Қ А У Л Ы
2026 жылғы 8 сәуір №6003-26-00-2к/108 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші судья А.Даненова судьялар Қ.Айтжанов, А.Токсанбаев,
прокурор Н.Молдаханов, талап қоюшы М.Умирзаков, жауапкердің өкілі А.Құсаиновтың қатысуларымен,
ашық сот отырысында Марат Сагингалиевич Умирзаковтың Жылыой ауданы әкіміне және «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне келісім-шарттарды бұзу, тұрғын үйді апатты деп тану және материалдық зиянды өндіру туралы талап қоюымен қабылданған Атырау облысы Жылыой аудандық сотының 2025 жылғы 8 сәуірдегі шешіміне және Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 шілдедегі қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
М.Умирзаков жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген.
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының 2025 жылғы 8 сәуірдегі шешімімен талап қоюшының талабы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Соттың 2025 жылғы 12 мамырдағы қосымша шешімімен талап қоюшыдан мемлекет пайдасына 384 206 теңге мамлекеттік баж өндірілген.
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 шілдедегі қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы М.Умирзаков кассациялық шағымында, соттармен дәлелдемелерге дұрыс құқықтық баға берілмегенін көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.
Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын тексеріп, келесі тұжырымға келді.
әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Жергілікті соттармен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 401-бабы 2- тармағына сәйкес тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша шарт 1) екiншi
тарап шартты едәуiр бұзған кезде; 2) осы Кодексте, басқа да заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
Тараптардың бiреуi шартты бұзып, ол екiншi тарап шарт жасасу кезiнде үмiт артуға құқылы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылып қалатындай шығынға әкеп соқса бұл шарттың едәуiр дәрежеде бұзылуы деп танылады.
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18бабының 1-тармағының 5) және 8)–тармақшаларына сәйкес жеке тұлғалардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан өздерінің денсаулығына келтірілген зиян мен мүлкіне келтірілген нұқсанды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтетуге; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан өздерінің денсаулығына келтірілген зиян мен мүлкіне келтірілген нұқсанды өтету туралы сотқа қуыным беруге құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1358 қаулысымен бекітілген Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларының (әрі қарай – Қағидалар) 2-тармағында осы Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектілеріне жатпайтын уақытша құрылыстарға, шаруашылық-тұрмыстық және өзге құрылыстарға, сондай-ақ заңсыз салынған объектілерге, бағалы киімге, сәнсалтанат заттарына не қымбат бағалы металдардан жасалған, көркемдік құндылығы бар заттарға, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде сақтандыру объектісі болып табылған, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен сақтандырушының қаражаты есебінен өтелетін мүлікке қолданылмайтыны көзделген.
Сонымен қатар, аталған Қағидалардың 3-тармағына сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (залалды) өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға көзделген жергілікті атқарушы органдардың бюджет қаражаты есебінен және (немесе) ұйымдардың қаражаты, азаматтардың, қорлар мен қоғамдық бірлестіктердің ерікті жарналары, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен зардап шеккендердің ең минималды сұранысын қанағаттандыру үшін қажетті шектерде жүзеге асырылады.
М.Умирзаков Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №39 көшесі, №70 үйдің меншік иесі болып табылады.
Жылыой ауданы әкімінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі №8 шешімімен Жылыой ауданында орын алған су тасқынына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған.
Талап қоюшының аталған тұрғын жайын су алған, бұл жай жауапкермен теріске шығарылмайды.
Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі 2024 жылғы 29 мамырда «Asia Independent Assessment» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жүргізілген шығынды бағалау қорытындысы мен «Исследовательский центр независимой оценки и экспертизы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қайта қаралған техникалық зерделеу қорытындысын жолдаған.
«Тәуелсіз бағалау және сараптау, зерттеу орталығы» ЖШС-нің техникалық қорытындысы мен оған толықтыруда аталған объектінің апат алдындағы жағдайы анықталып, тұрғын үй элементтерінің жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстарды жүргізу мүмкін екендігі көрсетіліп, іргетас пен қабырғаларды жақсарту бойынша жоба жасау, осы жобаға және қолданыстағы нормаларға сәйкес іргетасты күшейту, конструкциялардың жұмыс қабілеттігін қалпына келтіру, үйді санитарлықхимиялық өңдеу және т.б. кешенді жұмыс атқару ұсынылған.
«Asia Independent Assessment» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есебіне сәйкес талап қоюшының мекен-жайы бойынша жазғы ас үйді бұзу шығындары 5 693 825 теңгеге, апатты емес құрылыстарды күрделі жөндеуге жұмсалатын шығын 11 520 000 теңгеге, іргетас пен қабырғаларды күшейту үшін жобалау-сметалық құжаттама мен жұмыстарды жүргізу жоспарын жасау шығындары 152 600 теңгеге бағаланып, құрылымды күшейту үшін 9 600 000 теңге, өңдеуге барлығы 998 904 теңге, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 22 271 504 теңге, бірінші қажеттілікті өтейтін бүлінген жылжымалы мүлікке 574 677 теңге, басқа да бүлінген жылжымалы мүлікке 1 153 000 теңге, бүлінген барлық мүліктің нарықтық құны 29 693 006 теңгеге бағаланған.
2024 жылы 30 мамырда апатты деп танылған үй иелігін бұзғаны және бұзуға байланысты шығындардың өтемақысы ретінде 6 867 702 теңгеге №1555 келісімшарты және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын орындағаны үшін 22 825 304 теңгеге №1555/1 келісімшарты жасалып, барлығы жоғарыда көрсетілгендей 29 693 006 теңге өтемақы талап қоюшыға төленген.
Талап қоюшымен ұсынылған «ZIGMUND» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық қорытындысында оның мекен-жайы бойынша объектінің апатты жағдайда екені көрсетілген.
2025 жылғы 14 ақпандағы Атырау облысы бойынша сот сараптамалары институтының №5 қорытындысына сәйкес талап қоюшының аталған жылжымайтын мүлкінің (жер телімін есепке алмағанда) нарықтық құны 60 692 112 теңгені құрауы мүмкін деп көрсетілген.
Сот құрылыс-техникалық сараптамасының 2025 жылғы 3 ақпандағы №44 қорытындысына сәйкес талап қоюшының аталған жылжымайтын мүлкінің анықталған барлық ақаулары жер асты суларының жоғары деңгейінен болуы мүмкін; «ZIGMUND» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық қорытындысына сәйкес жер асты суларының деңгейі 50 см жерде
орналасқандығы және құрылымның апаттық жағдайда екені, бұзылуға жататыны анықталған.
Бірінші сатыдағы сот 2025 жылғы 3 ақпандағы №44 сот сараптамасының қорытындысын сарапшының талап қоюшының үйін зерделемей, «ZIGMUND» ЖШС –нің қорытындысына сілтеме жасағанына байланысты негізге алмаған.
Сонымен қатар, сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы түйінін талап қоюшының жауапкермен жасалған шартқа қол қойған кезде тиісті залал өтелгеннен кейін жауапкерге қосымша талап қоймайтындығын растағаны, өзінің барлық мүлкіне келген зиянды қалпына келтіру құны 29 693 006 теңге екеніне келіскені, тараптар арасындағы шарттарды бұзуға заңды негіз жоқтығы, жауапкермен шарт бойынша міндеттемелер орындағаны, талап қоюшының өзінің үйге жөндеу жүргізу бойынша техникалық қорытындыдағы ұсынымдарды орындамағаны туралы түйін жасаған. Сот алқасы шешімнің түйіндерімен келіскен.
Соттармен талап қою шегінде іс үшін маңызы бар мəн-жайлар ауқымы жан-жақты, толық анықталған, процестік және материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылған. Соттардың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келеді.
Кассациялық шағымда көрсетілген уәждер материалдық құқық нормалары мен іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді қайта бағалауға байланысты келтірілгендіктен, сот оларды негізсіз деп санайды. Шағымның уəждері сот актілерін күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды. Сондықтан, сот актілер күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1)-тармағын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының 2025 жылғы 8 сәуірдегі шешімі және Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 шілдедегі қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші судья А.Даненова
судьялар Қ.Айтжанов А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.