Қ А У Л Ы
2025 жылғы 8 қазан №6003-25-00-2к/777 Астана қаласы Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар А.А. Бакытжанова, Ч.И. Майшыбаев, талап қоюшы Г. Абдраимова, оның өкілі М. Мукажанова, жауапкердің өкілі Ә. Талғатов,
бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуларымен, ашық сот отырысында талап қоюшы Абдраймова Газизат Талгатовнаның жауапкер «Forte Bank» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Банк) берген келісім шартты заңсыз деп тану, қарызды қайтару туралы талап қоюы бойынша электрондық азаматтық істі Алматы қаласы Медеу аудандық сотының 2025 жылғы 14 ақпандағы шешіміне және Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 маусымдағы қаулысына талап қоюшының келтірген кассациялық шағымымен қарап,
А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:
2022 жылғы 27 маусымда Абдраймова Г.Т. (несие алушы) мен Банк арасында №Р-02-МІВ50744736-2022 банктік қарыз шарты (әрі қарай - Шарт) жасалып, несие алушыға 4 237 984 теңге қарыз берілген.
Талап қоюшы талап қоюында Шартты өз еркімен жасамағанын, белгісіз тұлға сеніміне кіріп, алаяқтын жолымен интернет арқылы оның атына несие рәсімдегенін, содан соң ол қаражатты өзі иемденіп алғанын, нәтижесінде өзіне 4 300 000 теңге материалдық шығын келгенін, ол туралы полиция органымен қылмыстық іс қозғалғанын, өзінің жәбірленуші болып танылғанын көрсетіп, соттан Шартты жарамсыз деп танып, жауакерден өзінің пайдасына Шарт бойынша төленген 2 400 428 теңгені өндіруді сұраған.
Апелляциялық соттың қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған, бірінші саты сотының шешімімен талап қою қанағаттандырудан бас тартылған.
Кассациялық шағымында талап қоюшы жергілікті соттардың істің мән жайын толық анықтамай, заң нормаларын қате қолданғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыруды сұраған.
Талап қоюшының және оның өкілінің кассациялық шағымды қолдайтын, жауапкердің өкілінің қарсы пікірлерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, кассациялық сот төменгі тұжырымдарға келеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі- АПК) 438 бабының 5 бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Қаралып отырған іс бойынша мұндай заң бұзушылыққа жол берілмеген.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (қарай – АК) 157 бабына сай, мәміленің нысанына, мазмұнына және мәмілеге қатысушыларға, сондай-ақ
олардың осы Кодексте немесе өзге де заңнамалық актілерде белгіленген негіздер бойынша ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған кезде мәміле жарамсыз деп танылады.
АК-тің 158 бабында мазмұны заңнама талаптарына сәйкес келмейтін мәміле, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле, егер осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, дауланатын мәміле болып табылады және сот оны жарамсыз деп тануы мүмкін делінген.
Шартты ресімдеу кезінде несие алушы Банкке нәсие бөлу туралы электрондық нұсқада арыз беріп, несиені рәсімдеу кезінде арнайы құрылғы арқылы тиісті биометриялық сәйкестендіруден өткен, жеке негізде клиенттің фото-бейне және видео-бейнежазбалары жасалған, осыдан соң талап қоюшы өзінің мобилді телефонына (+7-702-596-06-15) түскен арнайы SMS-код арқылы өзінің арызын қолдаған, яғни несие шарты заң талаптарына сай жасаған. Осыдан соң берілген несие талап қоюшының арызына сәйкес ол ұсынған тұлғаларға (Багинбаев Д. +7-705-443-67-98 және Пранов Е. +7-777-653-29-45) аударылған.
Мұндай жағдайда бірінші және екінші сатыдағы соттардың даулы шарттың талап қоюшының өз қалауымен және заң талаптары сақталып жасалғаны жөніндегі тұжырымы орынды, сондықтан даулы шартты жарамсыз деп тануға негіз жоқ болған.
Талап қоюшының қылмыстық іс бойынша өзінің жәбірленуші ретінде танылғаны жөніндегі уәждері Банкпен жасалған шартты жарамсыз ете алмайды, себебі Банк қызметкерлерінің кінәсі дәлелденбеген, ал үшінші тұлғаның әрекетіне Банк жауапты болмайды.
Кассациялық шағымда келтірілген уәждерге бірінші және апелляциялық сатыдағы соттармен дұрыс баға берілген, тиісті заң нормалары дұрыс қолданылған, сот актілері заңды әрі негізді, олардың күшін жоюға немесе өзгертуге негіздер жоқ.
АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының 2025 жылғы 14 ақпандағы шешімі және Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 маусымдағы қаулысы өзгеріссіз, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші судья
Ғ.Бастаубаев
Судьялар
А.Бакытжанова
Ч.Майшыбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.