6001-23-00-3Г/1631
Қ А У Л Ы
2023 жылғы 22 мамыр Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Б.Р.Ералиева,
талап қоюшы «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) жауапкер «ҚНЖҚИ[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - Серіктестік) шартты бұзу және ақша өндіру туралы талап қоюмен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 28 қазандағы шешіміне, Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 1 ақпандағы қаулысына Серіктестіктің келтірген өтінішхатын азаматтық істі сұрату арқылы алдын ала қарап,
Басқарма жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген. Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының (бұдан әрі-МАЭС) 2022 жылғы 28 қазандағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
Тараптар арасындағы 2021 жылғы 13 тамызда жасақталған № 54 шарты бұзылып, Серіктестіктен мемлекет пайдасына 10 569 000 теңге өндірілген.
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 1 ақпандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Өтінішхатта арызданушы істі қарау барысында материалдық, процестік құқық нормаларының бұзылғанын көрсетіп, іс бойынша қабылданған жергілікті соттардың сот актілерінің күшін жойып, Басқарманың талап қою арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
АПК-нің 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілген.
Сот актілеріне қарағанда, 2021 жылғы 13 тамызда тараптар арасында жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы жобалау-сметалық құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу бойынша шарт (бұдан әрі -
Ш[...]) жасалған.
Ш[...] талаптары бойынша Серіктестік, келісім шарт қазынашылыққа тіркелген күннен бастап, 6 ай ішінде «Ақтау қаласындағы «Каспий» тұщыту зауытының ауыз су өнімділігі тәулігіне 60 мың м3 2-кезегін салу және жалпы қуаттылықты тәулігіне 100 мың м3 дейін арттыру» жобасының техникалықэкономикалық негіздемесін (бұдан әрі-ТЭН) әзірлеу жұмысын орындауға міндеттенген.
Ш[...] аумақтық қазынашылық органда 2021 жылдың 16 қарашасында тіркелген, демек жауапкер жұмысты орындап, 2022 жылдың мамыр айының аяғына дейін талап қоюшыға тапсыруға міндетті болған.
Анықталғандай, Басқарма жауапкерге бірнеше рет – 2022 жылғы 17 маусым, 12 шілде және 19 шілдеде тараптар арасында жасақталған шарт бойынша ТЭН жобасын жасақтау мерзімінің бұзылғандығы туралы айтып, хаттар жолдап, аталған жоба бойынша жұмыстарын көрсету үшін сәйкесінше 2022 жылғы 29 маусым, 19 шілде және 1 тамызда шақырту жолдаған.
Жергілікті соттармен анықталғандай, жауапкермен шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынылмаған, жұмыстар толықтай орындалмаған. Аталған мән-жай тараптар арасындағы мемлекеттік веб-портал арқылы бекітіліп, қол қойылған толықтай орындалған жұмыстар актісінің жоқтығымен дәлелденеді.
Сондай-ақ, Басқарма 2022 жылдың 19 шілдесінде жауапкерге Ш[...] бойынша көзделген жұмыстарды толықтай тапсырмаған жағдайда Ш[...] бұзатындығы туралы сотқа дейінгі хабарлама жолдаған.
Іс құжаттарынан талап қоюшымен жауапкерге ішінара орындалған жұмыстар үшін 2021 жылғы 8 желтоқсанда № 2792751/21-872 төлем тапсырмасымен 3 000 000 теңге, 2021 жылғы 14 желтоқсанда № 2792751/21-931 төлем тапсырмасымен 569 000 теңге және № 2792751/21-930 төлем тапсырмасымен 7 000 000 теңге аударылғаны анықталған.
Ш[...] 5.7. тармағына сәйкес, жұмыстарды жеткізуші тапсырыс берушіге Ш[...] талаптарына дәл жұмыстарды толық тапсырған жағдайда жұмыс орындалған болып саналады.
Соттар Басқарманың талап қоюын қанағаттандыруын жауапкердің өзіне жүктелген міндеттерді толықтай орындап тапсырмауына байланысты, шарт бұзылып, Серіктестіктен мемлекет пайдасына, оған төленген 10 569 000 теңге өндірілуге жатады деген түйінге келген.
Өтінішхатта төмендегі мән-жайлар көрсетілген:
- Серіктестік жобалау-сметалық құжаттаманы жасау үшін қажетті жобалау тапсырмасын және өзге де бастапқы деректерді уақтылы ұсыну қажеттілігі туралы Тапсырыс берушіге бірнеше рет хаттар арқылы жүгінген.
Алайда, Тапсырыс беруші жобалаушының бұл өтінішін қараусыз қалдырып, осы уақытқа дейін хаттарға жауап берілмеген. Яғни, Тапсырыс беруші тарапынан қазіргі уақытқа дейін сәулет-жоспарлау тапсырмасы (АПЗ), инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттары және басқаларын қамтитын құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдар берілмеген. Бұл жайт МАЭСтің 2023 жылғы 21 ақпанда шығарған шешімімен бекуін тапқан;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің № 750 2015 жылғы 30 қарашадағы бұйрығымен бекітілген құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту Қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) 3-бөлімінің 22-тармағына сәйкес құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу, жер учаскесіне тиісті құқық негізінде жүзеге асырылатын құрылыс жөніндегі жобаларды іске асырудың бірінші кезеңі болып табылады.
Қағидалардың 24-тармағында сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттарды және басқаларын қамтитын құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдардың тізбесі айқындалған; - Ш[...] 8.2-тармағының 3) тармақшасында ТЭН-ді әзірлеу және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстарға бастапқы деректермен жобалауға тапсырма берудегі кідіріс, жұмыстардың ұзақтығының мерзімдерін, оларды ұлғайту бөлігінде өзгертуге әкеп соғатыны тікелей көзделген.
Жобалауға арналған тапсырманы Тапсырыс беруші не оның уәкілетті тұлғасы жасайды және оны тапсырыс беруші бекітеді.
Жобалауға бекітілген тапсырма жобалау жұмыстарын орындауға арналған шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Тараптар арасында түзілген келісім-шарттың жалпы құны – 72 265 046,46 теңгені құрайды.
Қазіргі кезде жобаның ТЭН-ін әзірлеу нысаны бойынша 2021 жылдың 18 қарашасында 10 000 000 теңгеге, 22 қарашада 569 000 теңгеге жұмыстар атқарылып, тапсырыс берушімен орындалған жұмыстардың актілері бекітіліп, жұмыстар қабылданып алынған.
Яғни, бұл ретте тапсырыс берушімен 10 569 000 теңге қаражатқа орындалған жұмыстар расталған және қабылданған, мемлекеттік мекеменің бірінші басшысымен жұмыстың орындалғандығын растайтын мемлекеттік веб-портал арқылы орындалған жұмыстар актісі бекітіліп, қол қойылған.
Демек, соттың 10 569 000 теңгені мемлекет пайдасына өндіруі туралы уәжі негізсіз және заңға қайшы, сол себепті сот актілері өзгертілуге жатады.
Жоғарыдағылардың негізінде, жергілікті соттардың тұжырымы іс құжаттарымен сәйкес келмейді.
Судья, өтінішхат берушінің көрсетілген уәждері сот актілерін қайта
қарауға негіз болатынын басшылыққа алып, азаматтық істі алқа отырысында қарау үшін беру қажет деп санайды.
АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья
ҚАУЛЫ ЕТТІ :
«ҚНЖҚИ[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің М[...] облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 28 қазандағы шешімін, Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 1 ақпандағы қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына берілсін.
Қаулының көшірмесі өтінішхатты берген тұлғаға жолдансын.
Судья Б. Ералиева
Көшірмесі дұрыс: Судья
Б. Ералиева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.