жан-жақты, толық, объективті түрде тексерілуі тиіс.

Апелляциялық сот сатысы істі қарау кезінде бір жылжымайтын мүлікке комиссиямен екі шешім шығару себебі, мүлікті жария ету бойынша құжаттарды сұратып, оларды зерттеу арқылы Н[...] даулы мүлікке қатысты меншік құқығының пайда болуын анықтауы қажет.

Аталған мән-жайды тиісті анықтап, оған баға берместен бұрын 2016 жылғы 5 қыркүйектегі сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы соттардың тұжырымы уақытынан бұрын жасалған болып есептеледі.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 5) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Қаратау аудандық сотының 2023 жылғы 10 мамырдағы шешімінің, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 17 тамыздағы қаулысының күші жойылсын.

Азаматтық іс Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына судьялардың басқа құрамында жаңадан қарауға жолдансын. И[...] өкілі М[...] өтінішхаты ішінара қанағаттандырылсын. Төрағалық етуші Н. Шәріпов

Төрағалық етуші

Судьялар Т. Молдахметова

А. Савинова

Көшірмесі дұрыс Судья Т. Молдахметова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.