6001-20-00-3г/3820(2)
ҚАУЛЫ
2020 жылғы 21 қыркүйек Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Б.Р.Ералиева,
талап қоюшы «Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ММ) жауапкерлер Алматы облысы, [...] әкімдігіне, «Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не, Алматы облысы, [...] бойынша мемлекеттік тіркеу және кадастр бөліміне, В[...], А[...], Д[...] әкімнің қаулысын заңсыз деп тану және күшін жою, жалға алу шартын заңсыз деп тану және күшін жою, жер учаскелеріне уақытша жер пайдалану құқығын беретін актілерді жарамсыз деп тану, мемлекеттік тіркеудің күшін жою туралы азаматтық іс бойынша шығарылған
Алматы облысы Іле аудандық сотының 2020 жылғы 04 наурыздағы шешіміне, Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 19 мамырдағы қаулысына жауапкер В[...] өкілі Б[...] келтірген өтінішхатын істі алдырту арқылы алдын-ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
«Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-і сотқа жоғарыда аталған талап қою арызымен жүгініп, онда жауапкерлерге жер учаскелері жер заңнамаларын өрескел бұза отырып берілген деген уәжбен құқықты куәландыратын және сәйкестендіру құжаттарын заңсыз деп тануды және олардың күшін жоюды сұраған.
Алматы облысы Іле аудандық сотының 2020 жылғы 04 наурыздағы шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылған. Іле ауданы әкімінің 2017 жылғы 23 маусымдағы №196, 2018 жылғы 25 маусымдағы №296 қаулылары заңсыз деп танылып, күші жойылған.
Алматы облысы «Іле ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ-і мен В[...] арасында Іле ауданы, Казцик ауылдық округінің жерінде орналасқан, жалпы аумағы 0,5300 гектар жер учаскесіне жеке орман өсіру үшін уақытша ұзақ мерзімге 49 жылға өтеулі жалға алу құқығына жасалған 2017 жылғы 5 шілдедегі №57317 жалға алу шарты заңсыз деп танылып, күші жойылған.
Алматы облысы «Іле ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ-і мен А[...] арасында Іле ауданы, Казцик ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық шекарасының жерінде орналасқан, жалпы аумағы 0,5000 гектар жер учаскесі, жекеше орман өсіру үшін, уақытша өтеулі ұзақ мерзімді 5 жылға жер пайдалану құқығына жасалған 2018 жылғы 06 тамыздағы №59738 жалға алу шарты заңсыз деп танылып, күші жойылған.
Алматы облысы, [...] жерінде орналасқан, жалпы аумағы 0,5300 гектар, кадастр нөмірі [...], жер учаскесіне 2017 жылғы 5 шілдедегі №482453 уақытша (ұзақ мерзімге, қысқа мерзімге) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретін акті жарамсыз деп танылған.
Алматы облысы, [...] әкімшілік-аумақтық шекарасының жерінде орналасқан, жалпы аумағы 0,5000 гектар жер учаскесі, кадастр нөмірі [...], жер учаскесіне 2018 жылғы 16 тамыздағы №514084 уақытша (ұзақ мерзімге, қысқа мерзімге) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретін акті жарамсыз деп танылған. Аталған жер учаскелерінің мемлекеттік тіркеуі жойылған.
Талап арыз қалған бөлігінде қанағаттандырусыз қалдырылған.
Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 19 мамырдағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Өтінішхатта Б[...] жоғарыда аталған сот актілерімен келіспей, сот актілерінің күшін жоюды, талап арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.
Өтінішхатта төмендегі мән-жайлар көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 48бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығына, Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 қарашадағы №547 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, В[...] жекеменшік орман шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесін сатып алу мақсатында Алматы облысы, [...] әкімдігіне өтініш жазған.
Регламентпен бекітілген мерзімде В[...] жекеменшік орман шаруашылығын жүргізу үшін 49 жыл мерзімге уақытша пайдалану үшін 0,5300 гектар жер учаскесін беру туралы әкімнің 2017 жылғы 23 маусымдағы қаулысы шығарылған.
Бұдан әрі, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, [...] селолық округының белгіленген мерзімде жер учаскесінің шекаралары анықталып, жер құрылысы жобасы бекітілген.
Уақытша жерді өтімді пайдалану құқығына акт дайындалып, 2017 жылғы 05 шілдедегі №57317 жалға беру шарты бекітілген, ол уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуден өткен.
Жер учаскесіне құқықтарды рәсімдеу мерзімінен бастап, В[...] жер учаскесін мақсатты тағайындамасы бойынша пайдалануға кіріскен. Жер учаскесін қоршаған, 800 бұтақ қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты ағаштарды отырғызу үшін 2019 жылғы күзден бастап 2022 жылғы сәуірге дейінгі кезеңге шарт бекітілген.
Осыған орай, жауапкердің өкілі Б[...] уәкілетті органның талап арызында әкімнің талаптарды бұзуға жол берген фактісін растайтын бірде бір дәлел мен құжаттамалық растама берілмеген деп санайды.
Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына сәйкес, жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау құқығы жекеше орман өсіру үшін қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.
Жер кодексінің 97-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына және шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргізу, орман өсiру, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргізу және оқыту мақсаттарында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бау-бақша шаруашылығын және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдалануға беріледі. Демек, В[...] заңда көзделген барлық рәсімдерді сақтаған және оған жер учаскесі қолданыстағы заңнамалардың талаптарына сәйкес берілген.
Іс құжаттарынан анықталғандай, 2017 жылғы 23 маусымда Іле ауданы әкімінің №196 қаулысымен В[...] Іле ауданының, КазЦИК ауылдық округінің жерінде орналасқан, жалпы аумағы 0,5300 гектар жер учаскесіне жеке орман өсіру үшін уақытша ұзақ мерзімге 49 жылға өтеулі жалға алу құқығы берілген.
Кейін, Алматы облысының «Іле ауданы жер қатынастары бөлімі» ММсі мен В[...] арасында жоғарыда көрсетілген жер учаскесін жалға алу шарты жасалған, ол 2017 жылғы 5 шілдеде №57317 санымен тіркелген. 2017 жылғы 05 шілдеде берілген №482453 уақытша (ұзақ мерзімге, қысқа мерзімге) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретін актіге сәйкес, жоғарыда көрсетілген жер учаскесі, кадастр нөмірі [...], жеке орман өркендету үшін, жердің санаты: ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы 2066 жылдың 23 маусымына дейінгі мерзімге берілген.
Жоғарыдағылардың негізінде, жергілікті соттардың тұжырымы іс құжаттарымен сәйкес келмейді.
Судья өтінішхат берушінің көрсетілген уәждері сот актілерін қайта қарауға негіз болатынын басшылыққа алып, азаматтық істі алқа отырысында қарау үшін беру қажет деп санайды.
АПК-нің 444-бабының 1-бөлігінің 1) - тармақшасын басшылыққа алып, судья
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Ж[...].В[...] өкілі А.Б[...] облысы Іле аудандық сотының 2020 жылғы 04 наурыздағы шешімін, Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 19 мамырдағы қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына қарау үшін берілсін. Қаулының көшірмесі өтінішхатты берген тұлғаға жолдансын.
Судья Көшірмесі дұрыс Судья
Б.Ералиева
Б.Ералиева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.