ВС РК - Определение от 16.11.2020 по делу 6001-20-00-3Г/6422(2) (Гражданское)

6001-20-00-3г/6422(2)

ҰЙҒАРЫМ

2020 жылғы 16 қараша Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ш.С.Иманиязова талап қоюшы У[...] жауапкерлер С[...], С[...] Түркістан қаласының Жабағалы көшесі № 6 жер учаскесінде заңсыз салған қоршаудың іргетасы мен дуалын бұзып, құрылыс материалдарын өз есебінен алып кетуді және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалы жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Түркістан қалалық бөліміне жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін сәйкестендіру актісін қалпына келтіруді міндеттеу туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Түркістан қалалық сотының 2020 жылғы 5 маусымдағы шешіміне және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 26 тамыздағы қаулысына жауапкер С[...] келтірген өтінішхатын алдын ала қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

У[...] сотқа аталған талап арызбен жүгініп, жауапкерге қатысты өз талаптарын қанағаттандыруды сұраған.

Түркістан қалалық сотының 2020 жылғы 5 маусымдағы шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 26 тамыздағы қаулысымен сот шешімінің күші жойылып, талап қою арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданған.

С[...] және С[...] Түркістан қаласының Жабағалы көшесі № 6 жер учаскесінде заңсыз салған қоршаудың іргетасы мен дуалын бұзып, құрылыс материалдарын өз есебінен алып кету міндеттелген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалы жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Түркістан қалалық бөліміне кадастрлық № [...] жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін сәйкестендіру актісін қалпына келтіру міндеттелген.

Өтінішхатта арыз беруші істі қарау барысында материалдық құқық нормаларының бұзылуына байланысты азаматтық іс бойынша қабылданған апелляциялық сатыдағы сот актісінің күшін жоюды сұраған.

Өтінішхат уәждерін зерделеп, өтінішхат берушінің уәждерін азаматтық іспен бірге қосымша тексеру үшін, судья азаматтық істі бірінші сатыдағы соттан алдыртып, өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 438-бабын басшылыққа алып, судья

ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ :

Түркістан қалалық сотынан аталған азаматтық іс сұратып алдырылсын. Өтінішхаттың алдын ала қаралуы іс келіп түскенге дейін кейінге қалдырылсын.

Судья Ш.Иманиязова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.